Кәсіпкер ханым Қарлығаш Байбаченова жиһаз бизнесін қалайша жаңа деңгейге көтерді

Бұл жайында іскер ханым, интерьер дизайнері, сала сарапшысы, шағын ғана жиһаз цехын ірі өндіріске айналдырған Қарлығаш Байбаченова Forbes.kz тілшісіне айтып берді.

Қарлығаш Байбаченова
ФОТО: © личный архив
Қарлығаш Байбаченова

Қарлығаш, Сіз 25 жылдай интерьер саласында еңбек етіп келеді екенсіз. Бұл салаға қай кезде келдіңіз? Қайда білім алдыңыз?

- Мен интерьер саласына  студентік шағымда  келдім десем болады. Тұрмыс құрдым. Көкшетаудағы А. Мырзахметов атындағы университетке түсіп, киім дизайны кафедрдасында оқыдым. Сол кезде   интерьер дизайны мамандығы нарыққа жаңадан келіп жатқан, олар жайлы Ресейдің журналдарынан, теледидардан көп көрдім және сол кезде бұл саланың болашағы зор екендігіне көзім жетті.  Әрине, бұл салада кәсіпқой  болу үшін  ерекшелік қажет. Сондықтан мен ойлана келе дизайн кафедрасына ауыстым. Бірақ бұл кезде оқу орнында жоғарғы деңгейлі мамандар жоқ еді. Сондықтан мен оқулықтарды Мәскеуден өз қаражатыма сатып алып, трендтермен танысып, жобаларды қатар алып жүрдім. Оқуды үздік бітіріп, өнер бакалавры атандым.

Сіз кезінде ашқан шағын цех уақыт өте үлкен  өндіріске айналған екен. Бұл қалай мүмкін болды?

- Бұл 2009 жылы еді. Мен астанада 1 жыл тұрып, бәрін терең талдап, нәтижесінде цех ашуға болатынына көзім жетті. Өндіріспен, клиентпен, шебермен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білдім. Себебі менің 12 жылдық тәжірибем болды. Мен  8 жылдай ас үй жиһаздарын сататын Чех компаниясында сатушы болдым.  Сондықтан еш қорықпастан ЖК ашып, іс бастадым. Менде алғашында 1 ғана құрастырушы болды, біз екеумін тапсырыстарды қабылдап, жиһазды жинап, оларды жеткізіп беріп отырдық. Кәсібімді осылай  шағын ғана, аумағы небары 12 ш.м  болатын цехтан бастап кеттік.

ФОТО: © личный архив

Демек сіз алғашында сатушы болдыңыз ғой. Бұл идея сізге сол кездері келді ме?

- Иә, мен алғаш 25 жасымда Көкшетауда Ресейдің «Два кита» дүкенінде сатушы болдым. Олар Беларусь жиһазымен айналысты. Кейін мен меңгеруші болдым, үлкен жиһаз залы болатын,  негізгі тәжірибемді сонда жинадым. Шетел компанияларымен жұмыс істеуді, клиенттер базасы, мониторинг, бәрін сонда үйрендім. Олардың өз цехтары болды, үлкен станоктары, вагондармен жеткізілетін материалдар көз алдымда. Сол кезде Қазақстанда осындай өндірісті ашуға болатынына сендім. Ал одан кейін жоғарыда айтқан Чех компаниясында  оқып шықтым, оларда ID бағдарлама болды, яғни жиһаз суретін  салатын, дәлдігін санайтын жүйе. Мен сол  курстардан өттім. Ал ол жақтан кеткен соң интерьер дизайнымен қатар айналыстым, менде құрылыс бригадасы болды, мен жобаларды алып, клиенттермен сөйлесіп, суретін салып беремін, олар орындайтын. Осыдан кейін алғаш Қытайға шықтым, Қазақстандағы клиенттерге сұлулық салондарының толық дизайнын жасап, оған қажетті жабдықтарды көрші елден жіберіп отырдым. Бұл- кресло, бас жуатын жабдықтар және т.б   

Кез келген бизнес бастапқы қаражатты талап етеді. Сізде өз капиталыңыз болды ма? Әлде несие алдыңыз ба? 

- Бір қызығы, біздің бизнесіміздің бір ерекшелігі-егер сізде үлкен тәжірибе болса, сіз кәсіпқой болсаңыз, онда бұл кәсіпті бір тиынсыз бастауға болады. Мен қаражат салған жоқпын, ешқандай несие алған жоқпын. Себебі менде бұған дейін істеген клиенттік база болды, бұл мен үшін ең негізгі ресурс еді. Цехты жалға алдық, сосын тек рулетка мен блокнот қана керек болды. Қалғанының бәрі клиент есебінен түседі. Алғашында қолданыстағы станоктарды алдық, бір жылдан соң  цехты кеңейттік, оның көлемі 120 ш.м жетті, қосымша екі жаңа станок алдық.  Осылай өз брендімізді қалыптастыруға кірістік.     

Италиядан мамандар шақырып, қызмектерлеріңізді үйреткен екенсіздер. Олардың қажеттілігі қандай болды?

Иә, біз 5 жылдан соң үлкен тапсырысты орындадық және  жұмысымыз оларға  өте ұнады. Осыдан кейін тендерлерге қатыса бастадық, үлкен тапсырыстарды орындадық. Қызметкерлер саны 6 адамға жетті, қосымша дизайнерлерді жалдадық, бірақ олардың деңгейі талапқа сай болмаған соң бәрін оқыттық. Себебі дизайнер компанияның бірінші  тұлғасы. Ал 2015 жылы біз одан әрі кеңеюді шешіп, инвестор тарттық. Өйткені мен ЛДСП шығаратын зауыт пен сериялық жиһаз шығаратын фабрика ашуды армандаған едім. Неге? Мысалы Ресей, Беларусь, Түркия неліктен Қазақстан нарығының 70% қамтып отыр. Өйткені олар үлкен қаржыны дәл осы бағыттарға салады.

Сондықтан олардың кәсіпорындары  ірі және сериялы болып келеді. Сонда өндіріс тиімді, өзіндік құны төмен, клиенттік база жоғары болады. Сондықтан біз бизнес-жоспар әзірлеп, онда үш бағытты атап көрсеттік. Олар: жеке тапсырыс, сериялы және тендерлер үшін, яғни ас үй жиһазынан бастап, кеңсе жиһаздарына дейінгі тапсырыстар. Сол кезде менде сериялы жиһаз шығаратын станоктар дайын тұрды, біз Нұр-Сұлтандағы индустриалды аймақта ірі өндірісті ұйымдастырып, инвестормен келісімге отырардан 4 ай бұрын  толық циклды  іске қостық.  Сол кезде Италиядан осы циклды толық білетін  кәсіпқой маманды шақырдық. Ол бір жыл бойы сол процесті бақылап, бұл салада істемеген мамандарды үйретіп, бәрін жолға қойды.

ФОТО: © личный архив

Қазақстанда бұл саланы меңгерген кәсіби мамандар табылмады ма?

Кадрлар бұрын да, қазір де жетіспейді.  Себебі қазіргі күні бірде бір училище, университет станок операторын, жиһаз құрастырушысын немесе дизайнерін дайындамайды. Бұл өте өкінішті. 

Сіздегі өндіріс көлемі, қаржы айналымы қандай болды?

- Біз  2015 жылы ЖШС құрып,  «Дара-Арт», брендін жасадық.  Сол кезде өндіріске шамамен $1 млн салынған еді. Елорда бойынша ірі үштікке, ал Қазақстан бойынша  ондыққа кірдік. ҚР Ағаш өңдеушілер және жиһаз жасаушылар қауымдастығының құрамына ендік. Менде 30 астам адам істеді, ал орташа айналым айына 100 млн теңгеге дейін жететін. Кіріс  негізінен тендерге байланысты болды. 

ФОТО: © личный архив

Жуырда ғана фабриканы сатып, кадр даярлау мәселесіне бет бұрыпсыз, академия ашыпсыз? Оның себебі неде?     

- Иә, бұған пандемия себеп. Өйткені осы кезде Ресей кейбір шикізат түрлеріне шектеу қойды, нәтижесінде баға 70% артты, біздің өзіндік құнымыз шикізатқа байланысты.  Ал материалдардың  бәрі шеттен  жеткізіледі, олар өзімізде өндірілмейді. Жиһаз жасушылардың тәуекелі көп.  Сондықтан карантинде шағын цехтар жабылды, кейбірі тығырыққа тірелді, көбі әлі еңсе тіктей алмай келеді. Біз үшін де әрі қарай жұмыс істеу тиімсіз болды. Бастысы біз салынған қаражатты қайтардық, инвестормен бәрін шештік, дайын тұрған фабриканы құрылыс компаниясы  алды. Әрине, біз үшін бұл үлкен тәжірибе болды, біз оны қиын жағдайда өте тиімді бағаға саттық, $1 млн салсақ, $1 млннан асатын бағаға бердік. Бұл бір өте сәтті стартап болды. Кішкентай цехтан үлкен фабрика құру-үлкен нәтиже.  Қазір мен жоғарыда атап өткен қауымдастықтың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша директорымын. Ал менің қарамағымда қазір 200 кәсіпорын бар, біз оқытқан мамандар легі сол контингентке бағытталған. Акдемияны ашудағы мақсат та елдегі мамандар мәселесін шешу еді.           

Кімдерді үйретесіз, оларға сұраныс қандай?

- Карантин кезінде бізді жауып тастады. Сондықтан қарап отырмай, саланы оңтайландыру керек болды. Сәл сәтте онлайн форматта отырып, бір айда Қазақстан бойынша 20 астам адамды оқыттым. Жеті бағыт бойынша дәріс береміз, бұл жиһаз өндірісінің барлық процесін қамтиты. Яғни, дизайн, стиль, эстетика, материалдарды қолдану, маркетинг, сату, менеджмент, клиенттермен дұрыс коммуникация жасау, бренд жасу сынды маңызды  қасиеттер. Сіздің қанша ақшаңыз, керемет цехыңыз болса да білікті  кадрсыз  ондағы  станоктарыңыз жәй темір болып қала береді.   Біз қазір оқытудың офлайн форматына көштік және маман даярлау жалғасуда.  Ең бастысы бәрі 100% жұмысқа тұрады, себебі оларға деген сұраныс өте жоғары. 

Қазақстандағы 5 сала сарапшысың бірі екенсіз. Бұл бағытта қандай жұмыс атқарасыз?

- Иә, мен Қазақстандағы жиһаз кәсіпорындарына экспертиза жасаймын. Алматыда орналасқан жалғыз қауымдастықтың үйлестіруімен сарапшы ретінде істеймін. Яғни, кәсіпорындар тарапынан сертификат алу үшін өтініштер келіп түседі, сонда экспертиза жасау үшін мені шақырады. Ал мен өндіріске толық циклды анализ жасаймын және қорытынды беремін. Ал одан кейін «Атамекен» ҰКП  оларға тендерлерге қатысу үшін индустриалды сертификат ұсынады. Яғни, бұл оларға  басымдық береді. Сонымен бірге консалтингпен айналысамыз, кәсіпорындарды нөлден бастап көтеруге көмек беремін, қазір Степнагорскіде бір жобаны жүзеге асырудамыз.     

Алдағы жоспарыңыз қандай?

- Біз алдағы жылы  кітап шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұйырса қаңтар айында басуға жібереміз. Бұл туындыға  соңғы бес жылда меңгерген, жинаған тәжірибеміз, жиһаз дизайны, өндіріс технологиясы, халықаралық нормалар мен стандарттар түгел еніп отыр.            

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9155 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить