«Идеядан бизнеске дейін»: жас кәсіпкер Арман Тосканбаев тұңғыш кітабының тұсауын кесті

14388

Кәсіптегі жетістіктер мен қателіктерді қамтыған туынды жастарға не береді

Арман Тосканба
Фото: архив прессы
Арман Тосканба

F:  Арман, как вам пришла идея написать книгу?

- Мен әлеуметтік желіде өзімді белсенді көрсетемін және әр жерден жеке парақшама жазатын адамдар менің неден бастағанымды, инвесторлардың қаржыландыруынсыз, ешқандай қолдау көрмей-ақ, қиындықтар мен кедергілерге толы қиын жағдайлардан өтіп, табысқа жету жолымды айтып беруімді өтінеді...Сұрақтар өте көп, жауаптары да бар.  Әрине, өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Ондағы мақсатым біреу-ақ, ол – қателіктерден сақтандырып, елдің әрекет етуіне серпіліс беру. Бұл кітапты жазуда басқа мақсатым жоқ. Біреулер, бәлкім, «кітап жазатындай соншама кімсің?!» деп те ойлар. Иә, мен әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпкер емеспін, бірақ оны әлі уақыт көрсетеді. Және мен өте сенімді түрде айта аламын: өз пікіріңді білдіріп, жан-жағыңа көмек қолын ұсыну үшін атақты болу шарт емес. Сенің тәжірибең бір адамға болса да пайдаға жарайтынына сенсең жеткілікті. Осы кітапты оқып, сіз өз күшіңізге сеніп, «Оның істей алғаны неге менің қолымнан келмейді?» деп өзіңізге сұрақ қояды деген үміттемін. Осы сұрақты мен өзіме әрбір жаңа істі бастаған сайын қоямын. Және, білесіздер ме, бәрі ойлағандай болады!

F: Сен бұл туындыда бірқатар қателіктеріңді жазыпсың.  Олардың ең негізгілері және жоспарың мен табысыңа кері әсер еткендері қандай?

- Жас кәсіпкерлер қауымдастығында жұмыс істедім, стартаптарды  дамытуға көмектестім, сондықтан мен енді бастаған кәсіпкерлерде қандай қателіктер туындайтынын жақсы білемін.

№1 қателік: менің өнімім бәріне қажет немесе менің өнімім ешкімге қажет емес.

Тест өткізбейінше, сіз бұны білмейсіз. 

Стартап бастамас  бұрын ойланбаңыз, болжамаңыз – сұраңыз. Қазір көмектесетін құралдар жеткілікті, мысалы, әлеуметтік желілер, өз жақындарыңыздың ақылына жүгінуіңізге болады.

Мен отандық сағат өндіруді жоспарлауды бастаған бетте  Facebook парақшасына жазып,  сызбамның жобасын көрсеттім, идеямды айттым. Ал 10 минут ішінде нақты кеңестер, тіпті сын-пікірлер келді.

№2 қателік: стартап бастамас бұрын – әбден ойланып алу қажет.

Ережеге сәйкес, идея мен оны іске асыру арасы жер мен көктей. Өз ойыңызды бірнеше сағат ішінде жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасауға бел бумасаңыз, құлдыраушылық минут сайын өседі, кәдімгі геометриялық прогрессиядағыдай. Әр ойың нақты әрекетпен бекітілуі керек. Жастармен ұзақ жұмыс істеу барысында менің мынаған көзім жетті: олардың басты қателіктері – қазір істейтін жұмысын ертеңге қалдыру.

Кәсіпкерлер – өз уақытының қожайындары, олар шапшаң қимылдап қалмаса, ойлағанын іске асырып үлгермейді, сондықтан үнемі тез басылады. Драйв толқынын сезген бетте істеп тастау керек. Үнемі жаттығудың арқасында мен ойлау мен әрекетке дейінгі осы арақашықтықты жоқ етуді үйрендім. Қазір менің барлық идеяларым қолдан қолға тимей іске асуда. Осындай тәсіл сериялы кәсіпкер болып шығуға  көмектеседі.

№ 3 қателік: бұл мен үшін тым қол жетпестей. Мен әлі мұндай деңгейге жететін жағдайда емеспін.

Көп коммерсанттар ұсақ саудагер болып қалады, өйткені тым тар ойлайды. Олар бірнеше миллиондық айналымдар, халықаралық нарыққа шығу, амбициялық кәсіп туралы елестете де алмайды.

Олар осы мәселеде өздерінің  тәжірибесі жоқ деп ойлайды. Мен гидропондық құрылғылармен және сағат өндірумен айналысуды бастаған кезде  осы мәселенің қыр-сырын білмедім. Мен бұл мүмкін емес екенін, ақша таба алмайтынымды ойламадым десем, ешкім сене қоймас.

Басымдағы қажеті жоқ ойларды тастап, кәдімгідей нақты әрекет жасауға көштім. Менде «Егер біреу істей алса, оған менің де шамам келеді» деген бір-ақ ой болды.

F: Бизнесте команданың жұмысы маңызды екенін айтыпсың. Ұжымды жасақтауда қандай қағидаға сүйендің?

- Команда құру – жұмыстың ең кішкентай бөлігі. Құрған команданы ұстап қалып, қайта-қайта ынталандыру маңыздырақ, ол үшін олармен жылы қарым-қатынаста болу қажет. Адамдар компания артынан емес, адамдарға ілеседі. Егер лидерге деген сенім болса, табыс табу екінші жолға ауысады. Кейбір жобаларымда әлі табыс таппаған қызметкерлерім бар, олар сеніп, артымнан ереді, сол үшін оларға алғысымды айтамын және көп нәрсе жасауға даярмын.

F: Бизнесте қатал принциптер болмауы керек деген екенсін. Неліктен?

- Кейде нарық маған құбылып тұратын теңіздей болып көрінеді. Толқындар – бұл бизнестер, әр толқын сіз бен біздің өмірімізге жаңа леп әкеледі. Ал толқында өзіңді ұстау үшін иілгіштік танытуың керек: егер кесілген ұзын ағаш болсаң, ортасынан сындыруы мүмкін, ал тал бұтағы үнемі үстінде қалқиды.

F: Үш минутта идеяны қалай сатуға болатынын айтыпсың.  Бұл қаншалықты мүмкін?

Маған жастар өз өніміңе қалай таныстырылым  жасағаным және қалай жазғаным дұрыс деп жиі жазады. Мен талай рет көпшіліктің алдында сөйледім. Таныстырылым жасауда тәжірибе болса да, залда 1000-нан астам адам отырғанын көріп, тұла бойың дірілдеп, тынысың бітіп, адреналин ойнап тұрады. Бірақ менің бір сезетінім – сен залға арнап айтайын деген ақпаратыңды ғана ойламай, эмоциямен, харизмамен, әзіл қосып сөйлеуге тырысу керек. Басқа спикерлерден ерекшелену, қазылар алқасының көзіне түсу, тыңдармандардың жүрегін баурап алу – міне, біздің міндетіміз.

F: Сен көптеген жастарға бизнестің қыр-сырын  үйретіп келесін. Қанша адамға нақты көмегің тиді, олардың ішінде бизнесті жолға қойып, табысты істеп кеткендер бар ма?

- Ондай жастар аз емес, жақында кәсіптерін бастап дөңгелетіп келетін екі жігіт жайлы айтып кетейін. Мамыр айында маған екі жігіт хабарласып, өздерінің кәсібін бастағылары келетіні жайлы айтты. Олар 5 жылдан астам уақыт бойы архитектуралық компанияда жұмыс жасап келеді екен. Пісіп жетіп, енді дайынбыз дейді олар. 1-2 ай ішінде оларға мен бизнестің қыр-сырларын үйретіп, бірінші табыстарына шығуға үлесімді салдым. Бұл жігіттердің есімі Асқар мен Әскербек, компаниялары Madcompany деп аталады.

F: Сенің пікіріңше бүгінгінің жастары, жас кәсіпкерлер қалай ойлауы керек?

- Сіздің қайдан шыққаныңыз тағдырыңызға әсер етпейді. Мен үшін кедейшілік кемшілік емес, қайта бір берілген батадай. Мен жоқшылықты түбімен көрдім, сондықтан оған қайтып барғым келмейтінін түсінемін. Әркім жарысты әртүрлі бастайды: біреулер жоғарыдан, біреулер төменнен, бірақ жолыңды төменнен бастау қызықтырақ.
Бүкіл өзгерістің бастауы өміріңнің дұрыс емес екенін сезінуден басталады деп ойлаймын. Сен өз күшіңе сенесің, аспаннан түскен бай ағаң да емес, алтынмен аптайтын бастығың да емес, бай қалыңдық та емес, сен өзің өзгертесің. Сенен басқа ешкім де сенің өміріңді жасап бермейді, оның сапалы болуын қарастырмайды. Сондықтан осы кітапты жауып, тұрыңыз да, іске кірісіңіз!

F: Қазіргі табысың мен кірісің жайлы білгіміз келеді. Әрине,құпия болмаса.

- Это будет секрет, потому что деньги любят мир.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить