Қазақстандық велосаяхатшылар Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтарын жүріп өтпек

Талғат Жұмабеков пен Асқар Әшімовтың сапары қанша уақытқа жалғасады

Жиһангездердің экстремалды сапары қай жерден басталды, олар қандай қалалар арқылы өтеді, бағыт қалай белгіленді, сапардың мақсаты қандай, жобаға кімдер қолдау көрсетті, велошабандоздардың сапары қай кезде аяқталады, оларды алғаш қабылдаған Аляска қалай қарсы алды, аймақта көптеп мекендейтін аюлар мен жабайы жануарлар қаншалықты қауіпті?    Бұл туралы Forbes.kz  тілшісіне сұхбат берген жоба қатысушысы Асқар Әшімов айтып береді.

F: Асқар мырза,  велоcаяхат идеясын кім ұсынды? Неге Солтүстік және Оңтүстік Америка таңдалды?

- Қос Америка құрлығымен экстремалды сапар жасау туралы идеяны негізі қасымдағы серігім әрі кәсіпқой велосаяхатшы Талғат Жұмабеков ұсынған болатын. Ол бұған дейін әлемнің көптеген елдерін  аралап келген  белгілі қазақ жиһангезі. Мен онымен бірге сапарға алғаш шығып отырмын.   Ал Талғат велосипедпен әлемдегі 39 мемлекетті жүріп өткен. Жалпы ол бұл саяхат түрімен 2015 жылдан бастап айналысып келеді, 4 жылда 56 мың шақырымды бағындырып үлгерген.  Тіпті, кезінде Мекке мен Мәдинаға дейін қос дөңгелекті көлігімен барып қайтқан болатын. Бұдан бөлек Мысыр, Марокко, Таулы Алтай, Иран, Өзбекстан, Түркіменстан, Араб Әмірлігінде және Еуропа еллдерінде болған. Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ елін әлем елдеріне таныту.

F: Сапарды ұйымдастыруға қанша уақыт кетті? Құжат рәсімдеу, виза әзірлеу жағы қалай шешілді?

- Иә, дайындалуға, ұйымдастыруға біраз уақыт кетті. Бір ай бойы  жүретін бағытымызды жасадық, бір жарым айдай уақыт виза жасауға кетті. Біз үшін америкалық, канадалық визаны әзірлеу маңызды болды, ал қалған мемлекеттер қиындық тудырған жоқ, мысалы Мексикаға америкалық визамен өте беруге болады. Ал Венесуэла, Коста-Рика елдеріне бір ай ақысыз негізде кіруге болады, яғни, олар визасыз режимге кіретін мемлекеттердің тізімінде. Сондықтан, басқа мемлекеттерге байланысты мәселелер тез шешілді.

F: Сіздерді кімдер қолдады? Демеушілер бар ма? Қаржы мәселесі қалай шешілді? Себебі, бұндай жобаға аз шығын кетпейтіні белгілі.

- Бұл жобаға жеке инвестиция салған азаматтар бар. Бірақ, олардың бәрінің есімдерін атаудың қажеті жоқ шығар. Көмек бергендер, қолдау жасағандар, әрине болды, солардың бірі- «Тұран ТВ» директоры Роман Ботабеков    деген кісі. Ол басшылық ететін арна негізінен саяхат, аңшылық, балық аулау жайында хабарлар дайындайды.  Мысалы, Нұр-Сұлтан- Франкфурт бағытындағы ұшақ билетін  «Эйр-Астана» Ұлттық компаниясы көтерді. Ал, байланысты Ксell компаниясы, спутниктік байланысты «Жарық»  деген компания өз мойнына алды. Сонымен қатар, азық-түлік түрлерін  вакумды қаптамалармен шығаратын бір фирма қолдау жасады.

F: Жалпы қанша елді, қанша қаланы басып өтесіздер?  Оларды қанша уақытта жүріп өтесіздер?

Иә, бағытымыз жоспарланған, оларды жүріп өтетін мезгіл де белгілі. Алдымен Солтүстік Америкадан бастадық. Аляска- Канада-Вашингтон-Лос-Анджелес-Мексика-Гватемала бағыттары бойынша жүреміз. Ал Оңтүстік Америкада Колумбия, Перу, Бразилия, Чилиға барамыз және сапарымыз келесі жылы осы кезде аяқталуы тиіс.  Әрине, оңай болмайды. Бірақ, біз бәріне дайынбыз.

F: Саяхат қалай және қай кезде басталды?

- Біз сапарды Аляскадан бастадық. Ал жалпы 2019 жылдың 27 шілдесінде Алматыдан Нұр-Сұлтанға, одан кейін астаналық әуежайдан Франкфуртқа аттандық және онда он сағат аялдап, кезекті рейспен  Алаяскаға ұшып кеттік. Онда  «Русcкий центр» деген бар, бізді алғаш сол орталықтың өкілдері қарсы алды. Талғат Жұмабековтың Мәскеуде бір досы бар, ол кезінде Американы велосипедпен Аляскадан бастап  жүріп өткен. Сол азамат бұрынғы таныстарының мекен-жайларын берді, біз солардың көмегімен сол жерден сапарды бастап кеттік. Әрине, онда алдын ала дайындық болды, 1-2 күн бейімделу керек болды, себебі ондығы күн мезгілінің айырмашылығы бар, біз жақта күн шығып жатқан сәтте, бұл жақта керісінше, кеш түсіп жатады.  Осыдан кейін біз велосипедке отырып, алғашқы күнімізді бастадық, осы жерден  Фэрбанкс қаласына  қарай аттанып кеттік. Айта кету керек, бұл жақта қалалардың арасы өте ұзақ, ондаған шақырымды құрайды. Бірақ, жол бойында кэмп деген арнайы алаңдар бар, саяхат көліктеріне арналған,  осындай қауіпсіз жерлерге аялдап, шатырымызды орнатып жатамыз. Себебі, бұл аймақта жабайы жануарлар, жыртқыштар өте көп. Бұғылар, аюлар көп кездеседі. Сондықтан, олардан сақтанып, адам көп жүретін жерлерге тоқтаған жөн.  Оның үстіне Алаяскада үлкен орман өрттері болып жатыр. Жуырда Ресейде болған алапат өрттен үлкен болмаса, кем емес және оны сөндіру қиынға соғуда. Біз  бір ай ішінде  бүкіл Алясканы басып өтіп,  Фэрбанкс деген қалаға келіп жеттік, онда полярлы шеңбер  өтеді.  Жолда  қызықты жерлер өте көп, табиғаты тамаша, өте әдемі, сөзбен жеткізу мүмкін емес, көптеген керемет қорықтар, ыстық қайнар бастаулар бар, осының бәрін аралап шығу үшін біраз уақыт кетті. Жаз маусымында Аляскада туристердің қарасы көбейеді, саяхатшылар  жүздеп, мыңдап саналады, алыс мелекеттерден, американың өзінен көптеп келеді. Әсіресе, Қытайдан, Жапониядан келген туристер саны өте көп. Тіпті, олардың қатары қыста да үзілмейді, әрине қазіргіден аздау болады, себебі күн суытады, бірақ Алясканың кереметін көруге асығатындар қатары жыл бойы тоқтамайды, қыста негізінен Солтүстік шұғыланы тамашалауға келеді.

F: Климат, ауа-райы әсер етпеді ме?

- Қазір ауа-райы  тамаша. Климат жақсы, күн жылы, ауаның темпиратурасына шағымымыз жоқ. Қоршаған орта болса керемет.

F: Күніне қанша шақырым жүресіздер?

 - Әр кезде әр қалай. Орта есеппен 80-100 шақырымды артқа тастаудамыз.

F: Бағыттарыңызды қалай анықтап отырсыздар? Арнайы құралдарыңыз бар ма? Жолда ненің көмегіне жүгінесіздер?

- Бізде бағыт беретін құралдарымыз бар. Карта бар, бапс деген бар, компастың қажеті жоқ, себебі қалаларды үлкен магистральдар байланыстырып жатыр, сондықтан адасып кету деген болмайды. Күре жолдардың барлық жерінде нұсқаушы белгілер орнатылған.

F: Жергілікті тұрғындар қазақтарды қалай қарсы алуда?

Өте жылы қарсы алуда. Америкалықтар, Аляска тұрғындары  бізге келіп, сәлемдесіп, жағдайымызды сұрап, танысып, Қазақстан жайлы сұрап жатты.  Орыстар да өте көп тұрады екен. Олар да  қазақстандықтарды ерекше қарсы алуда. Біра айта кетері Алясканың орыстары мен америкалықтар өте тату тұрады, бір бірін өте құрметтейді, бәрі мейірімді.  Күні кеше ғана World  and travel  бағдарласы бойынша жүрген қазақтарды да кездестіріп қалдық. Бәрі жас жігіттер, осында арнайы бағдарлама бойынша келіп, жұмыс істеп жүр екен.

F: Жобаны телеарналардың бірінен көрсету жоспарда бар екен. Түсіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Түсіру жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Қажетті техниканың бәрі бар. Дрон, экшн камералар бар. Жолды, саяхатты түгел өзіміз түсіріп келеміз. Болашақта сапарымызды экраннан міндетті түрде көрсетеміз. Қазір материалдарды жинау үстіндеміз. Бұйыртса алдағы уақытта көретін боласыздар.

F: Қалай және қайда тамақтанудасыздар?

Күнделікті қолданатын тағамдар мен азық-түлікті көтерме бойынша сататын  арнайы дүкеннен сатып аламыз. Себебі, бұл жақта осылай сатып алған әлдеқайда арзанға түседі, ал дүкендере қымбат. Мысалы,  балық консервісінің бір данасын кәдімгі дүкеннен сатып алсаң бағасы $3-4  болады, ал қаптамадағы бірнеше данасын, яғни  7-8 данасын алсаң небары $10-ға  бағаланады. Неге екенін біледім, баға айырмашылығы осындай.

F: Жолдың аты жол. Қиын жағдайларға тап  болған кездер болған жоқ па? Жағарыда аюлардың көп екенін айттыңыз. Оларды кездестірген жоқсыздар ма?

- Иә, айнала қалың орман, жабайы табиғат. Жол үстіне бұғы шығып кеткен кездер болды. Тас жолда көлік астына түсіп қалған жабайы жануарлардың жатқанын  көптеп кездестірдік. Аймақта аюлар өте көп, абай болу керек, олар өте қауіпті. Аляскада аюдың үш түрі мекендейді. Қара, қоңыр және сұр аю  бар. Құдай сақтасын, егер қарсы алдыңнан шығып қалса, құрыдым дей бер.  Біз күні кеше ғана қоңыр сұр түкті  аюдың бірін  жол жиегінен кездестірдік. Алып жыртқышты жақыннан көргенде кімнің болсын бойын үрей билейді, өте үлкен, асықпай маң-маң басып, бізге қарай қорбаңдап келе жатты. Қайдан және қалай шыққанын байқамай қалдық,   адамдардан еш сескенетін емес. Ағаштардың бірін көз алдымызда құлатып, емін-еркін қорегін теріп жүр.  Бұл жердің қожайыны шын мәнінде кім екенін көрсетіп тұрғандай.  Ал біз  осы бір керемет сәтті пайдаланып, лезде оны  суретке, бейнеге  түсіріп алдық.     Сондықтан, барынша сақтанып, абайлап жүріп келеміз. Бұғылар болса үнді сиырлары сияқты кез келген жерде еркін жайылып жүре береді. Жалпы жолда шағын қалашықтар, елдімекендер, көп мәселен жолда бір жанар май бекеті кездеседі, қасында бірнеше шағын дүкен бар, ковбойлардың киносындағыдай, сол бір қала саналады.  Адамдар негізгі тас жолдан  500-1000 метр жерде тұрады, яғни орман ішінен үй тұрғызып алған және сонда тұрады. Тұрғындар бір бірінен өте алшақ тұрады. Почта жәшігі жолдың бойында, ал үйі болса одан алыс, қалың орман ішінде орналасқан және міндетті түрде барлық жерде америкалық жалаулар желбіреп тұрады. Фэрбанкс қаласында кеңес және америкалық жауынгерлерге арналып үлкен ескерткіш қойылған екен. Бұл жерде үлкен әскери база бар, ал онда осы жердегі соғыста қаза тапқан  кеңес сарбаздарының бейіті бар. Жапон жауынгерлерінің зираты да  осында. Онда Жапон үкіметі арнайы ескерткіш орнатып кеткен. Сонымен қатар, Американың 32- ші президенті Франклин Рузвельттың баласы да осы жерде жерленген екен. Бұл сапарымыздың ағашқы бөлігі ғана. Алда әлі талай қызықтар, қаншама қалалар күтіп тұр. Сондықтан, «Тек қана алға!»- деген ұранмен сапарымызды одан әрі жалғастыра береміз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8821 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
18 октября родились
Есжан Биртанов
заместитель председателя Национального банка Республики Казахстан, председатель совета директоров KASE
Елжан Биртанов
министр здравоохранения РК
Эдуард Огай
председатель совета директоров ТОО «Казахмыс холдинг»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить