Қазақстандық еріктілердің белсенділігі қаншалықты артады, олардың қоғамға берер пайдасы қандай

Бизнестегі еріктілер кімдер, еріктілердің экономикадағы үлесі қандай

Қазақстанда 2020 жыл волонтерлар жылы деп жарияланғаны белгілі. Күні кеше ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық фронт-офистің ресми ашылуы өтті.

Еріктілік - бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп. 16 мың адам - ​​бұл бастапқы сан ғана. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар, негізінен, өзінің жан дүниесімен, шын беріліп, өз еркімен, волонтерлықпен  айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы органдардың, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті - еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, - деді ҚР Президенті.

Ерікті деген кім?

Сонымен, волонтер деген кім? Олардың Қазақстандағы және әлемдегі белсенділігі қандай? Олар қаншалықты пайдалы?  Дерек бойынша волонтерлар дүние жүзінде кең таралып, әлемдік қозғалысқа, белсенді топқа айналды. Мәліметтерге сәйкес,  бүгінде әлем бойынша  1 млдқа жуық адам ерікті болып табылады. Ал Қазақстанда 16 мың төңірегінде екен. Президенттің пікірінше бұл өте  аз. Сондықтан бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін көтеруге болады. Себебі, олардың жаһандық дамуға тигізер үлесі орасан. Мысалыға, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 2,5 пайызы – Еріктілер еңбегінің нәтижесі екен. Бірқатар  елдерде ерікті болу қалыптасқан жағдай,  олар үлкен құрметке ие. Себебі, жұрт оларды ерекше сыйлайды, құрметтейді. Келтірілген ақпаратқа қарағанда  Франция халқының жартысына жуығы волонтер атанған. Сонымен қатар, Германия мен Жапонияда еріктілердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен.

Бизнестегі белсенділігі қандай?

Көңілбай Шүкенов кәсіпкерлікпен айналысады. Бизнесте белсенді, бірнеше жобаның негізін қалаушы. «Asyl Adam» баспана және жұмыс қамту қоры, «Бақыты отбасы» жобасының авторы. «Amanat Home» кооперативі және «Алло не керек» интернет дүкені жобасын негізін қалаушы. Ол тек табыс тауып қана қомай, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Оның пікірінше еріктілер ең алдымен есеп үшін емес, нәтиже үшін еңбек етуі керек және оның бәрі әркімнің өз еркімен іске асуы тиіс. 

Бизнестегі волонтерлер кімдер? Олар екіге бөлінеді, біріншісі-өз еркімен қолдау жасайтын, кезінде қиындық көрген кәсіпкерлер. Екіншісі-бизнес өкілдерін қандай да бір шараларға еріксіз тарту, оларды көмек көрсетуге шақыру, жекелеген органдардың өтініші бойынша демеу жасау.  Әрине, соңғысы қайырымдылық, меценаттық болып табылады дегенге толық келісе алмаймын.  Ал қиын жағдайда қалғандарға қаржысын бөліп беру, оларға шын көңілімен қолдау білдіретіндердің әрекетін нағыз ерлік деп бағалаймын. Егер әлемдік деңгейде алатын болсақ, технология тарихында өз қолтаңбасын қалдырған Стив Джобс, Уоррент Баффет сияқты атақты миллардерлер тапқан табыстарының белгілі бір бөлігін қайырымдылыққа салады, өздері сынды өмір жолында қиындық көргендерге қолдау көрсетіп жатады, біз осындай тұлғалардан сабақ аламыз, алуымыз керек. Әрине, бизнесте волонтерлардың көп болу қажет және ең бастысы бұның бәрі ерікті түрде болуы шарт. Сонымен қатар, волонтерлік тек бизнеспен шектелмейді, ақшамен өлшенбейді. Себебі, қазіргі күні көшеде иесіз қалған иттермен, ауырған жануарларға қамқорлық жасап жүргендерді де кездестіреміз, бұл да өз алдына волонтер, қайырымдылықтың бір түрі, - дейді.

 

Көңілбай Шүкеновтың айтуынша волонтер жасына, кәсібіне қарай бөлінбейді. Оның білімі, қызметі, лауазымы, деңгейі мен дәрежесі маңызды емес. Оның ойынша волонтер деген- ерікті, ерікті деген- асыл адам, жақсы адамдар деген мағынаны білдіреді,  оларды осылай атаса артық етпейді. Өйткені, кейбіреулер еріктілерді қолы бос, ерігіп жүрген адам ретінде  қабылдап жатады.  Кәсіпкердің пікірінше оларсыз өмір жақсы жағына өзгермейді, өйткені олардың қоғамға берер пайдасы көп, оларсыз қоғамның мәні мен сәні келспейді. Ең бастысы олар  көптеген азаматтардың назарын өздеріне аудартып, өзгелердің түзелуіне, ойын өзгертуге ықпал етеді, үлгі болады. Сондықтан, оларға тек бір жыл ішінде ғана емес, үнемі жақсылық жасап отыру үшін арнайы алаң жасап беру керек.  Осылай адамдарды біріктіру керек, осылай жақсы адамдардың қатарын арттыруға болады. Ал олай болса әлем өздігінен  өзгереді.

Көңілбай Шүкенов
Көңілбай Шүкенов

- Бұл үлкен идеология, үлкен күш, оларды ақпарат құралдары арқылы көп насихаттау керек. Ал өзіме келсем, қазір «Бақытты отбасы» жобасын іске асырып келемін. Мақсатым-жетімдерді, жесірлерді жылатпау, олардың баспаналы болуына жағдай жасау. Себебі, мен өзім көп балалы отбасыдан шықтым, қиындықты көп көрдім, анамыз жалғыз асырап баққаннан кейін, сондай өмірді көрген соң, мұқтаж жандарға қолұшын беруге атсалысып жүрген жағдайымыз бар, - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша волонтер қоғамдағы, айналадағы құбылыстарды жүрегімен сезіп, оны шешуге аз да болса ықпалын тигізуі тиіс. Олар дінге, ұлтқа, нәсілге бөлінбей, шамасы келгенше баршаға көмек беруге әзір тұратын  нағыз жанашырлардан құралуы керек.

Біз 2020 жылдың басында  еріктілер  жылына орай кәсіпкелер бірігіп әр қаладағы мұқтаж жандарға баспана сыйлайық деген ниетпен эстафета бастадық. Қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында бір отбасыға бір бөлмелі пәтер тарту еттік және эстафета кілтін халық жанашыры Бекзат Қомарұлына жолдадық. Ол өз кезегінде қабыл алып, одан ары қарай жолдап жатыр. Бұл бастамамыз жылдың аяғына дейін барлық қалаларды қамту тиіс. Алдағы 1 наурыз-алғыс айту күніне орай тағы бір пәтерді сыйлауды жоспарлап отырмыз. Бұл адамдарды қайырымдылық жасауға шақырады деген үміттеміз. Қазір «Асыл адам» қоры Нұр-Сұлтан қаласы жанынан 5 котедж салуда. Оның төртеуі мұқтаж отбасыларға беріледі, ал бір үй қайырымдылық жасаған адамға жыл соңында тарту етіледі. Сондықтан, биылғы жыл тек науқандық емес, насихат бағытында көп көрініс беру керек, - деді Шүкенов.

Қазіргі күні  Қазақстанда 200-ден астам еріктілер ұйымы бар екен, оларға 50 мыңнан астам еріктілер қатысады.  Белсенділердің бірі- «Birgemiz» фронт-офисінің амбассадоры, Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абаканов. Оларды Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту бойынша көптеген  міндеттер күтіп тұр. Еріктілер қозғалысы осылайша қоршаған ортадағы  өзекті проблемалардың шешілуіне оң ықпалын тигізуі керек.

Елдос Абаканов
Елдос Абаканов

Фронт-офис туралы айтатын болсақ, мемлекет тарапынан жұмыс жоспары белгіленді, соған сәйкес министрліктер, жергілікті атқарушы органдар, волонтерлік штабтар бірлесіп  жұмыс істейтін болады. Орталық офис Нұр-Сұлтан қаласында, Экспо қалашығында ораласқан. Жалпы, жеті ұлттық жоба бар, олар: медицина, сабақтастық, білім және т.б салалар. Мысалы, мені экология бойынша фронт-офистың амбассадоры ретінде  ұсынды.  Әрине, экология қазіргі кезде қоғамда, әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан үлкен проблема болып табылады. Бұл бағытта біздің жоспарымыз бар, қазіргі таңда университеттермен, мектептермен жұмыс бастадық. Одан бөлек белсенді азаматтармен жұмыс істеу арқылы, белгілі экологтардың білімі мен тәжірибесін қарапайым азаматтарға жеткізуге тырысамыз, - дейді Елдос.

Сонымен қатар, қазақстандық азаматтар жаһандық және аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған  халықаралық еріктілер бастамаларына белсенді қатысуы керек. Қазірдің өзінде Қазақстан Дүниежүзілік тазарту күніне 116 елден 20 миллионнан астам адамды біріктіретін экологиялық науқанға қатысуға дайын. Қазақстандықтардың БҰҰ-ның, ЮНИСЕФ-тің, AIESEC-тің және басқа да халықаралық бастамалардың еріктілік бағдарламаларына қатысуы әр түрлі мемлекеттердің тәжірибесімен танысуға және біздің елге еріктілердің ең жақсы тәжірибелерін тартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен  арнайы гранттар бөлінеді. Қазір аталған гранттың операторы анықталып жатыр. Мен амбассадор ретінде сол оператормен жұмыс істеймін және сонымен бірге еріктілердің орталықтары пайда болады, онда мыңға  жуық эковолонтерларды дайындаймыз.  Жалпы, 68 экологиялық жоба жүзеге асырылуы тиіс,  оларды қаржыландыру мәселесі де ескеріліп отыр. Өкінішке орай,  Қазақстанда эковолонтерлық деген түсінік толық қалыптаспаған. Біздің мақсатымыз-осы ұғымның кеңінен қолданылуына үлес қосу, тек енгізіп қомай іске асыру,  заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу, басқа да құжаттарға түзетулер енгізуге тырысамыз. Осы жылы эковолонтерлық негізінде еліміздегі негізгі экологиялық  проблемаларды анықтаймыз деп ойлаймыз. Қоршаған ортаға келетін зиянды төмендету, экологиялық өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылады, - деді амбассадор.

Сонымен қатар, еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету қарастырылады.  Президент  тапсырмасы бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді еріктілердің жұмысы еңбек өтілі болып есептеледі. Сондай-ақ, волонтер студенттерге қосымша стипендия беріледі немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етіледі. Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлу тапсырылды. Ал еңбегі ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылатын болады.

Аймақтардағы белсенділік

«Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесі ресми түрде іске кірісті және оның жоспары еліміздің аймақтарында қатар жүзеге асырылады. Түркістан облыстық  Жастар ресурстық орталығының  басшысы Амалбек Өміртайдың айтуынша  Түркістан жастары аталған шараны тікелей эфир арқылы тамашалаған және  алдағы міндеттерді іске асыруға білек сыбана кірісіп кетті.

Амалбек Өміртай
Амалбек Өміртай

Волонтерлік жұмыстың еңбек өтіліне жататындығы жастарға беріліп отырған үлкен қолдау деп есептеймін. Студенттер оқу орнын бітіргенде еңбек кітапшасына ерікті бола жүріп атқарған қызметі жазылады. Ал, қосымша шәкіртақының төленуі үлкен қолдаудың белгісі, - дейді Амалбек.

Қазір Түркістан облысында 5000-нан астам волонтер бар. Алдағы уақытта олардың қатары 10000-нан асып жығылмақ. Себібі, Түркістан облысын 2 млн халқы бар, 508 мың жастар өкілі мекен ететін халық тығыз қоныстанған өңір.

Еріктілерді материалдық және рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына тарту бағытында құрылған «Асыл Мұра» жобасы біздің облыста кеңінен жүзеге асады. Аталған бағыт аясында «Ұлы Жібек жолының жаңа келбеті», «Әлемге құшақ ашқан – Түркістан», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Аңыз қорғандары» секілді бірнеше жобалар бастау алмақ. Бұл өңірдің туризм әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіншіліктер туғызатын жобалар болады. Жобаларды жүзеге асыруға жүгірген жастан, еңкейген қарияға дейін атсалыспақ. Түркітсан облысында «Волонтерлар жылы» аясында кез-келген істің атқарылу барысына түпкілікті негіз ретінде 5 қағида енгізіліп отыр. Олар: айналаны таза ұстау, жақындарға қамқор болу, білгеніңмен бөлісу, жақсылық жасау, Абай айтқан 5 дұшпан мен 5 асыл істі ұғыну, - дейді жастар орталығының басшысы.

Айтақта волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыты бойынша да тың жобалар жүзеге аспақ.  Олар  Өңірдің жалпы ішкі өнімін арттыруға жағдай жасауы тиіс. Сонымен қатар еріктілер қозғалысы өндірістік қатынастарды жылдамдатуға, құрылыс, ауыл шаруашылық, туризм, білім беру, қоршаған ортаны қорғау секілді экономиканың негізгі бағыттарына серпін беруді жоспарлап отыр. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында волонтерлік қызметті ынталандыру, сондай-ақ олардың талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу жоспарлануда екен.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2915 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
30 марта родились
Сергей Терещенко
бенефициар и руководитель ТОО «Международный фонд «Интеграция», независимый директор АО «Рахат»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить