Америкада білім алғысы келетін қазақстандықтар саны артып келеді

Олар қандай оқу ордаларын таңдайды, оқу жүйесінің ерекшелігі неде?

Фото: личный архив

Алматы-Вашингтон-Нью-Йорк-Орландо-Гейнсвилл. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі 2019 жылдың  наурызы мен  сәуір айыларында журналистер үшін кезекті пресс-тур өткізді. Екі аптаға жалғасқан шараны Вашингтон және  Нью-Йорктің халықаралық баспасөз орталықтары ұйымдастырды.  Сапарға жалпы  әлемнің әр  түкпіріндегі жетекші ақпарат құралдарынан  20 журналист қатысты.   Турдың мақсаты қандай? Америкаға оқуға аттанған қазақстандықтардың саны неге артып отыр? Олар қайда білім алады? Бұл жайында Forbes.kz сайтына турдан оралған журналист, «Болашақ» бағдарламасы, Ұлыбританиядағы халықаралық журналистиканың  түлегі  Мақпал Сержанқызы айтып береді.

Мақпал Сержанқызы
Фото: личный архив
Мақпал Сержанқызы

Спикердің айтуынша пресс-турдың негізгі мақсаты – АҚШ білім жүйесімен танысу. Оның ішінде университеттер мен колледжердің жұмысын көріп, қазақстандық студенттер жайлы да мағлұматтар  біліп қайттық. Елдегі кәсіптік-техникалық колледжердің қарқынды дамуының куәгері болдық.  

- Мен Америкаға алғаш барып отырмын.  Әуежайдан түскен сәтте  дамыған мемлекетке келгеніңді бірден сезінеді екенсің. Өзім білім алған Ұлыбританияға ұқсастықтары болса да, мұндағы өмір маған басқа болып көрінді. Осы турға  менен басқа Румыния, Жапония, Алжир, Вьетнам, Иордания және тағы басқа елдерден келген білікті де білімді мамандар қатысты. АҚШ Баспасөз орталықтары барлығын өте жоғары деңгейде ұйымдастырған, - дейді Мақпал.

- Оның айтуынша Америкадағы кәсіптік-техникалық колледждерің өз ерекшеліктері  бар.  Онда ең алдымен кәсіптік-техникалық білім беру  қолжетімді бағада ұсынылады. Елде 1100-ден астам кәсіптік-техникалық колледж бар екен. Community колледждері талапкерлерге екі жылдық бағдарлама ұсынады. Ал, түлектеріне кез келген университеттің үшінші курстан бастап білімін шыңдауға мүмкіндік берілген. Оқу құны жылына $6 мың мен $9 мың аралығында. Ал бұл университтеттің бір жылдық ақысынан екі есе арзан. Алайда. оқытушылар құрамының білім мен біліктілігі жоғары оқу орындарынан еш кем түспейді.

- Негізі тур бойынша біз Вашингтонға және Флорида штатындағы Орландо мен Гейнсвилл қалаларына бардық. Ел астанасында Дордж Мэйсон университеті, Галлодет университеті, NOVA Community колледжіне бардық. Ал Орландода негізі Орталық Флорида Университетінің, Валенсия колледжінің және Гейнсвиллде Санта Фэ колледжерінің жұмысымен таныстық. Қосымша Флоридадағы NASA ғарыш кемелер орналасқан - Кеннеди атындағы Ғарыш орталығына және басқа да қалаларға бардық-деді Сержанқызы.  

Қатысушылар  колледж басқарма өкілдерімен және онда оқитын студенттерімен  кездескен.  Солардың бірі Santa Fe колледжі президентінің орынбасары Эдвард Бонахей. Оның  айтуынша Америкадағы community колледжері адамдардың тұрмыстық деңгейіне немесе жас шамасына қарамастан, білім алу мүмкіндігін жеңілдетіп, әрі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл да демократияның бір көрінісі екен және оның бәрі өз кезегінде жұмыссыздықты, кедейшілікті жоюға көмектеседі. Ал ондай кәсіптік-техникалық колледжерде тек жергілікті емес, шет елдерден барған студенттер көптеп оқиды.

Эдвард Бонахей
Фото: личный архив
Эдвард Бонахей

- Әзірге шетелдік студенттердің дені community колледждер туралы біле бермейді. Дегенмен, былтыр 95 мыңға жуық шетелдік студент осы оқу орындарын тәмәмдап шыққан. Қазір бізде де шетелде оқу трендке айналды. Батыста білім алуға асыққандар көбейіп келеді. Бұған түрлі жағдайлар себеп.  Қазақстандықтардың көбі Ресей, Қырғызстан,  Түркия,  Ұлыбритания мен Чехияға көп баратын болса, соңғы кездері Америкаға аттанып жатқандардың саны күрт өскен, - дейді журналист.

Қазіргі кезде Америкада білім алатын Қазақстан азаматтары көбейген. Америка Құрама Штаттарының иммиграциялық және кедендік қызметінің келтірген мәліметтері бойынша 2019 жылдың наурыз айында АҚШ-та оқып жүрген қазақстандықтар саны – 2528 студентке жеткен.  Олардың ең көбі Калифорнияда, онда 527 студент білім алады, ал Нью-Йоркте 476,  Массачусетсте 261, Техаста 178 және Флоридада 147 қазақстандық студент оқиды.  Студенттердің 30% жоғарғы оқу орындарында бакалавр дәрежесінде, 23% магистратурада және 8% доктарантурада оқып жүр. Ал 16% тілдік курстарда, 11% орта кәсіптік-техникалық колледждерде дәріс алады. Джордж Мэйсон университетенің студенті Камила Мұқұшова жас баланың даму кезеңдері бойынша  білім алып жүр  екен.

Менің университетім АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Оқуға түсу үшін мен IELTS тестін тапсырып, уәждемелік хат жаздым. Одан бөлек те құжаттар тапсырдым. АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарына түскен студенттердің көбі бірінші тоқсанда қиналады. Мұндағы өмірге үйренгенше бірнеше ай керек. Сосын ақырындап  бейімделесің. Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, барлығы жоғары деңгейде. Әрине, білім беру жүйесі мен сапасы мүлде бөлек.  Профессорлар құрамы керемет. Бұл жерде сапалы білім аласың, - дейді Камила.

Santa Fe колледжінде дәріс алып жүрген  ресейлік Наталья Черницинаның  айтуынша жалпы америкалық білім беру жүйесінің ерекшелігі - студенттер тек профессордың айтқанымен ғана еріп жүрмейді. Жастарға өздігінен ізденіп, ғылыммен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, шетелден келген студенттер америкалық оқу орындарының ерекшелігін, білім жүйесінің айырмашылығын бірден сезеді.

- Колледжімнің мұғалімдері көңілді, жалпы оқуым қызықты өтіп жатыр. Кейде бір демалыста жүргендей сезінемін. Қазір менде грин карта. Сондықтан виза жағынан қиындық жоқ. Осы колледжде халықаралық студенттерге барлық жағдай жасалған. Профессорлар мен барлық оқытушылар әрдайым  көмектесуге дайын-дейді Наталья.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі Британдық Кеңеспен бірлесе отырып, 2016 жылдан бері «Журналистерге арналған кәсіби ағылшын тілі» бағдарламасын  ұйымдастырып келеді.  Жалпы, бұл жобаға 200 астам қазақстандық журналист қатысқан. Мақсат – журналистердің кәсіби деңгейін көтеріп, тіл меңгеруіне үлес қосу. Қазақсандық журналистер бұдан бөлек халықаралық деңгейдегі өзге де пресс-турларға тұрақты түрде қатысып келеді.  

- Жалпы АҚШ-та жоғары және орта білім қарқынды дамып келе жатқанына көзімді жеткіздім. Біз заман талабына қарай, көрерменнің талғамына сай келу үшін ірі державалардан көп нәрсені үйренуіміз керек. Ал журналистеріміздің үлкен xалықаралық деңгейдегі пресс-турларларға қатысып, әлем елдерінен қалыспай, тәжірибе жинап, білімдерін  шыңдап жүргені қуантады. Қазақ журналистикасы уақыт өткен сайын дамып келеді. Оның үстіне шет елдерде білім алып жүрген, жұмыс істеп жүрген әріптестеріміз көп.  Өз басым өзге тілдерді үйреніп, шетелде жұмыс істеп жүрген қазақ журналистеріне риза боламын, - дейді сұхбат беруші.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8993 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
19 ноября родились
Сауат Мынбаев
председатель правления АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Ермухамет Ертысбаев
государственный деятель
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить