Экономика ертеңіне көз салсақ...

6168

2022 жыл қалай басталды? Қоғамдағы ауытқулар, саяси өмірдегі сергелдең экономикалық кеңістікке, қаржы нарығына өз ықпа- лын жасайды

ФОТО: pixabay.com

30 жылда қалыптасқан саяси тұрақтылығымызға да нұқсан келді. Ештеңе өзгермейтініне еті үйренген сырт көздің стереотипі сынды. Бұл – экономика беріктігіне кепіл инвестор- ларға басты сигнал. Мұндайда сыртқы инвестор капиталын ала қашуға дайын болса, ішкі инвестор қаржысын қауіпсіз ішкі ресурстарға ауыстыруға, реті келсе – шетел асыруға оқталады. Сол күндері Ресей банктеріне өздерінің есепшоттарын ауыстырып, қаржыларын сеніп тапсырған жеке тұлғаларды да, кәсіпкерлерді де байқадық. Мұның барлығы – капитал сақтау мақсатындағы қауіпсіздік шаралары.

Ал 24 ақпанда не болды? Барлық геосаяси тәуекелдер жүзеге асып, ең жаман сценарийлердің өрбуін көрдік. Бір жарым айдан кейін болған форс-мажор мүлдем күтпеген келеңсіздіктерді әкелді.

Нағыз VUCA (Volatility, Uncertainty, Complexity and Ambiguity) әлемі орын алды. Қазақша – құбылмалылық, анықсыздық, күрделілік, түсініксіздік.

Әрине, қандай сәтте де болашаққа бағдар жасау, жоспар құру, сол жоспарларды жүзеге асыру, нақты қимылға кірісуді ұмытпау қажет. Әлемдегі дағдарыстар тарихына үңілсек, ортақ сипаттары бар. Демек, әр нәрсенің басталуы мен аяқталуы, шарықтау шегі һәм бәсеңдеу сәті бар. Қазір ақпаратқа басымдық беріп, сарапшылар кеңесіне құлақ асамыз. Дөп түсетін экономикалық, қаржылай болжам әркімге қажет. Жеке тұлға, кәсіпкер, банкир болсын, өзінің ертеңгі күніне жоспар жасаған сәтте ориентирлерге сүйенгісі келеді. Пайымның тіпті 20%-ы орындалып жатса да, нұр үстіне нұр.

Мұнай, төл теңгеміз, ұлттық экономикамыз, жалпы ішкі өндіріс, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі қай мөлшерде болады? Қазіргі таңдағы ушығып тұрған қарулы қақтығыстар қашан аяқталады? Міне, қазір осы сұрақтарға жауап болса, ол – кез келген адамға қадамын анықтауға көмек.

Ресей мен Украина қақтығысы ұзаққа бармайтын шығар деп болжамдаған едік, дегенмен әлі жалғасын табуда. Дегенмен де енді екі айдан артық бармайтын сипаты бар. Яғни, жаздың басына дейін бір бейбіт келісімге келсе, көптеген заттар орнына келе бастайды.

Еліміздің қаржы нарығын өзгерістер күтіп тұр. Санкция- лық жағдайда үш ресейлік банк нарықтан кетеді, олардың үлесі 15% болатын. Бос орын жаңа ойыншылармен алмасады немесе ескі ойыншылар арасында үлестіріледі. Жаңарған Қазақстан кеңістігінде еліміздің кейбір ескі банктерінің акционерлері өздерін қалай сезінетіні әлі толық түсініксіз. Бұрынғыдай банктердің проблемасын мемлекет қаражаты арқылы шешу болмайтын шығар деп сенеміз. Шынайы бәсекелес- тік орын алар еді. Ендеше қаржы нарығында жаңару күтеміз.

Мұнай бағасы жарты жылдықта осы бағаның төңірегінде қалуы керек. Себебі қазіргі жүріп жатқан санкциялар әлемдегі күнделікті мұнай ұсыну көлеміне өзгерістер енгізді. Сұраныс пен ұсыныс балансы орнағанша бағаны жоғары ұстауға көмектеседі. Бұл – біздің мемлекет үшін қолайлы уақыт.

Теңгеміз жыл басынан қиын сәттерді өтті. Жоғары мұнай бағасы теңге үшін қолайлы. Бірақ бәрібір Ұлттық банк қолдауы бар екені сезілуде. Күрделі геосаяси сәттер мен катаклизмдер орын алмаса, АҚШ долларының бағамы жыл аяғында 480 шамасында болуы керек.

Вашингтонда өткен қаржыгерлер сессиясындағы болжамдарға сүйенсек, Ресейден басқа мемлекеттерде ЖІӨ-нің өсуі қарастырылуда. Жалпы, әлем жылына 3,6% экономикалық өсім көрсетеді дейді.

Ресейдің экономикалық регрес- те болуының әсері бізге де тиеді. Ол жақтағы жұмыссыздық рейтингі ТМД-ның басқа елдеріне де ықпал етеді. Дегенмен, бұл сәтті де қолайлы қолдана алып, өз мемлекетіміздің пайдасына жаратып, экономикалық өсімге шығу – өз қолымызда, яғни үкімет, қаржыгерлер, кәсіпкерлер бұл бағытта біліктілік пен әккілігін көрсете білуі қажет.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить