Қазақстандағы бизнес-омбудсмен қызметінің нәтижесі қандай?

Кәсіпкерлер тарапынан қанша шағым түсті, қаншасы шешімін тапты

Бизнес-омбудсмен осы күнге дейін не істеді, бұл қызмет қазақстандық кәсіпкерлерді қаншалықты қорғады, сандар мен статистика қаншалықты өзгерді, әлемдік тәжірибе қандай? Бұл жайында Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі Уәкіл Болат Палымбетов айтады.

Қазақстандағы бизнес-омбудсмен институты 2016 жылы өз жұмысын бастады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді Мемлекет басшысының өзі тағайындайды және ол тек президентке есеп береді. Бизнес-омбудсмен партияда жоқ, тәуелсіз болуы тиіс. Қазақстан тарихындағы алғашқы бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов. Оның айтуынша бұл институттың құрылуы Қазақстандағы бизнес климатқа оң әсерін тигізді.

F: Президент өзінің әрбір Жолдауында елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау туралы айтудан жалыққан емес. Және бизнеске қысымды азайту және оны дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін де үнемі еске салып отырады. Құрылғанына үш жыл болған бизнес-омбудсмен институтының жұмысына біз бір көз жүгіртуді жөн көрдік. 2016 - 2018 жылдары бизнес-омбудсмен мен оның аппаратына бизнесті қорғау бойынша 17 053 өтініш келіп түскен, оның 46%-ы оң шешімін тапқан. Айта кету керек, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес бизнес-омбудсменнің қызметін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қамтамасыз етеді. Қазақстанның барлық өңірлерінде өңірлік кәсіпкерлер палатасында бизнес-омбудсменнің өкілдері бар-деді Палымбетов.

- «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 110,8 млрд теңгені құраған. Бұл - күші жойылған айыппұлдар, өсімақылар, қамаудың күшін жою, кәсіпкерлердің мүліктерін сақтау немесе қайтару.

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлік субъектілерімен, облыс әкімдерімен және прокурорларымен жыл сайын жұмыс кездесулерін, оның ішінде көшпелі кездесулер өткізеді.

Жүйелі проблемаларды шешу бойынша жұмыс нәтижесінде проблемалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген 607 мәселенің 432-сі (71%) шешілген.

F: Бүгінгі күні Әділет министрлігімен өзара белсенді іс-қимыл жасау барысында әкімшілік-деликтілік заңнаманы ізгілендіру жұмыстары жүріп жатыр екен. Парламент мәжілісінде қаралып жатқан заң жобасы аясында алдын алу институтын одан әрі кеңейту, 44 бап бойынша айыппұлдарды төмендету (2017 жылы – 157 бап), 10 бап бойынша жазаны анағұрлым репрессивті түрмен ауыстыру, құқық бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық немесе тәртіптік жауапкершілік көзделетін құқық бұзушылықтардың 32 құрамын алып тастау ұсынылмақ-дейді бизнес-омбудсмен.

 

- Бизнес-омбудсмен қызметі өз жұмысына кіріскен сәттен бастап ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, бақылау-қадағалау функцияларына ауқымды тексеру жүргізіліп, оның ішінде іріктеп тексерулер тоқтатылған және профилактикалық бақылау мен қадағалау енгізілген, тексеру мерзімдері қысқартылған, бірқатар сала тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібіне ауыстырылған. Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлескен жұмыс жолға қойылған. Нәтижесінде Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша кәсіпкерлердің үстінен қозғалатын қылмыстық істер саны 5 есе 8170-ден 1618 қылмыстық іске дейін азайыпты.

-Жер кодексіне (43-бап, 14-тармақ) өзгерістер енгізіліп, енді жергілікті атқарушы органдар жер учаскелеріне қатысты барлық ақпаратты әкімдіктердің сайттарында, интернет-ресурстарда, БАҚ-та ашық түрде орналастыруға міндетті. Құқық қорғау жүйесіне келіп түскен шағымдардың жалпы саны барынша азайған - 2017 жылы – 28%-ға, 2018 жылы тағы 11%-ға төмендеген. Бұл кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімді екенін көрсетеді-деді спикер.

Қазіргі күні таяу шетелдердің бизнес-омбудсмендерімен белсенді ынтымақтастық жалғасуда. 2018 жылдың маусым айында Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-омбудсмендерінің форумы ұйымдастырылып, Өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ал 2017 жылы мұндай келісім Ресей бизнес-омбудсменімен жасалған екен.

F: 2019 жылы Бизнес-омбудсмен жұмысының басым бағыттарына әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, заңнаманы ізгілендіру, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері енгізілді-деді кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл.

Айта кету керек, бүгінде омбудсмен институты түрлі басқару нысанындағы 50-ден астам елде бар: президенттік республикаларда (Финляндия, Франция, АҚШ), парламенттік республикаларда (Швейцария, Австрия, ГФР), конституциялық монархияларда (Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Австралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Канада). Ал алғаш болып омбудсмен институтының негізін 1809 жылы Швеция парламенті қалаған. Посткеңестік кеңістікте бизнес-омбудсмен институты Украинада, Грузияда, Ресейде және Өзбекстанда қызмет көрсетіп жатыр. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7487 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
30 марта родились
Сергей Терещенко
бенефициар и руководитель ТОО «Международный фонд «Интеграция», независимый директор АО «Рахат»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить