Қазақстандағы компанияны қалай банкрот етуге болады

17790

Өткен жылдың желтоқсан айы бизнес үшін оңалту және банкроттық рәсімдерді қолдану талаптарының жеңілдеуімен есте қалды. Мемлекет тарапынан мұндай қолдауды кәсіпкерлер іс жүзінде қалай сезді және науқаннан қапы қалмау үшін не істеу қажет? Осы және өзге де мәселелерді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің оңалту және банкроттық басқармасының басшысы Уәлиева Айгүл баяндайды

ҚР Қаржы министрлігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджеттік, салықтық заңнаманы және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау, оңалту және банкроттық туралы заңнаманы жетілдіруге мақсатталған. Ол сондай-ақ микро- және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан үш жыл мерзімге босатады, бірақ сонымен қатар республикалық бюджетті орындау бойынша бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң 2019 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды және рәсімдерді бастамашылық ететіндер үшін нақты және түсінікті критерийлерді белгілейді.

Борышкер  міндеттерін төрт айдан аса уақыт ішінде орындамауы оңалтуды қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінудің негізі болып табылатынын кәсіпкерлер білуі қажет. Банкроттық туралы істі қозғау үшін бизнес субъектісіне міндеттемелердің активтерден тұрақты асатындығы туралы деректерді ұсынуы жеткілікті, бұл оның орнықты төлемге қабілетсіздігін дәлелдейді.  

Өз кезегінде, кредитор заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат немесе борышкердің қарызды тануы негізінде оның алдындағы міндеттемелер орындалмаған кезде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.      

Бұл ретте Заң ақшалай міндеттемелердің мөлшеріне және олардың орындалмау ұзақтығына талап қоймайды.   

Оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану туралы шешімді сот борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ескере отырып қабылдайды.

Бұл құжат борышкер қызметінің көрсеткіштері негізінде уақытша әкімшімен (оңалту туралы істе) немесе уақытша басқарушымен (банкроттық туралы істе) құрылады. Қорытынды борышкер қаржылық орнықтылықтың белгілі сыныбына жатады деген тұжырымды қамтиды. 

Сонымен, субъектінің қаржылық жағдайын бағалау кезіндегі айқынсыздыққа жол берілмейді, ол бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін құруға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуды болдыртпау үшін өзінің төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында оңалтуды қолдану құқығы жеке кәсіпкерлерге берілді.

Заңның негізгі бағыттарының бірі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін қысқарту, бұл шығындарды  азайтады және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру деңгейін  арттырады.

Бұл үшін Заң кредиторлар жиналысының кейбір өкілеттіктерін кредиторлар комитетіне беруді көздейді.

Мұндай тәсілді қолдану кредиторлар жиналысы уақыт пен қаржы жағынан шығынды және барлық кредиторлардың қатысуын талап ететіндігіне байланысты, өз кезегінде кредиторлар комитеті жиналыстың өкілдік органы болып табылады және оны шақыру рәсімі жеңілірек.

Заңның қағидаларымен кепілді кредитор мен «әлеуметтік» бағыттағы кредиторлар мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етілді.

Кепілді кредитор бір жұмыскерге ең төменгі үш жалақыдан аспайтын көлемде еңбек ақы бойынша талаптарды өтегеннен кейін ғана кепіл мүлкін өз талаптарын қанағаттандыру есебіне алуға құқылы.

Заңдағы жаңалықтардың бірі- ұзақ уақыт бойы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған борышкерлерге, табысы мен мүлкі болмаған жағдайда банкроттық рәсімін қолданбай қызметін тоқтатуға мүмкіндік беру. 

Банкроттықты міндеттемелерін орындаудан жалтару үшін пайдаланатын тұлғалардың жауапкершілігін күшейті үшін «Әдейі банкроттық» қылмысының (құқық бұзушылығының) құрамы нақтыланды. Атап айтқанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан қашу мақсатында өзінің мүддесі үшін мүлкін иеліктен шығарып және жасырған құрылтайшылардың және банкроттың лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері басты назарға алынды.

Оңалтуды және банкроттықты жүзеге асыру бойынша қызметтің сапасын жақсарту мақсатында кәсіпқой бухгалтерлерге біліктілік емтиханын тапсырмай-ақ әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы берілді.   

Заңмен, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері корпоративтік (жеке) табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салығын, бірыңғай жер салығын төлеуден босатылды.

Сондай-ақ, Заңмен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы қаражатты тиімсіз пайдалану және бюджеттік жоспарлау үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексіне енгізілді.  

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить