Орталық Азиядағы сапалы білімге қол жеткізу теңсіздігі кесірінен балалар «кедейлік қақпанына» түседі – зерттеу

7674

Тәжікстанда бастауыш мектеп бітіргеннен кейін оқушылардың саны 2-3% азаяды

ФОТО: pixabay.com

Қазақстанда арнайы интеллектуал мектептердегі бір оқушыға кететін шығын кәдімгі мектептегіден 6 есе көп. Қырғызстан оқушылары PISA-ға қатысушы елдер арасында сауат деңгейі бойынша екі рет соңғы орында тұрды. Тәжікстанда бастауыш мектеп бітіргеннен кейін оқушылардың саны 2-3% азаяды. Өзбекстанда әр алтыншы мектеп қана цифрлық білім беру платформасына қосылған.

ФОТО: MediaNet

Бұл – Орталық Азия мемлекеттеріндегі сапалы орта білімге тең емес қол жеткізу тереңдігін көрсететін бірер факт қана. COVID-19 пандемиясы және соның салдарынан қашықтан білім беруге ауысу теңсіздікті күшейтті. Бұл тұрғыда кедей немесе ауылды жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді баса айтқан жөн.

Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша дүниежүзінде соңғы он елдің қатарына кіреді. Тіркелген кең жолақты байланыс жылдамдығы бойынша республика аймақтағы барлық көршісінен (Түркіменстаннан басқа) алда тұр.

ФОТО: MediaNet

Тәжікстан онлайн режимде оқытуға ауыса алмай, 4 айға жуық білім беру процесін тоқтатты. Мұндай шешім байланыстың қол жетімсіздігіне, қымбат екеніне және сапасының төмендігіне байланысты болды.

Қырғызстандағы мұғалімдердің үштен екісі өткен көктемде онлайн білім беруге көшуге дайын болмады. Мұғалімдер ұялы телефонды өзі сатып алуға және байланыс ақысын өз бетінше төлеуге тура келгенін айтты.

ФОТО: MediaNet

Қазақстан оқушыларының шамамен 10%-інде дербес компьютер жоқ. Алғаш рет Қазақстанға көрсетілген гуманитар көмекке медицина қорғаныс құралдары ғана емес, оқушыларға арналған ноутбуктер де кірді.

Оған қоса, республикалардың әрқайсында – үкімет те, қоғам да – пандемия басталғаннан бастап білім берудегі теңсіздікті жоюға күш салды.

ФОТО: MediaNet

Осылайша, Қырғызстанның ұлттық байланыс операторы оқытушылар мен студенттерге арнайы жеңілдік тарифін ұсынды. Өзбекстанда краудфандинг және Еуропалық даму банкі қаражаты арқылы білім берудің онлайн-платформасы іске қосылды. Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған 6 мыңнан астам телевизиялық сабақ жазылып, республикалық арналарда көрсетілді. Тәжікстанда Білім министрлігі электрон курстар мен қатқыл дискілердегі материалдарды мектептерге таратып жатыр.

Дүниежүзілік банк зерттеуі бойынша, білім берудегі теңсіздік деңгейі жоғары елдер кедейлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға бейім («кедейлік қақпаны»). Халықаралық институт бағалауы бойынша, 2020 жылдан бастап 20 жылдан астам уақыт ішіндегі алғаш рет аса үлкен кедейлік артпақ.

Қазіргі жағдай себептеріне назар аударуға және қолайлы шешімдер ұсынуға бағытталған «Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы жасалды. Оны Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен PaperLab ҚҚ қамқорлығымен төрт ел зерттеушілері жүзеге асырып жатыр. Еңбек мазмұны авторлар көзқарасын білдіреді және қор көзқарасымен сәйкес келуі міндетті емес. Жобаның медиа серіктесі – MediaNet халықаралық журналистика орталығы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить