Біздің азайып бара жатқан экономикалық құралдар

14084

Шынайы әлемде адамдар біз әзірлеген құралдардың, технологиялардың және институттардың күрделілігімен ерекшеленеді. Антрополог Джозеф Генрихтың айтуынша, бұл біздің ұрпақтан-ұрпаққа мәдени ақпаратты жинақтау, бөлісу және бейімдеу қабілеттілігіміздің жетістігі болып табылады. Бірақ дәл сол сияқты өзара байланыс біздің "ұжымдық ойлауымызды" уақыт өте келе кеңейтетін болса, ал оқшаулану оны тарылтуы мүмкін. Экономистер мұны назарға алуы тиіс

Иллюстрация: Depositphotos.com/lightsource

Инновациялар мен жинақтау әлеуметтік-мәдени үдерістер болып табылатындықтан, халықтың неғұрлым ірі және өзара байланысты топтары неғұрлым күрделі құралдар жасайды. Генрихтың айтуынша, біздің ұжымдық ойлаудың ұрпақтар арасындағы кеңінен таралуына олар жасайтын «әлеуметтік нормалардың, институттар мен психологиялардың» адамдарды еркін «жаңа идеяларды,  сенімдерді, бағалы идеялар мен тәжірибелерді  ойлап табуға, бөлісуге және қайта жинақтауға» ынталандыру қабілетіне байланысты.

Оқшаулау бұл процесті қалай бұза алатынан және тіпті кері айналдыра алатынын  көру үшін Тасманияны қарастырайық, ол шамамен 12 000 жыл бұрын материктік Австралиядан бөлінген болатын. Археологиялық олжалар бұл бөлініске дейін Тасманиялық және материктік халық бірдей дағдыға ие болғанын көрсетеді – от жағу әдісі және бумеранг, найза-атқыш және жонылған тас және сүйек құралдарын секілді технологияларды қоса алғанда.

Ал, Еуропалықтар Тасманияға он жетінші ғасырдың аяғында келген кезде, оның тұрғындары адамзат  әзірлеген ең қарапайым құралдардың 24-ін ғана пайдаланған. Олар жаңа дағдылар мен технологияларды дамыта алмағандарын былай қойғанда, бұрындары болған кейбіреулерін пайдалануды да тоқтатқан. Қысқаша айтқанда, географиялық оқшаулау олрадың көптеген ұрпақтар бойына келе жатқан мәдени білімін айтарлықтай  жоғалтуға алып келді.

Тасманиялықтар ерікті түрде оқшаулануды таңдаған жоқ. Дегенмен, бүгінде кейбір қоғамдар мен әлеуметтік топтар мұны жасап отыр. Және, Тасманиялықтармен болған жағдай сияқты, бұның бар білімдерді жоғалтуды қоса алғанда, сондай-ақ жаңа білім мен инновацияларды жасауда кейбір қабілеттерді жоғалту секілді кері салдары бар.

Мұндай жағдай кәсіби топтар мен академиялық пәндерге де қатысты болуы мүмкін. Бұған жетекші экономистер мен экономикалық саясатты анықтайтын тұлғалар мысал бола алады. Төрт онжылдықта бұл «тайпа» қағидаттар мен механизмдердің тар жиынтығын қамтитын белгілі бір догмамен байланысты болды. Тайпаның негізгі мақсаты – әлдеқайда кең қоғамның мүддесіне ұғынып оған қызмет ету болса да, ол өз ішіне қарай бағытталып, басқалармен нақты өзара іс-қимылға қарсылық көрсетті.

Осының нәтижесінде пайда болған зияткерлік оқшаулау тайпаның мүшелерін жалпылама қабылданған қағидаттарға сәйкес келмейтін идеяларды «бөлісу, жасау және қайта жинақтау» мүмкіндігінен айырып қана қоймай, сондай-ақ оларды бұрын кеңінен қолданылған саяси құралдардан бас тартуға мәжбүр етті. Ең көрнекі мысал салық-бюджет саясаты болып табылады, экономикалық құлдырау кезінде сұраныстың төмендеуіне немесе жеке инвестициялардың құлдырауына жауап ретінде одан бірнеше рет бас тартылды.

Мұндай қарым-қатынас 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысынан кейін айқын байқалды. Дағдарыс  шындықты тексерудің қуатты құралы болуы керек еді, бірақ ол негізгі экономистер мен саясаткерлерді олардың ерікті зияткерлік оқшаулауынан босата алмады. Нәтижесінде олар ақша-несие саясатына ғана көңіл бөліп, ал салық-бюджет саясаты бақылаудан шықты.

2008 жылдан бастап дамыған елдердің орталық банктері 20 триллион доллардан астам басып шығарып, пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Сонымен қатар, оңайлатылған несие саясаты жаһандық қарызды шамамен 57 триллион долларға  көбейтіп, ол жаһандық ЖІӨ-нен үш еседен астам асып түсті.

Әрине, бұл ақша-несие саясатына арқа сүйеу– және қолданылған нақты құралдар - білімнің туа біткен жетіспеушілігін емес, қаржы секторының лоббистік күшін елеулі дәрежеде көрсетті. Бірақ бүгін тіпті кейбір қаржы ойыншылары белсенді фискалдық саясатты талап етеді - және оған негіз бар: әрдайым әлсіз болған қалпына келтіру кері айналып кету қаупі бар.

Көптеген елдерде пайыздық мөлшерлемелер бұрынғысынша төмен немесе тіпті теріс болғандықтан, мемлекеттік биліктің кезекті рецессия туралы айтпағанда, өсу қарқынының баяулауына жауап ретінде қолданатын ақша-несие саясатының құралдары да аз қалды. Дегенмен, олар фискалдық саясатты қолданудан, атап айтқанда, мемлекеттік шығыстарды ұлғайтудан бас тартады – мұның орнына салықтық қысқартуларды жүзеге асыруды қалайды, олар көп жағдайда нақты өсуді жандандыруға тиімсіз.

Осы тұрғыда елдердің экономикалық саясатының құралдар жиынтығы Тасманиялықтардың физикалық құралдар жиынтығы сияқты азайды. Бұл фискалдық мультипликаторлар туралы білімдердің жоғалуын көрсетеді, олар тарихи, шын мәнінде-құлдырау кезінде мемлекеттік шығындарды бағыттауы тиіс. Онжылдықтар бойы оқшаулану нәтижесінде күшейіп келген салық тәртібі мен қаржыны шоғырландыруға деген соқыр сенім, енді экономиканың тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Тасманиялықтар артта қалғаны үшін орасан зардап шекті және олардың көпшілігі он тоғызыншы ғасырда анағұрлым технологиялық дамыған Еуропалықтармен өлтірілді. Егер экономистер мен экономикалық саясаткерлер тайпасы өзінің регрессивті жолын жалғастырса, нәтижелер тек қана тайпаның өзі үшін ғана емес, сонымен қатар ол орын алған қоғамдар үшін де апатты болады.

Бұл қоғамдарда әлі де осы қуатты тайпаның айқын регрессиясын жеңу үшін өзінің ұжымдық миын пайдалана отырып, сақтануға уақыты бар. Алайда, оны уақыт көрсетеді.

Джаяти Гош, Нью-Делидегі Джавахарлал Неру атындағы университеттің экономика профессоры, Экономиканы Халықаралық дамыту Қауымдастығының атқарушы хатшысы және Халықаралық Корпоративтік Салық салуды реформалау жөніндегі Тәуелсіз Комиссияның мүшесі

© Project Syndicate 1995-2019 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить