«Ұлы дала елі» қолөнер шеберлерінің алғашқы форумынан не күтеміз

8198

Қазақстанда микро-бизнес, дәстүр және мүмкіндіктер қалай қалыптасқан

Астана. 2018 жылдың қарашасы. Қазақстанда алғаш ұлттық қолөнер шеберлерінің туристік форумы ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан және бірқатар шет мемлекеттердің өкілдері қатысты. «Атамекен» ҰКП таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай айтулы іс-шаралар ұлттық қолөнердің дамуына серпін береді.

Жиынға қатысушы елдердің іскер топтарының өзара іс-қимылы осы саладағы ынтымақтастыққа қолайлы мүмкіндіктер туғызады. Себебі, бүгінгі күні қолөнер қызмет түрі ретінде ұлттық мәдени бірегейліктің ажырамас символы және туристік ндустрияның құрамдас бөлігіне айналып келеді.

- Атамекен» ҚР ҰКП талдауларына сәйкес, қазақстандық тізілімге 700-ге жуық қолөнер шебері мен 1 республикалық қолөнер шеберлері одағы кіреді. Сәйкесінше біздің елімізде бұл бағытты дамытудың әлеуеті зор. Алайда микро-бизнесті дамыту үшін кәсіби біліктілік пен қажетті білім деңгейін арттыруды шоғырландыру призмасы арқылы қолөнер саласының негізгі міндеттерін шешу қажет: сату, брендтеу және маркетинг дағдыларын арттыру. Қазіргі уақытта Қазақстандық қолөнерді дамыту идеясын ілгерілететін беделді бірлестік институты жоқ. Форум- осынау мәселені шешу жолындағы алғашқы қадамдардың бірі болмақ - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Олжас Ордабаев
Олжас Ордабаев

Форумға Халықаралық спикерлер ретінде халық шеберлері, бірқатар бірлестік өкілдері, «Хунарманд» қолөнершілер және кескіндемешілер қауымдастығы (Өзбекстан Республикасы), «Tumar» арт-тобы (Қырғыз Республикасы), киіз шеберлері қауымдастығы (Германия), International Folk Art Market (Santa Fe, АҚШ), ҚХР шеберлері қатысты.

Сонымен қатар, онда қолөнер шеберлерімен бірге туркомпаниялар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар, өңірлік бизнес, дизайн және сән саласы өкілдері шақырылды.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері қолөнерді дамытудың халықаралық тәжірибесіне назар аудара отырып, келесі елдерде бұл саланың қуатты шоғырлануын атап өтті. Мысалы, Тәжікстан қолөнер шеберлерінің Одағы, ол 100-ден астам тәжік қолөнер шеберлерін біріктіреді, олардың кәсіби дағдыларын дамытады және өнім сапасын жақсартуға мұрындық болады. Сонымен қатар туризмді дамыту, халық қолөнерін жаңғырту және қолдау мақсатында биылғы жыл «Туризм және халық қолөнерін дамыту жылы» деп жарияланған.

- Біз Қазақстанның, Орталық Азияның қолөнер шеберлерінің өз алаңы, арнайы өз күні болса дейміз. Осы бағытта форумның тең ұйымдастырушысы Азия Даму банкімен бірлесіп тығыз жұмыстар жүргізуге дайынбыз. Біз бұл іс шараны жыл сайын өткізудің маңызын түсініп отырмыз. «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларында еліміздің қолөнер шеберлері де жаңа деңгейге көтеріліп, әлемге танылуын қалаймыз - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова.

Ләззат Рамазанова

Ләззат Рамазанова

 Ұлттық Палата ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясында шағын бизнеске арналған жеңілдіктерді (салық демалыстары, салық салудың жеңілдетілген үстемелері, патенттермен жұмыс істеу мүмкіндігі, тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік тендерге қатысу құқығы) қолданатын 5 млн. астам қолөнер шеберін қамтитын 70-тен астам бірлестік қызмет етеді. Сондай-ақ ресейлік кеңістікте әлемдік тренд ретінде «крафт экономикасы» термині белсенді жұмыс істейді. Шектеулі өндіріс өнімі- қолөнер өндірісі жаппай тұтыну өнімін ығыстырып шыққан бұл сәнді үрдіс Ресейге АҚШ-тан келген.

- Форум өткізу идеясы қолөнер шеберлері сегментін бір арнаға жұмылдырудан туындағаны жасырыны емес. Біз бай мәдениетіміз бен шежіресі қатпарлы тарихымызды осы қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы да насихаттай аламыз. Бүгінгі күні біз бұл саланың дамып келе жатқанын байқап отырмыз - дейді Ләззат Рамазанова.

 

Сонымен қатар, брендтелген өнімдер жасайтын Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Германия, Қытай қолөнер шеберлері ерекше назар аударуға тұрарлық. Форум аясындахалықаралық деңгейде оң тәжірибе алмасу, қолөнер шеберлері көрмесін ұйымдастыру, В2В алаңын қамтамасыз ету, тауарларды сату, брендтеу және жылжыту дағдыларын дамытудың қолөнер шеберлеріне арналған шеберлік сабақтары өткізілді.

Джованни Капаннелли
Джованни Капаннелли

 - Бүгінгі көрмеге қойылған дүниелер шындығында көркем әрі қайталанбастығымен санада сақталады. Келесі жылы біздің банк 25 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз бұл мерекені Қазақстандағы микро бизнесті қолдау тұрғысында атап өткіміз келеді. Бұл іс-шара халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайта түсетіні сөзсіз - дейді Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің Директоры Джованни Капаннелли.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить