Экономикадағы мемлекеттің үлесін қалай қысқартамыз

Аталған мәселе Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері көтерген мәселелердің қатарына жатады

Рустам Журсiнов
ФОТО: Атамекен
Рустам Журсiнов

ҰҚСК-нің кезекті отырысында әсіресе ірі қалаларда мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындардың рұқсат етілген жарғылық қызмет түрлерін қысқарта түсу қажет деп ұйғарылды.

Атап айтқанда, үкімет квазимемлекеттік сектордың субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің жаңа тізбесін қарастыратын қаулының жобасын әзірлеп қойды. Ұсыныстардың қатарында жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерде квазимемлекеттік сектордың қызмет түрлерін шектеу, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен басқарушы холдингтердің еншілес, тәуелді заңды тұлғалары жүзеге асыратын кейбір қызмет түрлерін қысқарту жайы да айтылып отыр.

Айта кетерлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда 5,6 мың мемлекеттік кәсіпорын, АҚ, ЖШС коммуналдық меншікте тұр, олардың 85%-і әлеуметтік салаға тиесілі.

«800-ден астам субъекті, немесе 15%-і әлеуметтік емес кәсіпкерлікпен (ТКШ, БАҚ, көлік, ветстанция және басқалар) шұғылданады. Өткен жылы ҰКП мемлекеттік органдармен бірлесе отырып мемлекеттің кәсіпкерлік қызметтегі үлесін қысқарту және мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру бойынша көп жұмыс атқарды», – деп жазды бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов.

Оның келтірген мәліметтеріне сүйенсек, монополияға қарсы органмен бірлесіп тауар нарықтарына жүргізілген 132 талдаманың негізінде мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі 347-ден 240-қа (30,8%) қысқарды. Сонымен қатар жекелешендірілетін нысандардың тізбесін өзектілендірудің қорытындысы бойынша ҰЭМ бірлесе отырып республикалық меншіктегі 35 нысанды жекеге беру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Аталған ұсыныстарды қазіргі таңда үкімет қарап жатыр.

ҰКП өкілдерінің пікірінше, 2020 жылы жұмыс топтары аясында рұқсат етілген қызмет түрлерін түгендеу, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру бойынша дәл осындай жұмыстарды аймақтарда жүргізу қажет.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқына қыркүйекте жолданған жолдауда шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша айналым капиталын несиелеудің көлемін 800 млрд теңгеге жеткізе отырып қосымша 200 млрд теңге бөлініп отырғанын атап өтті.

«Бұл бізге іскерлік белсенділікті сақтап қалу үшін қажетті шаралар болып табылады. Nur Otan партиясының саяси тұғырнамасы шағын және орта бизнес секторын экономиканың қозғаушы күші және орта таптың негізі ретінде көреді. Сайлауалды бағдарламасына сәйкес, ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 35%-ке артып, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар 4 млн адамға жуықтайтын болады», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар аталған бағдарламада мемлекеттің экономикаға қатысуы 14%-ке қысқаратыны айтылған, әрі ол ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келеді. Бұл нарықта бәсекелестікті арттыратын бизнестің өсімі үшін жаңа серпін болмақ, атады «Атамекен» басшысы.

Айта кетейік, 2020 жылдың шілдесінде кәсіпкерлік қызметте мемлекеттің қатысуын қысқару және жеке секторды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мораторий енгізу туралы жарлық шығарды.

Атап айтқанда, тек: 1) әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2) қайта құрылымдау (қосу немесе қайта құру) арқылы жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды оңтайландыру аясында құрылатын заңды тұлғалар; 3) жарғылық капиталында елу және одан кем дауыс беруші акциясы (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестік); 4) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалардан өзге квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізді.

Жалпы алғанда, сарапшылардың пікірінше, экономикада мемлекет үлесінің басым болуы бірқатар салдар әкеледі. Олардың қатарында бос шығындардың өсіміне әкеп соғатын сыртқы экономикалық қызметтерді орындау; банкроттық және дұшпандықпен басып алудың өте төмен ықтималдығы жоғарытәуекелді қаржылай және инвестициялық саясат жүргізуге жол бергізеді. Тағы бір кемшілігі сол, бюджеттің көмегіне сүйенген жағдайда қарызды экономикадағы шектен тым жоғары өсіріп жіберуі ықтимал. Бұл алдағы уақытта квазимемлекеттік сектор нысандарының қарызын арттырып, сәйкесінше бюджетке салмақ та түсіруі мүмкін.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4051 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
23 сентября родились
Асылбек Карибаев
советник генерального директора – член правления ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
Мурат Бекмагамбетов
заместитель председателя правления АО «Казахстанский центр индустрии и экспорта QazIndustry»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить