Талантты ауыл жастарын іздейміз

8685

Ауыл мектептерінде «мықты» мұғалімдер тапшы, қосымша білім беретін орталықтардың барлығы қалада болғандықтан білім деңгейі әлі де төмен деген жанайқай басым

«Біздің ауылда небәрі 150 бала оқып жатыр. Оқушылар санының аз болуы себебінен 10-11 сыныптар жабылып қалды. Содан көбіміз колледжге түстік. Назарбаев, КАЗГЮУ, КИМЕП сынды үздік Университеттерге түсуге мүмкіндігіміз жоқ. Шет елге шығып білім алу жайында армандап та көрмеппіз. Бірақ, ауылымызда талантты оқушылар жетерлік» дейді Қарағанды қаласынан жырақта орналасқан Абыз ауылының оқушысы Еркежан Әлімжанқызы.

"Ауыл түлектерінің басым көпшілігі ҰБТ тапсырудан қорқып, колледждерге барады, жоғары білім алмай, тіпті ауылда қалып қояды. Мемлекеттік бағдарламалар қолдау көрсетіп отырса да, жақсы ЖОО-на түсу мүмкіндігі төмен. Мемлекеттік гранттар бөлініп жатыр, бірақ еліміз бойынша ауыл түлектерінің ҚР үздік ЖОО-дарына грантқа түсу үлесі небәрі 1,5%", — дейді кәсіпкер Айдын Рақымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айдын Рақымбаев
Фото: Сергей Астрелин
Айдын Рақымбаев

Осы орайда еліміздің бірқатар ірі кәсіпкерлері бірігіп «IQanat» бағдарламасын жүзеге асыруда. «IQanat» - ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламасы. Ауыл жастарының сапалы білім алуына жол ашатын жобаның мақсаты – қарапайым ауыл баласының интеллектуалды ортасын қалыптастыру. Қазақстанның және шетелдің үздік жоғары оқу орындарына қала оқушыларымен тең дәрежеде түсуіне мүмкіндік беру.

HRCI, FIBAА, ACCA, CIMA сынды өте беделді халықаралық аккредитациялардан өткен КАЗГЮУ Университеті мен "IQanat" Қоғамдық Қоры арасында серіктестік туралы меморандумға жақында қол қойылды. Университет шалғайдағы ауыл жастарының білім алуына грант бөліп жобаға қолдау көрсететін болды.

Грант иегерлерін олимпиада негізінде іріктеу мамыр айында басталып кетті. Алғашқы пилоттық жоба Шығыс Қазақстанның жырақтағы Тарбағатай , Көкпекті ауылдары мен Зайсан, Қатонқарағай, Үржар, Күршім аудандарында өткізілді. Ал іріктеуден өткен 180 оқушы финалда Астана қаласындағы ең үздік ЖОО-ының гранттарына таласатын болады.

«Сол ауылдың талантты, білімді жастарынан бөлек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және грант бөліп отырмыз. Олар да қатарластарынан қалмай беделді Университеттерде оқысын» дейді ENDOWMENT Корпоративті қорының директоры Жанна Байсейітова.

Болашақта "IQanat" жобасы бойынша 14 облыстағы 153 ауданның әрқайсысы меценаттар мен жанашыр топқа бекітіліп, бағдарламаның форматы кеңейтіледі деп жоспарлануа. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить