50Х50: Бизнес пен билік қатынасының жаңа форматы

Мемлекеттік және жеке серіктестік бюджетке қалай әсер етті, жаһандық тәжірибенің біздегі беталысы қандай

 

әттімбет Жұмағұлов
Фото: Архив пресс-службы
Тәттімбет Жұмағұлов

Forbes.kz осы және өзге сауалдарға жауап іздеді. Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы Тәттімбет Жұмағұловпен тілдесті.

F: Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік әріптестік  қарқын алғанын білеміз? Соңғы нәтиже қандай, қанша келісім жасалды?

- Иә, Қазақстандағы мемлекеттік жеке меншік әріптестік бағытында қолға алынып отырған келелі істер өз жемісін беру үстінде. Себебі, инвестициялық ахуалды жақсарту мемлекеттік қолдау жүйесі барынша жетілдірілген. Бұл тұрғыда «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған ҚР Заңы басты орында. Алайда аталған механизм өз бастауын 2006 жылы 7 шілдеде қабылданған «Концессиялар туралы» Заңнан алады. Негізгі мақсат–бюджет тапшылығын барынша азайту, инвестициялық климатты жақсарту, экономиканы дамыту және ең бастысы билеі пен бизнес арасындағы байланысты жандандыру.

Мәселен, 2017 жылы соммасы 98 337 669,8 теңгені құрайтын 253 жобаға қол қойылса, оның ішінде жалпы жобалар көлемі 91 910 618,6 теңгені құрайтын 179 МЖӘ жобасы Қаржы Министрлігінде тіркеліп, заңды күшіне енген.

F: Жеке сектордың қаржысы қандай салаларға  тартылуда?  Оларға қандай артықшылықтар беріледі?

- Серіктестіктің бірнеше түрі бар. Бұл жерде билік пен бизнес өзара әрекеттесу арқылы инвестициялық жобаларды тараптарға тиімді формада жүзеге асырады. Үкімет қаржы салмайды, бірақ бірқатар артықшылықтар береді, мәселен жер телімін ұсыну, мемлекеттік активтерді  басқару мүмкіндігін беру, инфрақұрылым немесе коммуникациямен қамтамасыз ету сияқты мәселелерді мойнына алады. Мысалы, 2017  жылы ауыл шаруашылығы саласына 1,3 млрд теңге тартылса,  ақпарат және және байланыс бағытында 8,39 млрд теңгеге жетті, дене шынықтыру және спорт 15,86 млрд, ал ең көбі 35,10 млрд теңге білім саласына тартырылған. Бұдан бөлек  әлеуметтік сала, энергетика, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы бар.     

F: Инвестицияның басым бөлігі білім саласына бағыт алыпты? Бұл негізінен қандай жобалар?

- Білім саласындағы МЖӘ жобаларының басым көпшілігі бала-бақшамен байланысты. 2017 жылғы келісімшарт жасасқан жобалардың нәтижесінде шамамен қосымша 13 578 орын ашылады. Бастапқы кезеңде бюджет шығындары үлкен болғанымен, болашақта жеке серіктестің сапалы құрылыс жүргізуі немесе қайта жөндеуі арқылы бюджеттен жөндеу, жаңарту жұмыстарына кететін шығындарын мүмкіндігінше азайтуға болады.

F: Сіздердің миссияларыңыз мемлекет мен бизнес арасында көпір болу екені белгілі. Компаниялар ынталы ма? 

- Кез келген инвестициялық жобада оның қаржылай тиімділігі басты орында тұрады. Инвесторлар тиімді әрі өзін ақтайтын жобаларға қаржы құюды көздейді. МЖӘ жобаларының әкімшілік тарапынан ұсынылатын басым бөлігі аймақтық және әлеуметтік маңызға ие. Инвесторды мұндай осы салаға тарту оңай емес. Ал осы сипаттағы жобалар болса елімізде жетіп артылады. Негізі инвестор көзқарасымен алғанда: қаржыландыру тұрақтылығын, кіріс көзінің жоғары пайда әкелуін, сонымен қатар мемлекет пен өзара жобалық және қаржылық тәуекелдерді тең дәрежеде бөлісуді көздейді, ал мемлекет тарапынан: белгілі бір аймақта немесе тұтас мемлекетте әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту мақсатына негізделеді.

F: Басты мақсат-бюджетке салмақ түсірмеу. Үкімет қазынасына қатысты сандар қаншалықты өзгерді?

- Иә, бюджетке айтарлықтай әсері бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы бойынша оның төмендегені байқалады. Ақтөбе облысындағы шығындар 2016 жылы 28,41 млрд теңге болса, 2017 жылы 9,14 млрд-қа қысқарып, 19,27 млрд теңгені құрады. Оңтүстік Қазақстанды алайық, онда 38%-ға қысқарған.  Тағы бір мысал Қарағанды облысында 48,63 млрд-тан 29,38 дейін азайғанын байқаймыз. Бір сөзбен айтқанда барлық өңірде үнемдеуге мүмкіндік туды, бюджеттік шығын төмендеді.

F: Яғни, бұл көрсеткіштерге 2015 жылы қайта жаңартылған Заң ықпал етті деуге бола ма?

- 2015 жылғы қабылданған «Мемлекеттік-жекешілік әріптестік туралы» Заңнама 2006 жылғы қабылданған «Концессиялар туралы» Заңын барынша күшейтіліп, ірі инфраструктуралық жобаларды жүзеге асырумен қатар әр түрлі салаларда кіші жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл қатысушылар санының артуына серпіліс беріп, соның барысында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржы ұйымдарына көптеген мүмкіндіктер ашылды. Оның бір мысалы ретінде қаржы ұйымдары конкурстық құжаттама, МЖӘ келісімшартының жобасын рәсімдеу кезеңдерінде жеке серіктестің алдында алған заемдық міндеттемелерін орындамаған уақытта өзіне қажетті, әрі тиімді талаптарын ұсына алатындығын нақты көрсетуге болады.

F: Жалпы бұл формат қай мемлекеттерде қолданылады? Қазақстан қай елдердің тәжірибесін енгізді?

- Серіктестіктің бұл түрі көптеген дамыған елдерде қолданылып жүр. Заңды әзірлеу барысында оның көбін зерттеді де, әсіресе Оңтүстік Корея мен Түркия елдерінің тәжірибесін негізге алды. Бір ғана мысал келтіре кетсем, қазіргі күні әлемдегі Disneyland ойын-сауық кешендерінің саны 5 жетті. Олар туристтік кластерде Америкада, Жапония, Қытай, Франция экономикасына орасан пайда әкеліп отыр. Франциядағы «Disneyland Paris» кешенін алайық, ол өз жұмысын 1989 жылы француз үкіметі мен Euro Disney компаниясы және жергілікті билік (5 муниципалитет және 1 аймақтық билік органы) арасында жасалған 30 жылдық келісімшарт негізінде бастады.

F: Мемлекет тарапынан бұл кешенді жобаға:

 

- Инфрақұрылым құрылысына $400 млн  көлемінде қаржы бөлінді.

- Парк жанынан трансевропалық темір жол экспресс станциясы арнайы салынды.

- 1,9 мың га. аумақ ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер бағасымен, яғни жеңілдетілген бағамен сатылды.

- Оған қоса 770 млн $ көлемінде жеңілдетілген мөлшерлемемен ұзақмерзімді несие бөлінді.

- Міндетті салықтық мөлшерлемені 18,6% дан 5,5% ға төмендетілді.

Ал жеке серіктес тарапынан:

- Парктің жобалау және құрылыс жұмыстарын атқара отырып, жобаға өз қаражаты есебінен $100 млн инвестициясы тартылды.

Қорыта айтқанда «Disneyland Paris»-ге жылына 10 милионға жуық адам келіп қызықтайды, ең қызығы Францияның туризм саласындағы бүкіл табысының 6%-дан астам кірісін құрайды. Бұл мемлекет пен жеке серіктес қол жеткізген бір ғана ауқымды жоба. Сондықтан  Қазақстандағы әріптестіктің болашағы әлі алда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6293 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
директор студии «Цирк без границ!»
Гульнар Иксанова
председатель комитета по социально-культурному развитию мажилиса, депутат мажилиса VI созыва
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить