Бренд пен тренд

«Баян сұлу» бағындырған белестер немесе 40 жылдық тарихы бар жасампаз компанияның жаңа ғасырдағы жетістіктері

Фото: Андрей Лунин

Қостанайдағы кондитер фабрикасы, қазіргі «Баян Сұлу» АҚ көптеген жылдар бойы Қазақстан нарығында және одан тысқары жерлерге тәтті өнімдерін жеткізушілердің бірі болып табылады. Тарихы сонау 1974 жылдан бастау алатын өндіріс цехы күллі Кеңес Одағында әйгілі болған «Студентческая», «Фруктово-ягодный букет» және «Рион» сынды ең танымал карамель түрлерін шығарумен айналысты.Кәсіпорын қазірде 300-ден астам өнім түрлерін, жылына 50 тоннадан астам конфет пен шоколад, печенье және вафли шығарады.

Фабрика жаңа өндірістік технологияларды қалай жақсартты, өнім түрлері қаншалықты жаңарды,тәттіге жаны құмарлардың көңілінен шығу үшін қандай қадамдар жасалды, даму деңгейі қандай. Forbes Kazkahstan «Баян Сұлу» АҚ президенті, басқарма төрағасы Тимур Садықовтан сұхбат алды. Айтпашқы, ол 40 жылдық тарихы бар кәсіпорынды басқарғандардың бесінші ғана болып табылады.

Тегеурінді талпыныс

Садықовтың сөзіне қарағанда, тұрақты дамуға деген талпыныс революциялық өзгерістермен емес, жүйелі түрде, кәсіпқойлар династиясы мұраға қалдырған сан жылдық тәжірибеге сүйену арқылы жүзеге асады. Бұл компанияның толағай табысына ықпал еткен басты бағыттардың бірі. Себебі, Қостанай фабрикасында эволюциялық дамуға басымдық берілді, ал шын мәнінде бұл бағыт айқын екенін дәлелдеп шықты. 1990 жылғы қиындықтарды, 2000 жылдардың дағдарысын бастан кешкен кәсіпорын құлдыраудың алдында қалған санаулы ғана кондитерлік компаниялардың қатарында еді. Ал қазіргі таңда «Баян сұлу» АҚ елдегі кондитерлік өнімдердің үштен бірін қамтамасыз етеді.

Қостанайда өндірістің біріншісі желісі іске қосылғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде, 1980 жылдың басында- ақ кәсіпорын жылына 30 мың тоннаға дейін, оның ішінде жоғарғы сортты карамель, вафли, ирис, ұсақ конфеттер шығаратын дәрежеге жетті. Осы аралықта жұмысшылар мен инженер-техниктер КСРО-ның ең үздік деген фабрикаларында, оның ішінде Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Мәскеудегі әріптестерімен тәжірибе алмасып,тағылымдамадан өтіп қайтты. 1993 жылдың қыркүйегінде кәсіпорын «Баян сұлу» акционерлік қоғамы болып құрылды. Дағдарыс жағдайына қарамастан, компанияның бастапқы басшысы Евгений Богер, 2004 жылдан бастап қызметке келген Виталий Трайбер қаражатты жоспарлы түрде техниканы қайта жарақтауға жұмсады. 2000 жылға қарай қостанайлық кондитерлер карамель түрлерін және оларды орауға, қаптауға арналған импорттық өндірістік желіні сатып алды және іске қосты. Электр қуатына деген тәуелділіктен арылтқан өз инфрақұрылымын қалыптастырды, ал кейінгі жылдары шоколад, шоколад конфеттерін, зефир және ұсақ түйіршектердің жаңа сорттарын шығаруға арналған жаңа желілер алынды.

Фото: Архив пресс-службы

Садықовтың айтуынша, соңғы 1 жылда инвестиция көлемі 20 млрд теңгеге артты, тек жаңа жабдықтарды алу үшін жылына 1,5-3 млрд теңге жұмсалады. «Қазіргі күні біздің кәсіпорындағы тозығы жеткен ескі құралдардың деңгейі 20% аспайды. Бір сөзбен айтқанда «Баян сұлу» қазіргі заманға сай фабрика деп айтсақ артық болмайды. Жаңа кондитерлік өнімдерді шығаруға арналған желі түрлерін сатып алумен бірге,ескі жабдықтарды жаңартуға қаржы салудамыз,яғни оларды неғұрлым жоғары технологиялық деңгейге көтерудеміз»-дейді компания басшы.

«Баян сұлу» фабрикасы 2017 жылдың желтоқсанында Mars, Snickers и Milky Way аналогы бойынша шоколад батончиктерін,сонымен қатар Twix рецептін еске салатын, карамельді құймасы бар печеньелерді шығаратын жаңа желіні іске қосты. Екі желінің жалпы өндірістік көлемі жылына 5600 тоннаға жетеді, ал онда салынған инвестиция 1,5 млрд теңгеге бағаланады, оның 1,2 млрдын «Сбербанк» ЕБ» АҚ берген несие. Бұл кезде вафельды өнімдерді шығаруға арналған желі қоса алынған болатын.

Кондитерлік өндірістегі ең соңғы технологиялық трендке жету үшін жасалған тегеурінді талпыныс керемет нәтижелерге қол жеткізді. Тек, бір ғана 2016 жылы компания жалпы табыс көлемін 65%, ал кондитерлік өнімдерден түсетін кірісті 84% арттырды. Жалпы сатылым көлемі 30 млрд теңгеден асты. Қазіргі тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін 48 жаңа өнім түрі шығарылды, ал олардың ойынан шыға білу оңай емес.

Алыс пен жақын арасы

Садықов тұтынушылардың қалауын айта отырып, бүгінгі таңда өздерін негізінен әлеуметтің әлеуеті қалыптастырып отырғанын тілге тиек етуде. Яғни, бала кезден дәмі таныс «Мишка на севере» немесе «Ласточка» тәттілерін қалайтын «консерваторлар» мен нарықта жаңадан пайда болған өнімдерді айналып өтпейтін «жаңашылдарды» бөліп қарастырумен бірге олардың талғамы мен таңдауы маңызды екенін ескеру керек. Себебі, кейінгі кездері құнды сегментке ауысу жағдайлары ерекше байқалады: сатып алушылар негізінен құрамында көмірсуы жоғары,бірақ төмен бағалы вафли, печенье конфеттерді таңдайтын болған.

«2016 жылы біз қуаты 9,5 мың тоннаға лайықталған вафли мен печеньелерді шығаратын жаңа бисквитті цехты іске қостық. Бұл өндімдерді шығару арқылы біз мейлінше импорттық шикізатқа деген тәуелділікті төмендетеміз, өйткені ұн мен сірнені негізінен Алматы облысынан сатып аламыз, ресейлік немесе қазақстандық қантты және сонымен қатар отандық кәсіпорындар шығаратын кейбір қаптама түрлерін алудамыз. Бірақ, кейбір қоспалар,мәселен шоколад дайындауға арналған какао-бұршақтарын қалай болғанда импорттамау мүмкін емес, сондықтан біздің бағамыз шикізат бағасының өсуіне байланысты болып тұр. Дегенмен, көпшілік қалай болғанда «Баян сұлу» конфеттері мен шоколадтарынан бас тартпайтынын айтады, тіпті бағаны көтеруге мәжбүр болсақ та баға мен сапа балансын ұстап тұру мүмкін болып отыр», - дейді Садықов.

Қостанай өнімдерінің экологиялық таза және сапалы болуы, сонымен қатар қолжетімді бағамен сатылуы ішкі және сыртқы нарықта танымал болуына жол ашты. Қазігі күні «Баян сұлу» жалпы өндірістің 35-45% экспортқа шығарады; оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Моңғолия,тіпті Қытай фабрика өнімдерін жоғары бағалайтын және олардың дәмін жақсы көретін елдердің қатарында. Тұтынушы тауарларының импортына жабық, салыстырмалы азық түрлеріне талғам жағынан ерекше көзқарастағы аспан астындағы мемлекетке әсіресе жаңа жабдықтарда дайындалған Fruit ұсақ карамельдерінің дәмі ерекше ұнаған.

Алайда, қостанайлық кондитерлер үшін қазірде Ресей ең үлкен және болашағы бар нарық саналады. Себебі, «Баян сұлу» өнімдерінің 90% көрші елге экспортталады. Бұған негізінен шекаралас аймақтың географиялық орналасуы, сонымен қатар ЕЭО аясындағы жеңілдетілген сауда режимі және KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы арқылы экспортшыларды қолдауға арналған тетіктер ықпал етіп отыр. Қазақстан кондитерлерінің солтүстіктегі елдің нарығындағы белсенділігіне Ресей мен Украина арасындағы текетірес салдары себеп болды,өйткені украиналық кондитерлердің көбі осыдан кейін ел нарығын тастап шығуға мәжбүр болған. Біздің кондитерлер, оның ішінде «Баян сұлу» өнімдері нарықтың осы бір аралығанан ойып тұрып орын алып, отандық өнімдердің дәмін қазірде Калининград пен Владивосток тұтынушылары жоғары бағалап үлгерді.

Әділ ойын үшін

«Бүгінгі таңда кондитерлік фабрикалардың барлығы дерлік бірдей жабдықтармен жұмыс істейді, бірдей шикізатты қолданады. Сондықтан бағаны төмендету үшін ең алдымен рецептураны өзгерту керек, яғни бағалы ингредиенттерді мейлінше арзанға және жоғары сапалы шикізатқа алмастырғанда ғана бұған қол жеткізуге болады. Алайда, біз бұл жолдан бас тарттық. Себебі біздің тұтынушыларымыз және шет елдік серіктестеріміз бұл жайында біледі, сондықтан қазақстандық кондитерлік өнімдердің имиджі өте жоғары. Алайда, бұндай позиция кейде қиындықтар туғызады: бізге бейадал өндірушілермен күресуге тура келіп отыр,себебі олар сүт орнына хош иістендіргіштерді, ал шоколад орнына –өсімдік майларын қосып жібереді»-дейді кәсіпорын президенті.

Қазақстандық кондитерлер ЕЭО аясындағы техрегламент бойынша шоколад деген ресми атауды иелену құқы тек какао бұршақтарынан әзірленген өнімдерге ғана берілуі тиіс деген талап қоюда. Бәсекелестік кез келген саланы алға жылжуға ынталандыратыны анық, бірақ бұл қарсыластарға қойылатын шарт ортақ болған кезде ғана жүзеге асады. Ал отандық өндірушілер үшін ЕЭО аясында шекараның ашылуы, жаңа нарықты игеруге керемет мүмкіндіктер беріп қана қомай, кейбір қиындықтарды қоса алып келді, мәселен, импорттың өсу қауіпіне қатысты. Нарық қатысушылары Ресей, Украина, Түркия және тағы басқа бірқатар елдерден жеткізілетін тәттілердің көлемі сатылымдағы жалпы өнімдердің 50% құрайды деген мәлімет келтіреді. «Біз жергілікті кондитерлік өндірушілерді бәсекелес ретінде емес, керісінше серіктес ретінде қараймыз, себебі олар да біз сияқты ішкі азық-түлік нарығындағы ойыншылар. Біздің басты бәсекелесіміз біреу-импорт»-деп мәлімдейді Садықов.

Сұхбат берушінің айтуынша 2014 жылдың соңында, 2015 жылдың басында «Баян сұлу» үшін Ресей кондитерлерімен бірдей емес бәсекеге түсуге тура келді. Себебі, сату деңгейі тек Ресей аймағында ғана емес, ішкі нарықта түсіп кеткен еді. Жағдайды қалыпты арнаға түсіруге, қазақстандағы нарықты ретке келтіруге, Ресейдегі экспорт үлесін арттыруға ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуі себеп болды. Оның үстіне Ресей мен Украина арасындағы текетірес салдары бір мағыналы болмады. Бір жағынан жаңа нарық ашылды,екінші жағынан қазақстан мен украина өндірушілерінің арасында қалыптасқан дәстүрлі байланыс үзілді. Кеңес кезінде Украинада кондитерлік саланы дамыту үшін жақсы база қалыптасты, ал біздің фабрикалар ол жақтан кейбір қоспалар мен қаптама түрлерін жеткізетін. Соңғы жылдары Ресей аймағы бойынша украиналық кондитерлерлік өнімдердің, материалдардың және шикізат тасымалының транзиті жабылды, сондықтан айналма жолдар қарастырылды немесе жаңа жеткізушілерді табу керек болды.

Алайда, «Баян сұлу» үшін шет елдегі бәсеке аясында саланы дамытуға еш кедергі жоқ. Себебі, отандық өндірушілер ауыл шаруашылығы Министрлігінің бағдарламасы аясындағы инвестициялық шығындарға берілетін субсидияға сенеді. Мәселен, 50 адам жұмыс істейтін бір ғана печенье әзірлейтін желіні іске қосу арқылы АӨК-де кем дегенде 150 орынды құруға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз өнімнің құнын арттыруға жағдай жасайды. Несиелердің пайыздық үстемесін субсидиялау «Даму» қоры жүргізіп отырған кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы аясында іске асады.

«Мәселен, біз вафельді өнімдерді шығаруға арналған, монтажы қаңтар айында басталған жаңа желіні «БРК-Лизинг» АҚ қолдауы арқылы жылына 6% алдық. Бір ғана желі, қосымша жабдықтарды есептемегенде 1 млн 850 евроға бағаланады, оның ішінде 1 млн 275 мың евроны 9 жыл мерзімге «БРК-Лизинг» бөлді. Біз бұл жайында посткеңестік елдердегі әріптестерімізге үнемі айтып келеміз, ал олар өз кезегінде қазақстандағы кондитерлік өндірісті инвестициялауға керемет жағдай жасалған деген пікірде», - дейді Садықов.

2018 жылы «Баян сұлу» техникалық жаңаруды жалғастыра береді, жоспарда жаңа өнімдерді шығаратын жаңа желіні іске қосу міндеті тұр. Ал қандай өнім екені коммерциялық құпия. Фабрика басшысы, әзірге атауы жария етілмеген қостанайлық өнімдер өз қадірлеушілерін табады деген сенімде. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6035 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
директор студии «Цирк без границ!»
Гульнар Иксанова
председатель комитета по социально-культурному развитию мажилиса, депутат мажилиса VI созыва
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить