Дәулеттілер кәсібі

9045

 

ФОТО: © Андрей Лунин

Кеңес Рақышев (№9)
теңіз портын уақытында сатты

2022 жылы қаңтардың басында Мурманск облысындағы Витино теңіз порты операторын сату бойынша мәсіле аяқталды. Оның 90%-ы БТА Банкіне тиесілі еді. Компанияны Кеңес Рақышев басқарған уақыт ішінде ол РФ арктикалық аумақ резидент-компанияларының қатарына енді. Бұл компанияға бірқатар салық жеңілдігі мен артықшылық берді.

Винито порты Ақ теңіздің Кандалакшский шығанағының жағасында орналасқан, 2014 жылдан бері кемелер қабылдамаған және өңдемеген. Кешенді қайта іске қосып, Солтүстік теңіз жолы бойынша мұнай өнімдерінің тасымалын қалпына келтіру, ал содан кейін тиелетін жүк санатын кеңейту жоспарланған болатын.

Активтің сатып алушысы – «Адамант» холдингінің акционері Владимир Голубев. Мәміле сомасы жарияланған жоқ. «Адамант» – Санкт-Петербургтағы сауда жылжымайтын мүлкі нарығының ірі ойыншысы.

ФОТО: архив пресс-службы

Эдуард Огай (№15)
мен оның отбасы Ерлан Нығматуллин отбасының компанияларын сатып алады

2021 жылы шілдеде Эдуард Огай, бұрын Ерлан Нығматуллинге тиесілі болған «Вираж Караганда Сервис» ЖШС-нің жалғыз иесі атанды. Компания көлік-экспедициялық қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. 
 
Оған дейін, 2020 жылы желтоқсанда Эдуард Огайдың ұлы Владислав «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы атанды. Ол да бұрын Ерлан Нығматуллинге тиесілі болатын. Компания Қарағандыда нан-тоқаш өнімдерін және ұзақ сақталмайтын ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді, сонымен қатар, кепкен нан мен пешеней, ұзақ сақталатын ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысады.
 
2019 жылы мамырда Эдуард Огай мен Владимир Ким (рейтингте №1) еншілес компанияларының бірі KCC B.V. арқылы Ерлан Нығматуллинмен бірге «Ұлытау Нан» ЖШС құрылтайшылары атанды. Ал екі айдан кейін «Қазақмыс» бойынша серіктестер компанияның бұрынғы иесінің үлесін толық сатып алды. Компанияның қызмет түрі алдыңғысы сияқты, тек жұмыс істейтін аймағы – Жезқазған. 
 
2019 жылы сәуірде Ерлан Нығматуллиннің әйелі Бақыт Серікпаева «ХК Трапеза» ЖШС-дегі (Алматы облысындағы Қаскелеңде тіркелген, нан-тоқаш өнімдерін және ұзақ сақталмайтын ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысады) үлесін сол кезде Владислав Огай және Азат Айтмолдиннің атына тіркелген «Edmar Group» ЖШС-не сатты. Серікпаеваның «ХК Трапеза» ЖШС-дегі бизнес-серіктесі Эдуард Огайдың әйелі Марина Огай болатын. 2019 жылы маусымда «Edmar Group» ЖШС-дегі Айтмолдиннің орнына Ёнгун Ким (2020 жылғы Forbes Kazakhstan «30 дейінгі 30» рейтингіне қатысушы) келді. 2019 жылы тамызда «ХК Трапеза» ЖШС-нің атауы «Honmil» ЖШС болып өзгертілді. 2021 жылы қаңтарда Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында Ёнгун Ким Алматы, Қарағанды мен Жезқазғандағы Honmil-дің үш зауыты жайлы айтты. Әңгіме Ерлан Нығматуллин мен оның әйелінен сатып алынған үш кәсіпорын жайлы болған сияқты. 2021 жылы қарашада Ёнгун Ким «Edmar Group» ЖШС құрылтайшылар құрамынан шыққан соң Владислав Огай «Honmil» ЖШС жалғыз бенефициары болып қалды.
 
ФОТО: © Андрей Лунин

Сейітжановтар отбасы (№22)
аукционда мұнай кен орындарын сатып алды

2020 жылы желтоқсанда еліміздің түрлі облысындағы жеті учаскеде көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына ие болу үшін ел тарихындағы алғашқы онлайн-ауцион (жоғарылауға) өтті. Сауда нәтижесінде барлық учаске бойынша қол қойылған бонус мөлшері 61 млрд теңгеге жетті.

Сейітжановтар отбасының үлестері бар екі компания екі учаскеде жұмыс істеу құқығын сатып алды: «Қарабау Петролеум» – Қарабау учаскесі (қол қойылған бонустың мөлшері – 508,41 млн теңге), «Балқұдық Мұнай» ЖШС – Балқұдық учаскесі (сәйкесінше 40,45 млн теңге).

Бегайдар (799,84 млн теңге) және Қошалақ (33,86 млн теңге) учаскелеріне құқық сатып алған «SapaInvestment» ЖШС-не келсек, аукцион кезінде оның акционері біреу – Санжар Омаров болатын, ал 2021 жылы қазанда Сейітжановтар отбасына тиесілі «Оңтүстік» ҚСӨК компаниясы иелерінің бірі атанды.

Аталған компаниялар төлеген, қол қойылған бонустың жалпы сомасы 1,38 млрд теңгені құрады. Төрт учаскенің үшеуі Атырау облысында, біреуі жартылай Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Учаскелердің жалпы аумағы 10 мың шаршы км-ден астам

ФОТО: © Андрей Шевелёв

Владимир Джуманбаев (№23)
өндіруші компаниялардың акцияларын сатты немесе сыйға тартты

Қаржылық есеп депозитарийі сайтындағы ақпараттық хабарламаға сәйкес 2021 жылы ақпанның соңында және наурыздың басында Дияр Қанашевқа және Игорь Ветиулға акцияларды 4%-дан бергеннің нәтижесінде Владимир Джуманбаевтың «Алтыналмас» АК» АҚ-дағы үлесі 30-дан 22%-ға дейін төмендеді. Бұл жайлы басқа ешқандай ақпарат жоқ, сондықтан бұл коммерциялық мәмілелер болды ма, әлде басқа да заңдық негізі болды ма, белгісіз болып отыр.

Бұдан басқа екі мәміленің нәтижесінде Джуманбаев Ақтөбе облысында темір кенін ашық әдіспен өндіретін «Бенкала» тау-кен компаниясы» АҚ-ның барлығы 70% акциясын сатты. Бастапқыда 2021 жылы маусымның басында бизнесмен 2,38 млн акциясын (43,27%) $14,97 млн-ға (6,4 млрд теңге) сатты. Кейін 2021 жылы қазанда – 1,47 млн акциясын (26,73%) $9,46 млн-ға (4,04 млрд теңге) сатты. Бизнесмен жалпы сомасы $24,43 млн (10,44 млрд теңге) алды. Сатып алушы – нидерландтық Amros Group B.V.

Мақаланы жазған кезде жаңа акционердің бенефициары ешбір құжатта көрсетілмеген. Дегенмен жаңа акционердің пайда болуына байланысты компанияның үлестес тұлғалар тізіміне Ева Геркинк-Баронян (басқа құжаттарда – Баронян-Геркинк) және Заур Юсубов қосылды. Екеуі де Amros Group B.V. компаниясының лауазымды тұлғалары деп көрсетілген. Ева Геркинк-Баронян «Бенкала» тау-кен компаниясы» АҚ-дан басқа «Алтыналмас» АК» АҚ, «Қаражыра» АҚ және «Ақжал Голд Ресорсиз» АҚ үлестес тұлғалар тізімінде бар. Соңғысында ол акционер – International Private Equity Initiative B.V. компаниясында лауазымды тұлға деп көрсетілген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить