IT-бизнесте шекара жоқ: Германиядағы қазақ кәсіпкері Қазақстанда жаңа технологияларды дамытуға ниетті

Безиритхан Малабақан Берлиндегі IT- бизнестің негізін қалай қалады, Қазақстан нарығына шығудағы мақсаты қандай

Безиритан Малабакан
Безиритхан Малабақан

Безиритхан Малабақан - IT-маманы. Германиядағы GOERZ-IT Ltd компаниясының негізін қалаушы. Түркияда дүниеге келген, Берлинде тұрады. Forbes.kz тілшісі немістің технологиясын тарихи отанына тартуға бекініп отырған кәсіпкермен тілдесті.

F: Берлинде қай кезден бастап тұрасыз? Өзіңіз туралы мәлімет бере кетсеңіз.

- Мен 1971 жылы Түркия астанасы Стамбулда, Зейтінбұрын ауданында дүниеге келдім. Сонда балалық шағым өтті. "Hasan Kagnici" деген мектепте бастауыш білім алдым, орта білім бойынша ағылшын тілінде білім беретін "Özel Cavusoglu" колледжінде оқыдым, кейін Стамбулдың атақты"Pertevniyal Lisesi" мектебін бітірдім. 20 жасымда Германияға келіп, 1 жыл неміс тілін үйрендім, кейін Вупперталь қаласында "Bergische Üniversität" ақпараттық технологиямен бірге экономика бөлімін бітірдім, сол кезде қазіргі жұмысым "SAP Consultant", "ABAP Developer" компанияларымен шартқа қол қойдым. Price Warehouse Coopers, Siemens Applied International Informatics компанияларында тәжірибе алғаннан кейін осы жұмыста «freelancer" болып істедім. 2016 жылдан бастап GOERZ-IT Ltd компаниясының иесімін. Жарымның аты- Месуде Малабакан, 15 жасар егіз балаларым бар,есімдері Енесхан және Емрежан.

F: Қазіргі бизнесіңіздің беталысы, бағыты қандай?

- Қазір жоғарыда айтқан GOERZ-IT Ltd компаниясына басшылық ете отырып SAP Software бойынша үлкен компаниялармен бірлесіп жұмыс істейміз,біз негізінен қамтамасыз етумен айналысамыз. SAP Германиядағы бірінші IT компания, әлемдік дәрежедегі Microsoft сияқты. Алып және орта компаниялардың қызметін бағдарламалармен қамтамасыз етеді. Яғни, біз SAP-тың Finance, Controlling, Material Management, Production Planning, Sales and Distribution, Customer Relation Management, Supply Chain Management, Product Life Cycle Management, Document Management, Retail модульдері негізінде жұмыс істейміз.

F: Компания қызметіне сұраныс қандай?Қай нарықта,қандай елдерде жұмыс істейді?

- Әлем көшінде тұрған компаниялардың 80% SAP қызметін пайдаланады. Германия, АҚШ маркетингінде белсенді жұмыс істейді, Қазақстанның ірі компаниялары да пайдаланады. Мәселен, бір компания оның лицензиясын сатып алып, біз сияқты соның стандартына сәйкес серіктес ретінде жұмыс істей алады. Осыдан кейін бағдарламаны сатып алған компанияның процестерімен интеграция жасайды. Біз ең алдымен сараптама жасаймыз, бағдарламамен қамтамасыз ету кем дегенде 6 ай жүреді. 2-3 жыл жүргізілетін жобалар да бар, бұл компания қызметінің қиындығына байланысты мәселе. GOERZ-IT Ltd қазірде Германия, Түркияда жұмыс істейді.

F: Қазақстан нарығына шығуды ойлап жүр екенсіз. Басты мақсат қандай? Елге қызмет ету ме, табыс табу ма, не ашпақ ойыңыз бар,қай қалада?

 Мен өзім қазақпын, Атамекенге барып тұрамын. Бірнші рет Қазақстанға, Астанаға қазан айында келдім. Отан суық болғанымен, маған жылы сезілді. Менің бірінші мақсатым-елге қызмет ету, қазақстандағы компанияларға SAP Software бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қажетті көмек керек болса, мен өз кезегінде іскерлік келісім жасауға дайынмын. Бұл үшін бізге өздері туралы мәлімет берсе болғаны. Клиенттерге қызмет көрсету үшін тырысамыз. Мен қазақстандық компаниямен келісім жасап, бір офис ашсам деп ойлаймын. Астанада, өзге аймақтарда жұмыс істеуге болады. Мақсат-Қазақстанда жаңа технологияларды дамыту, өрге шығару. Оның үстіне отанымызда цифрлы бағдарламаны іске асыру басталып кетті. Біз соған атсалыссақ дейміз.

F: Сіздердің қызметтеріңіз несімен ерекше? Қазақстан үшін не береді?

- Қазақстанда IT саласында білім алып жүрген жас балалар баршылық. Болашақта осы балаларға SAP IT Software туралы, оның артындағы ABAP деген компьютер тілін үйрететін қосымша мектеп ашсақ деген тағы бір ойым бар.

F: Егер мәселе шешілсе, Сіз өз командаңызды алып келесіз бе, әлде мамандарды осы жерден қарастырасыз ба?

- Егер біз қазақстанның қандай да бір компаниясымен келісімге келсек, Германиядан команда алып келу керек болады. Себебі, бұл жалғыз адам жасайтын жоба емес. Менің білуімше ең аз дегенде 10-15 адам болуы тиіс. Оның ішінде процестік және техникалық консультант болады. Бірлесіп жұмыс істейтін компаниялар болса, біз дайынбыз. Кәсіби мамандар таба алсақ онда қазақстаннан да алуға болады.

F: Қазір не кедергі бизнес ашуға? Бұған дейін ұсыныс жасадыңыз ба?Қандай қолдау керек?

- Қазір қазақ компаниялары SAP Software қызметі бойынша сырт елдерге жүгінеді. Сондықтан қазақстанда неге үлкен IT компания ашпасқа. Әрине, бұл үшін жоспар керек,уақыт керек, білім керек, жастарды жаңа технологияларды меңгеруге үйрету керек. Үкімет қолдау жасаса тіпті жақсы болар еді. Оның үстіне әлем қазақтарының Астанада өткен соңғы құрылтайында Президент дүниежүзіндегі қазақ кәсіпкерлерін қазақстанға инвестиция салуға шақырған еді. Біз дайынбыз. Қазір қазақстандық бір компания қызығушылық танытып отыр. Олармен келіссөздер жүріп жатыр.

F: Сіздердің табыстарыңыз қандай? Компания қаншалықты табысты?

- Қазірше біз шағын компаниямыз. 10 адам болып жұмыс істейміз. Әрине,бұл табысты кәсіп, кіріс артып жатыр, 2017 жылы жаман болған жоқ. Табыс көлемі компаниялар қызметіне байланысты әртүрлі болады. Бастысы бізге үлкен жобаларды қолға алу керек, сонда үлкен табысқа қол жеткіземіз. Оған қажетті мамандарды да таба аламыз. Бастысы біздің байланысымыз мықты, болашағымыз бар.

F: Жалпы Германияда IT бизнестің дамуы қандай? Қолдау бар ма? Салық саясаты қандай?

- Өз басым Германияда жұмыс істеу оңай деп ойлаймын. Үкімет Start Up жобаларға, жаңа бастаған компанияларға қаражат береді. Бастысы жоба мақұлданса болды. Мәселен, Берлинде бір айда 20 Start-Up жобасына қол қойылды. Үкімет білімді қолдайды. Жаңа ашылған компанияларға көмек жасайды,бастапқы жұмыс үшін несие береді. Бір айта кетері Германияда салық көп алынады, ол тапқан табысыңа байланысты, жыл аяғында 40% дейін жетуі мүмкін. Бірақ, билік бұл төлемдерді қайтадан халық игілігіне жұмсайды, жол құрылысына салады, жұмыссыздарға ай сайын қаржылай көмек береді, адам басына 1500 евроға дейін.

F: Егер сіздерге ұсыныс жасалса,елге инвестиция салуға дайынсыздар ма?

- Біз ең алдымен GOERZ-IT Ltd арқылы отанға қызмет етуді көздеп отырмыз. Кез келген уақытта келуге,бастауға дайынбыз. Біздің ең басты және ең үлкен инвестициямыз жастарға SAP  IT бойынша беретін біліміміз болады деп білеміз. Бұл бойынша бізбен www.goerz-it.de  жұмыс істеуге ниет білдірген қазақстандық компанияларға есігіміз ашық және оларға бізбен байланысуды ұсынамыз.  Елордада  халықаралық «Астана IT-хаб» ашылып жатқанын білеміз және аталған орталықпен де  жұмыс істеуге әзірміз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6802 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
22 сентября родились
Кайрат Боранбаев
председатель наблюдательного совета ФК "Кайрат", №13 рейтинга богатейших бизнесменов Казахстана - 2019
Ануар Джумадильдаев
экс-председатель Комитета по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить