«Altyn Oimaq» жобасы отандық дизайнерлер мен жеңіл өнеркәсіпке қолдау көрсетеді

12789

Қазақстандық брендттерді қалыптастыру және отандық өндірісті дамыту қалай жүзеге асады

Фото: Архив пресс-службы

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова айтып береді.

F: «Алтын Оймақ» жобасы қай кезден бастап қолға алынды? Миссиясы мен мақсаты қандай?

- «Алтын Оймақ» жобасы 2019 жылы алғаш рет іске қосылды. Оның басты міндеті- жеңіл өнеркәсіпті ынталандыру және жаңа отандық брендтерді айықындау арқылы импортты алмастыру саясатын жүзеге асыру және салалық мәселелерді талқылау мен шешу үшін платформа құрылды.

Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп саласы бүкіл әлем бойынша басымдық берілетін бағыттардың бірі болып табылады.

 Біріншіден, бұл индустрия халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін, оның ішінде әсіресе әйелдерді көптеп қамтитын үлкен әлеуметтік-экономикалық маңызға ие (өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің 90% әйелдер). Екіншіден, индустрияның маңыздылығы тұтыну тұрғысынан екінші орында болуында, яғни, бұл сала азық-түлік өнімдерін тұтынудан кейінгі орынды иеленеді. Жеңіл өнеркәсібі жалпы өңдеу өнеркәсібінің 0.9% құрайды. Бұл аталған саланың экономикаға айтарықтай ықпал етпейтінін көрсетеді. Сондықтан, қосымша жұмыс орындарын құру және экономикалық өсімді арттыру үшін жергілікті дамытуды қолға алу керек.

 Үстіміздегі жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі жеңіл өнеркәсіпті дамыту туралы 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды, аталған құжат «Атамекен» ҰКП бірлесіп дайындалған болатын. Ал «Алтын Оймақ» жол картасындағы бағыттардың бірін, оның ішінде Қазақстанның брендтері мен кәсіпорындарын және бүкіл өнеркәсіптің жалпы қажеттіліктерін қамтуға арналған мақсаттарды іске асырады. Бұл жоба аясында 2019 жылдың 4 наурызында дизайнерлер арасында байқау басталды, сондай-ақ бірінші республикалық форум және «Алтын оймақ» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі өтеді.

F: Жоба аясында «Атамекен» ҰКП және Әйел кәсіпкерлігін қолдау қоры бірлесіп аймақтарда дизайнерлердің қажеттіліктері мен проблемаларын анықтау үшін жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен кездесу өткізгенін білеміз. Қанша және қандай өңірлер қамтылды, кімдер қамтылды?

- «Алын Оймақ» дизайнерлер байқауы басталғаннан бері бір жарым айдың ішінде 13 аймақтағы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Карағанды, Павлодар, Алматы, Көкшетау, Қостанай Петропавловск, Тараз, Талдықорған) 19 өнеркәсіп өкілдерімен, 600 астам кәсіпкермен жекелеген кездесулер өтті. Жобаның қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында отандық тауар өндірушілердің тізілімін құру жоспарлануда. Тізілім аналитикалық деректерге ғана емес, сонымен қатар қазақстандық компанияларға сату нарықтарымен іскерлік байланыстар орнатуға да көмектеседі.

Ләззат Рамазанова
Фото: архив пресс-службы
Ләззат Рамазанова

F: Болашақта оларға нақты қандай қолдау жасалады? Олар өндіретін тауарларды республикалық және шетелдің нарығына шығару жоспарда бар ма?

- Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жол картасында кәсіпкерлерге өз өнімдерін экспорттауға көмектесетін нақты шаралар көрсетілді. Атап айтқанда, Қазақстанда өндірілмейтін шикізат пен компоненттерді импорттау кезінде импорттық баж салығының мөлшерлемесін төмендету. Жеңіл өнеркәсіп үшін импорттық жоғары технологиялық жабдыққа баждарды төмендету мәселесін зерттеу болады. Осы және басқа да көптеген шаралар отандық тауарлардың құнын төмендетуге және ішкі нарықта да, шетелде де олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 Сондай-ақ алдағы жеңіл өнеркәсіп форумында (2019 жылдың 29-30 тамызында Нұр-Султан қаласында өтетін) экспорттық мәселелер талқыланады. Біз Еуразиялық экономикалық одағындағы Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстанмен ортақ экономикалық кеңістіктеміз, онда кеден шекаралары мен шектеулер жоқ. Сондықтан, нарықты кеңейтуге және біздің өнімдерімізді экспорттауға барлық мүмкіндіктер бар. Бұдан басқа, аталған іс-шараға қатысатын шетелдік жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары болашақта қазақстандық шикізат импортын арттыруға ниет білдіріп отыр.

 Іс-шара барысында барлық өңірлердің отандық дизайнерлері мен кәсіпорындары өз өнімдерін көрсете және сата алады. Сонымен қатар, форумға ірі отандық және шетелдік бөлшек сауда өкілдері қатысады. Жақында еліміздің сауда-ойын-сауық орталығының ірі тізбектерінің бірі қазақстандық өндірушілер үшін преференциалды жалдау шарттарын ұсыну туралы бастаманы жариялады. Біз бұл қадамды құптаймыз және оның кең таралуын қолдаймыз.

F: Жалпы Қазақстан бойынша тіркелген жеңіл өнеркәсіп нысандарының саны қанша? Қандай кәсіпорындар?

- Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтар бойынша өнеркәсіп саладасында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 992 құрады, оның ішінде 13 ірі, 27-орта және 952-шағын кәсіпорын бар.

F: Аймақтарда болған кездесулердің қәтижесі қандай? Қандай проблемалар бар, жергілікті дизайнерлер қандай мәселелерді көтеруде, қандай ұсыныстары бар, бұл бойынша нақты қадамдар жасала ма?

- Байқаудың алаңында Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары құрған Әйел кәсіпкерлігін қолдау қоры осы саладағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін негізгі факторларды талдау үшін жобалық топ құрды. Бұл негізінен басқа салалардағыдай қаржыға қол жетімділік, сату нарықтарына және шектеулі іскерлік байланыстарға қатысты басты мәселелер. Егер біз салалық мәселелерге тоқталасатын болсақ: бөлшек саудаға қажетті кеңістікті қымбат бағамен жалға беру, отандық фурнитура өндірісінің жоқтығы, персоналдың жетіспеушілігі, оның ішінде тігіншілер, дизайнерлер және құрастырушылар тапшы.

F: Енді «Алтын оймақ» байқауы туралы айтып өтсеңіз. Шараға кімдер қатыса алады, үміткерлерге қандай талап қойылады?

- Байқауға Қазақстан Республикасының кез-келген мүдделі азаматы қатыса алады. Ең бастысы, өз жұмысыңызды байқаудың ережелеріне сәйкес жіберсеңіз болды. Бұл туралы толық мәліметті www.fundwomen.kz сайтынан алуға болады.

F: Жалпы қанша дизайнер қатысады? Байқау қандай кезеңдерден тұрады?

- Қазір біз бірінші кезеңді қорытындылаудамыз, оның нәтижесінде 187 өтініш келіп түскені белгілі болды. Ал 15 мамырға дейін өтініш беріп үлгермегендер өз жұмысын 10 маусымнан 15 қыркүйекке дейін жібере алады. Екі кезеңнің әрқайсысының соңында конкурстық комиссия 12 үздік өтінімді таңдайды. Байқаудың екінші кезеңі онлайн-дауыс беру бойынша өтеді және 6 номинацияның әрқайсысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

F: Қорытындысы қашан және қалай шығарылады? Жеңімпаздарды не күтеді?

- Байқаудың қорытындысы жылдың соңында қарай салтанатты жағдайда жарияланады. Жоба 2019 жылдың сәуірінде Президенттің Талдықорған қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми түрде таныстырылған болатын. Мемлекет басшысы өз кезегінде жылдың аяғында өтетін «Алтын Оймақ» байқауының қорытындысын жариялау рәсіміне арнайы қатысамын деп сендірді. Ал жеңімпаздарға әр номинация бойынша 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

F: Қандай өңірлер белсенді? Қандай өңірлерде отандық жеңіл өнеркәсіп жолға қойылған?

- Жеңіл өнеркәсіп саласындағы өңірлер арасында Түркістан облысы көшбасшы атанып отыр. Бұл көбіне «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құрудың арқасында болып отыр. Қазіргі уақытта онда жүзеге асып жатқан 13 жобаның ішінде 10-ы жеңіл өнеркәсіп саласы болып табылады. Қатысушылар үшін инвестициялардың көлеміне қарамастан кеден, инфрақұрылым, салық, мүліктік төлемдерге қатысты артықшылықтармен және жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қолдаудың мұндай шаралары іс жүзінде оң нәтиже береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить