Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады

11971

ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы маусымда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

Иллюстрация: © Depositphotos.com/SimpleFoto

2019 жылдың маусымында ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1 005,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2,4 есеге және мамыр айына қарағанда 8,4% - ға артты. ҚР аумағындағы карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі маусым қорытындысы бойынша мамырмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 70% құрады. Бұл ретте қазақстандық эмитенттердің карточкалары (ел ішінде және одан тыс жерлерде) бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге, 1 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы маусым айында 70% - ға дейін ұлғайып, кезекті максимумға жетті (көрсеткіш 100% - ды көрсеткен кезде ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемімен салыстырылады). Сонымен қатар операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) маусым айында 41% - ға дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөлуде маусымда ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы карточкалар бойынша транзакциялар көлемінің өсуіне қатысты болды (+52,0 млрд теңге). Қалған аймақтардың аумағындағы карточкалар бойынша төлемдер динамикасы Алматы облысын қоспағанда, маусымда да оң болып шықты. 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бірнеше өңірлер теріс динамиканы көрсетті (1-кестені қараңыз).

Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларды пайдалана отырып қолма – қол ақшасыз төлемдер бойынша «орташа чек» маусым айында 11 011 теңгеге дейін өсті (ай бұрын – 10 601), ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,3 есе асып, 46 584 теңгені құрайды (ай бұрын – 44 349).

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Сонымен қатар, ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма - қол ақшасыз төлемдер көлемінің 68%-ы интернетте төлеуге, ал 31% - ы POS-терминалдар арқылы төлеуге тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 11% - ға төмендеді.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

ҚР ҰБ хабарламасынан

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төлем карточкаларын эмиссиялауды іс жүзінде 22 банк және "Қазпошта"АҚ жүзеге асырды. Аталған ұйымдар VISA International, MasterCardWorldwide, UnionPay International, AmericanExpress International және DinersClubInternational халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Бұдан басқа, Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Қазақстан Ситибанкасының жергілікті карточкасы - "Ситибанк Қазақстан" АҚ және төлем карталары жүйесі Kaspi.kz - "Kaspi Bank" АҚ.

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша айналымда 26,4 млн.төлем карточкасы бар, ал осы карточкаларды ұстаушылар саны – 23,3 млн. адамды құрады (2018 жылғы ұқсас күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 24,0% - ға және 26,9% - ға өсті). Ең көп тараған дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 76,1%, несиелік карточкалардың үлесі 20,2% құрайды. Несиелік лимиті бар дебеттік және алдын ала төленген карточкалардың үлесіне тиісінше 2,0% және 1,7% келеді.

2019 жылғы маусымда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы транзакциялар көлемі 2 502,3 млрд.теңгені құрады (2018 жылғы маусыммен салыстырғанда өсім 51,7%). 2019 жылғы маусымда транзакциялар саны 126,8 млн. транзакцияны құрап, 2018 жылғы маусыммен салыстырғанда 98,5% артты. Бұл ретте қолма – қол ақшасыз төлемдердің саны мен көлемі 2,2 еседен астам өсті (саны 93,3 млн.транзакцияны құрады, көлемі – 1 036,6 млрд. теңге), ал қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардың өсуі – саны бойынша 41,3% (33,6 млн. транзакция) және операциялар көлемі бойынша 23,7% (1 465,7 млрд. теңге).

Қолма-қол ақшасыз төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы саны мен көлемінің 52,1% және 30,6%) және интернет/мобильді банкинг (тиісінше 47,3% және 67,8%) арқылы жасалды. Қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялар негізінен банкоматтар арқылы жасалды (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінің 91,0% және 83,0%).

ҚРҰБ статистикасы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить