«Жасыл апта-2019»: Қазақстан «Berlin International Green Week» көрмесіне қатысты

Ауыл шаруашылығы, азық түлік және бау-бақша өнімдерінің көрмесіне кімдер барды, не ұсынылды

Фото: Архив пресс-службы

Бұл жайында Forbes.kz сайтына ҚР Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов айтып берді.

Берлин. 2019 жылдың 18-27 қаңтары аралығында Германия астанасында «Жасыл апта-2019» атты әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылық, азық-түлік және бау-бақша өнімдерінің халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан тарапы айтулы шараға алғаш ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының қолдауымен және ұлттық стендімен қатысты. Көрмеге келушілер саны 400 мың адамға жуықтады және олар әлем елдері, сонымен қатар қазақстанда жасалған азық-түлік өнімерінен, соның ішінде алғаш бие сүтінен дайындалған диеталық плиткалы шоколадтан дәм татты.

Болат Нүсіпов
Болат Нүсіпов

- Ресми ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Германия ауыл шаруашылығы министрлігінің Парламенттегі статс-хатшысы Михаэль Штюбген Қазақстанның бұл көрмеге қатысуы тарихи оқиға екенін және немістердің көбі қазақстандық экологиялық таза өнімдеріне ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті. Оның пікірінше Қазақстанның үлкен экспорттық әлеуеті мен мүмкіндігі бар-деді ҚР Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов

 Қазақстандық өнімдердің салтанатты тұсаукесер рәсіміне Елші Болат Нүсіповпен бірге Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров және Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басқарма Төрағасы Аян Еренов қатысты, ал неміс саясаткері Михаэль Штюбген Қазақстан мен Германия арасындағы агроөндірістік кешен саласындағы ынтымақтастықтың жаңа парағын символикалық түрде ашып берді. Ал, бұл байланыс қазірде жаңа деңгейге көтеріліп отыр.

 Айта кетейік, Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі стратегиялық әріптесі болып табылады. Тек, 2018 жылдың көрсеткіші бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд еуродан асқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 21% жоғары.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 900 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Ал, ауыл шаруашылығы саласындағы неміс мамандары Ақмола облысындағы Неміс аграрлық орталығында 8 жылдан бері қазақстандық әріптестерін үйретумен келеді.

Елшілік мәліметі бойынша жаңа технологиялар мен инновация бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіретін Герамания арасындағы шикізаттық және технологиялық әріптестік Қазақстан экономикасын жаңғырту мен индустрияландыру бағытында маңызды рөл атқарады. Бұл «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» аясындағы экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, жаһандық бәсекелестікті арттыруға септігін тигізуі тиіс.

- «Жасыл апта» көрмесі 1926 жылдан бастап Берлин қаласында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы онда 60 астам елден 100 мыңнан астам өнім қойылды. Оның ішінде азық-түліктің 13 түрі неміс федералды жерінен, дәлірек айтсақ олардың ішінде еттен бастап шұжық өнімдері, жеміс пен жидек және түрлі сусындарға дейін бар-деп хабарлады елшіліктің баспасөз хатшысы.

Көрме барысында Қазақстан Елшісі, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің басшылығы, «Kazakh Invest» ҰК, «Аграрлық несие корпорациясы» және «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК өкілдері тамақ және ауыл аруашылығы техникасы өнеркәсібі саласындағы немістің және еуропалық жетекші компаниялардың өкілдерімен екі жақты кездесулер өткізді. Олардың ішінде «Evonik Industries AG» ( химиялық өнімдер мен энергетика өндіруші) «Vion Food Group» (әлемдік азық-түлік өндіруші), «Petkus» (тұқым мен астық өңдеу саймандарының өндірісіне маманданған), «Tönnies" (ет және ет өнімдерінің ірі жеткізушісі), «Grimme» (қант қызылшасын өндеу), «Amazone» (жемшөп әзірлеу технологиясы), «Agrotech» (техникалық оқыту және жарақтау) және т. б.

- Сонымен қатар, Берлиндегі шара аясында «Қазақстанның аграрлық секторында неміс компаниялары үшін мүмкіндік» атты дөңгелек үстел өтті. Екі елдің елшіліктері және Қазақстан мен Германия арасындағы Аграрлық-саяси диалогтың қолдауымен ұйымдастырылған шараға АӨК саласындағы немістің жетекші компаниялары, сарапшылары қатысып, онда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы өтті. Шараның спикері болған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдархан Сапаров неміс кәсіпкерлеріне Қазақстанның және өз облысының экспорттық әлеуеті туралы ақпарат беріп, аймақтың географиялық маңыздылығын, атап айтқанда өңірдің Ресеймен шекаралас әрі оған жақын орналасқанын атап өтті, - деді Елші.

Ал, неміс агробизнесінің өкілдері Қазақстандағы инвестициялық климатты, үкіметтің жергілікті өндірушілер қызметін реттеу шараларына және олардың бәсекеке қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмыстарына жоғары бағасын берді.

 Қазақстан Елшісі Болат Нүсіповтың айтуынша Қазақстан «Жасыл апта» халықаралық көрмесіне қатысу арқылы Германия мен аграрлық саладағы озық технологияларымен танымал өзге де көшбасшылар арасындағы байланысты жақсартуды жүйелі түрде жалғасытара береді. Бұл көрме инвестициялық және технологиялық жобаларды айқындап қана қомай, оларды ауыл шаруашылығында жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей алаң болып табылады.

- Қазақстан Президенті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік» атты Жолдауында үкімет алдына нақты міндеттер қойды. Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверіне, яғни, жаңа қозғаушы күшіне айналдыру болып табылады. Осылайша «Жасыл апта -2019» қатысушысы болған Қазақстан әлемдегі экологиялық таза азық-түлік өнімдерін шығаратын ең ірі өндірушілердің біріне айналуға, нақтырақ айтқанда Еуразия құрлығындағы «астық себеті» болуға мүмкіндігі бар екендігін көрсетті, - деді дипломат .

«Жасыл апта» көрмесі аясында Қазақстан ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бастаған делегация ауыл шаруашылығы министрлерінің Саммитіне қатысты. Қазақстан тарапы бұл шара аясында Германия, Нидерланды, Грузия және Моңғолиялық әріптестерімен кездесулер өткізді. Онда ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, арадағы ынтымақтастықты арттыру және қазақстандық өнімдерді шетел нарығына шығару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, вице-министр БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының Бас директоры Хосе Грациано Да Сильвамен жеке кездесті және онда Қазақстанда өкілдік ашу мәселесі сөз болды. Қазақстан тарапы бұл жиында ауыл шаруашылығы саласының алдағы міндеттері мен оны цифрландыру жағдайын баяндады және бұл форум қатысушыларының қызығушылығын тудырды. Себебі, бұл тақырып «Жасыл апта» жиынының негізгі мәселелерінің бірі болатын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6592 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
23 августа родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить