Колледж студенттері жұмысқа тұруға мүдделі

Отандық колледждерді бітірген әрбір он түлектің ішінде алтауы жұмысқа тұрса, біреуі жоғары білім алғысы келеді

ФОТО: © Depositphotos/anekoho

2021–2022 оқу жылы бойынша қазақстандық колледждерге қатысты зерттеу қорытындысын жария еткен Ranking.kz осындай тұжырым жасап отыр.

2021–2022 оқу жылының басында Қазақстанда 724 колледж жұмыс істесе, оның 719-ы түскі бөлім, 14-і кешкі бөлім форматында білім беріп, 287-і сырттай оқытуға негізделген. Сол сияқты, республика бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (арнайы орта білім беретін) 38 бөлімшесі жұмыс істеуде.

Отандық колледж студенттерінің саны бір жылда 493,3 мың адамға дейін ұлғайған (3,5%-ға). Аймақтық тұрғыда алғанда, студенттердің басым бөлігі Алматы колледждерінде оқиды. Колледж студенттерінің саны бойынша «алғашқы үштікке» Алматымен қатар, Шымкент қаласы және Қарағанды облысы кіреді. Колледж оқушылыраның ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген.

Биылғы оқу жылында отандық колледждерге 176,7 мың студент қабылданған.

Қазақстан Республикасы колледждеріндегі ерекше санаттағы студенттер қатарында ауылдық жерлерден 106,1 мың бала, жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған 6,1 мың бала білім алады. Сол сияқты, бала кезінен мүгедек деп танылған 2,8 мың оқушы, 18 жастан асқан І және ІІ топтағы мүгедектер қатарындағы 1,2 мың оқушы колледж студенті атанған. Ерекше санатта, сонымен қатар, ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтынан 806 студент және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлерімен, соғыс мүгедектерімен теңестірілген 26 студент бар.

2021–2022 оқу жылында Қазақстан колледждерінен 35,2 мың студент оқуын аяқтамай, шығып кеткен, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,2% жоғары көрсеткіш. Әсіресе, Алматы колледждерінен шығып кеткендердің саны басым – 7,2 мың адам (бір жылда +32,7%). Одан кейін Қарағанды облысы мен Шымкент қаласы тұр.

Биыл отандық колледждерді 139,3 мың түлек аяқтап шығады деп күтілуде (өткен жылмен салыстырғанда: -4,1%).

2021–2022  оқу жылында мемлекеттік емтихан тапсыруға және диплом қорғауға 146,5 студент жіберілген: алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,3% жоғары көрсеткіш. Бұл тұрғыда алматылық колледждердің студенттері алдыңғы қатарда – 21,1 мың бала. Екінші орында – Шымкент колледждерінің 12,3 мың студенті, ал үшінші орында – Түркістан облысының 11,8 мың студенті тұр.

Колледж бітірушілер саны бір жылда бар болғаны 0,2%-ға, яғни 146,3 мың адамға дейін артқан. Оның ішінде 17,7 мың студент колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуды әрі қарай жалғастырса, 92,7 мың түлек жұмысқа орналастырылған.

Колледж түлектерінің ішінде 12,3 бала үздік диплом, 75,5 мың бала жалпы орта білімі туралы диплом иегері атанса, 97,1 мың бала арнайы санаттағы маман деп танылған немесе біліктілік дәрежесін алған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
15824 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторах:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить