Cұраныс жоғары

7490

2020 жылы Қазақстан білім беруге кететін шығыны 34,7%-ға көбейтті

ФОТО: баспасөз қызметі мұрағатынан

БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы 2020 жылдағы әлемдік білім беру индексіне байланысты жаңа рейтингіні жариялады. Ол – әлеуметтік дамудағы негізгі көрсеткіштердің бірі. 2014 жылдағы зерттеумен салыстырғанда 0,83 деген көрсеткішпен Қазақстан 189 елдің арасында 35-орынға жайғасты. Индекс елдің жетістігін елдегі ересек адамдардың сауаты, білім алушылар саны, бастауыш, орта және жоғары білім алғандар үлесін ескереді. Әдетте дамыған елдерде ең төменгі көрсеткіш 0,8 болуы керек, бірақ олардың көпшілігі 0,9 немесе одан да жоғары деген деңгейде.

Өз кезегінде 2020 жылдың шілдесінде Дүниежүзілік банк білім беруге кететін шығын жөнінен әлем елдерінің рейтингін жариялады. Ол тізім 2018 жылдағы ЖІӨ-нен мемлекеттік және жекеменшік білім беру салаларының алатын үлесіне байланысты құрылған. Бұл рейтингте Қазақстан 2,8% көрсеткішпен 217 елдің арасында 157-орынға жайғасты. 2010–2012 жылдар аралығында болған дәл осындай зерттеуде Қазақстан 153 елдің арасында 125-орында болған еді. Мұнда ескеретін нәрсе, тізімде баяу дамушы елдердің жоғары позицияда болуы қайырымдылық ұйымдары мен халықаралық институттар қаржыландыратын жаппай сауатсыздықты жою бағдарламаларымен байланысты. Мәселен, екінші және үшінші орын алатын Куба және Микронезия (тиісінше 12,8% және 12,5%) БҰҰ-ның рейтингінде 49 және 125-орындарда тұр.

Халқының білім беру деңгейі жоғары елдер әлі де бұл салаға көбірек қаржы бөлуін жалғастырып жатыр. Мәселен, білім беру индексі бойынша бірінші орындағы Германияның осы салаға бөлетін қаржы көлемі ЖІӨ-нің 4,8%-ын құрайды. Оның ізінде тұрған Норвегия мен Ұлыбритания ЖІӨ-нен 8% және 5,5% үлес бөледі.

Посткеңестік елдер арасында ЖІӨ-нен білім саласына Қырғызстан 6% (халықтың білім деңгейі жөнінен 70-орында), Украина 5,4% (47-орында), Өзбекстан 5,3% (71), Беларусь 4,8% (32-орында), Ресей 3,7% (39-орында) көлемінде қаржы бөледі. 2020 жылы Қазақстан мемлекеттік бюджеттен рекордты 3,14 трлн теңге бөлді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,7%-ға артық. Forbes Kazakhstan-ның есептеуінше, бұл ЖІӨ-нің 4,65%-ы. 2019 жылы көрсеткіш 3,63%-ға, 2018 жылы 3,15%-ға тең болған еді.

Ал мемлекеттік жоғары және жоғары білімнен кейінгі шығындары қандай? Олар 20,3%, яғни 238,9 млрд теңгеден 287,28 млрд теңгеге дейін артқан. Олардың ЖІӨ-дегі үлесі 0,37%-дан 0,43%-ға дейін, ал бюджеттегі үлесі 1,99-дан 2,02%-ға дейін көбейген. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2020–2021 оқу жылдары мемлекеттік бюджет елдегі 63 591 орынды, оның ішінде бакалаврдағы 51 056, магистратурадағы 10647 және PhD докторантурадағы 1888 орынды қаржыландырылған.

Жоғары оқу орнындағы білім беру құны да жоғарылады. Осыған дейінгі жылдардағыдай Назарбаев Университетіндегі бакалавр дайындығына орта есеппен 7,29 млн теңге бөлінген, бұл оған дейінгі жылдармен салыстырғанда 6,66 млн теңге немесе 9,5%-ға артық. Ұлттық университеттерде мұндай көрсеткіш 928 мың теңгеге тең, оған дейінгі көрсеткіш 635,8 мың теңгені құраған. Astana IT University-де, Халықаралық ақпараттық технологиялар унииверситеті және Қазақ-британ техникалық университетінде тиісінше 868 мың, 903 мың теңге және 936 мың теңгені құрайды. Басқа ЖОО-да орта қаржы көлемі 842 мың теңге (былтырғы 482,5 мың теңгемен салыстырғанда).

Мемлекеттік тапсырыс – университеттердің негізгі табыс көзі. Forbes Kazakhstan олардың бакалаврға дайындығын шамамен есептеп, грант алушы ең ірі он бес ЖОО-ны анықтады. Жалпы алғанда, олар 33,3 млрд теңге қаржы алған. Ол 74 ЖОО арасында бөлінген жалпы соманың 65,7%-ын құрайды.

Осы жылы тізімде өзгерістер болды. Оған ұлттық университеттерде шектік баллдың өзгеруі де әсер етті. Көшбасшы болып 13 млрд теңге алған Назарбаев Университеті қала береді. Екінші орынға Гумилев атындағы ЕҰУ көтерілді, оған тиесілі қаржы 2,7 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға артқан. Үшінші орында – 2,1 млрд теңге алған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.

Бұл тізімде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ позициясын жоғалтып, 1,39 млрд теңге алды. Өткен жылмен салыстырғанда 65%-ға аз. Топ тізімге ең бірінші рет 954 млн теңге алған Astana IT University және 910 млн теңге алған Алматы технологиялық университеті келді.

Тізімнен шыққандар қатарында Қазақ ұлттық аграрлық университеті (былтыр 10-орында болған) және Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (былтыр 15-орында болған) бар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить