Бердібек Сапарбаев заңсыз мұнай мен газ айналымы үшін жазаны күшейтуді ұсынды

7085

Ұсынысты Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өткен «Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы мәселелері» аймақаралық форумында айтты

Форум жұмысына ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин, ҚР бас көлік прокуроры Марат Әлиханов, ҚР бас әскери прокурорының орынбасары, Президент әкімшілігінің, ҰҚК, ІІМ, Ұлттық бюро, ҚР шекара қызметінің, салалық министрліктердің  өкілдері, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және басқа да облыстардың әкімдері мен прокурорлары қатысады.

Форумды ашқан Бердібек Сапарбаев мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы - Ақтөбе облысымен қатар, жалпы Қазақстан үшін де өзекті мәселе екенін атап өтті.

- Бұл ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесі болып табылады. Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының ақыры баршаға аян, ол – бюджет кірісін жоғалту, ақша қаражатының елден кетуі, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, инвестициялық жағдайдың нашарлауы. Осының бәрі мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуына қауіп төндіреді, -деп атап өтті өңір басшысы.

Ақтөбе облысында қазіргі таңда көмірсутек шикізатының 29 жер қойнауын пайдаланушылары жемісті жұмыс жасап жатыр. Биыл 5,9 млн. тонна мұнай, 6,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жақын арадағы бес жылдакәсіпорындар  мұнай-газ саласын жаңғыртуға кем дегенде  60 млрд теңге салатын болады. тек осы жылдың өзінде  19 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмек.

Мұнай өнімдерін ұрлау және заңсыз сату көбінесе ұңғыларды сақтамау салдарынан және еншілес фирмалар арасында жасасқан келісімшарттар негізінде мұнай құбырларына заңсыз түсіп кету арқылы мұнай-газ компанияларының, қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлерімен келіссөздер кезінде кездесетіні айтылды.

Мәселен, 2014-2016 жылдары «СНПС» АҚ-ның «Кеңқияқ» кен орнында ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен 8 мың тонна мұнай ұрланған, бұл іске қатысы бар тұлғалар ұсталып, жазаланды.

Бүгінде Ақтөбе облысының ІІД мұнай ұрлығы мен оны заңсыз сатуға қатысты 17 қылмыстық істі тексеруде.

- Көлеңкелі айналым – жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыру көзі болып табылады,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев көмірсутегі шикізатымен заңсыз операцияларға қарсы тұру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, көмірсутегінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту, мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны тексеру үшін республикалық жұмыс тобын құру,  еліміздің барлық кен орындарында өндірілетін мұнайдың химиялық құрамы бойынша орталықтандырылған деректер банкін құру сынды ұрлық көзін анықтауды айтарлықтай  жеңілдететін бастамалар айтылды.

Бұдан өзге, сұйылтылған мұнай газын бөлшектеп сатушыларға деректерді қызығушылық танытқан мемлекеттік органдарға автоматты түрде беру мүмкіндігі бар газ көлемін есептеу құрылғысын қондыруды міндеттеу, жол патрульдік қызметтерін, көлік және шекараны бақылау қызметтерін мұнай өнімдеріне ілеспе құжаттың жарамдылығын тексеру, сонымен қатар, кедендік органдарға сұйылтылған газды ел сыртына экспорттау кезінде шығу тегін растайтын құжаттарды ұсынуын талап ету құқығын беретін ҚР Кедендік кодексіне өзгертулер енгізу мақсатында ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер базасына рұқсаты бар мобильді қосымшаларымен қамтамасыз ету ұсынылады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить