Қазақстанның сақтандыру нарығы: өсу нүктелері, басымдықтар мен бағдарлар

17875

Қазақстанда онлайн-сақтандыру және электронды полис бір жылдан астам уақыт сәтті жұмыс істеп келеді. Келесі қадам ерікті нысанда, атап айтқанда, жол жүру және мүліктік сақтандыру бойынша онлайн-сақтандыруды дамыту болады. Сонымен қатар, сақтандыру нарығында алаяқтық өсіп келеді

ФОТО: Pixabay.com

Жалпы сақтандыру саласы бойынша көрсеткіштер (ЖСК)

Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 509 млрд теңге сомасына сақтандыру сыйақыларын жинады, бұл  2018 жылға қарағанда 32%-ға артық, оның ішінде жалпы сақтандыру саласының компаниялары 311 млрд теңге жинады, өсім 21%-ды  құрады.

Міндетті сақтандыру бойынша ЖСК-ның  сақтандыру сыйақыларының көлемі 84 млрд теңгеге жетті, 2018 жылға қарағанда өсім 13% құрады, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 48 млрд теңге, өсім – 48%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 180 млрд теңге, өсім 19%-ды  құрады.

АвтоКАСКО (өсім – 31%), Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (өсім – 28%), мүлікті сақтандыру (өсім – 23%), жүктерді сақтандыру (өсім – 88%) сияқты сақтандыру кластары бойынша елеулі өсім байқалып отыр.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының көлемі 79 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйақыларының барлық көлемінің 25%-ын құрады. Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қайта сақтандыруға сақтандыру сыйақыларының 24%-ы  берілді.

ЖСК сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 2019 жылы 199 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 150% -ға артық. Оның ішінде  таза төлемдер (қайта сақтандырудан кейін) 83 млрд теңгені құрады,  бұл 2018 жылға қарағанда 17% -ға артық.

Сақтандырудың ең кең таралған  түрі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлемдер саны 2018 жылмен салыстырғанда 59 835-тен 74 914-ке дейін артты. Оның ішінде орташа төлем 368 мың теңгеден 396 мың теңгеге дейін өсті,  демек өсім –  8%-ды құрап отыр.

Жалпы сақтандырудағы сақтандыру секторы активтерінің көлемі 767 млрд теңгеден асты,  өсім – 7%.  Міндеттемелер 2% -ға, 293 млрд теңгеге дейін азайды. Сақтандыру резервтері көлемінің төмендеуі 9%-ды  құрады (232 млрд теңгеге дейін). Жеке капитал - 474 млрд теңге, өсім – 13%.

Өмірді сақтандыру саласы бойынша көрсеткіштер (ӨСК)

2019 жылы ӨСК сақтандыру сыйақыларының көлемі 56% -ға өсіп, 197 млрд теңгеге жетті.  ӨСК нарығындағы драйвер аннуитетті сақтандыру болды, сыйақы сомасы 71 млрд теңге, өсімнің 107%-ы, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде сыйақы 132% -ға өсіп, 65 млрд теңгені құрады. Өмірді сақтандыру сыйақыларының көлемі 77 млрд теңгеге жетті, бұл  2018 жылға қарағанда 41%-ға артық; еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша  39 млрд теңге, өсім – 41%.

Сақтандыру секторы активтерінің көлемі 439 млрд.  теңгеден асты, өсім – 33%. Міндеттемелер 28%-ға артты, 360 млрд теңгеге дейін.

Сақтандыру резервтері көлемінің өсімі  28% -ды құрады,  яғни, 338 млрд. теңгеге дейін артты. Жеке капитал – 79 млрд теңге (өсім – 59%).

ӨСК бойынша төлем көлемі 22 млрд. теңгені құрады, өсім – 44%.

Қызметкерді жазатайым жағдайдан  міндетті сақтандыру (ОС НСР) бойынша төлем көлемі 4 млрд теңгені құрады, өсім 32%.

Сондай–ақ, сақтандыру төлемдерінің айтарлықтай өсімі өмірді сақтандыру бойынша- 2,8 млрд теңге көлемінде,  2 есе өсім, аннуитеттік сақтандыру бойынша – 14,5 млрд теңге көлемінде, өсім  – 44%.

Проблемалар және трендтер

Қазақстанда онлайн-сақтандырудың басталуы мен  электронды полистің  енгізілуінен бері бір жылдан астам уақыт өтті. Сатылымдардың жаңа каналының өміршеңдігін  тексеру үшін   көпшілікке арналған өнім – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру қолға алынды.

Нәтижесі жақсы. Онлайн-сақтандыруды дамытудың  екінші қадамы  сақтандырудың  ерікті түрлеріне жүргізілмек,  атап айтқанда, туристер мен мүлікті сақтандыру.

«Коммеск-Өмір» статистикасы бойынша 2019 жылы онлайн-сақтандыру клиенттерінің арасында ерлердің үлесі 56% – ды, әйелдердің үлесі 44% - ды құрады. 25-34 жас шамасындағы сақтанушылардың үлесі – 50%-ы, 35-54 жастағылардың үлесі  – 35%-ы, ал  18-24 жас шамасындағы клиенттердің үлесі – 7% құрайды. Жаңа клиенттер жалпы санның 30% –ын құрайды.

Қалалар  бойынша алар болсақ,  Алматы көш бастап тұр – интернет-сатылым жалпы көлемнің 78%-ы, одан әрі Нұр – Сұлтан қаласы –13%, үшінші орында Шымкент және Қостанай-1,5% -дан.

Клиенттердің 77%-дан астамы десктопты нұсқадан, 22%-ы ұялы нұсқадан, 1% -ы планшеттерден сатып алады. Ұялы нұсқадан сатып алған кезде клиенттер көбінесе Apple iPhone-ды (33%) пайдаланады, Samsung смартфондары арқылы – 20%.                                      

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруда тарифтерді  өзектендіру

Сақтандыру қоғамдастығы сақтандыру нарығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылайды.Атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңды өзектендіру ұсынылады. Мәселен, заңда мазмұндалған қолданыстағы тарифтік факторлар сақтандыру тәуекелдерінің дұрыстығына қатысты  әлеуметтік бағыттылық пен әділеттілік қағидатын көрсетпейді, өйткені тарифтер соңғы рет  2007 жылы өзгерген болатын.

Сақтандыру алаяқтығының өсуі

Жыл сайын  бұл салада сақтандыру алаяқтығының өскендігі байқалады. Ал сақтандыру саласындағы алаяқтыққа тиімді қарсы тұруға мүмкіндік беретін заңды механизмдер жоқ. Тұлғалардың алаяқтық әрекеттеріне күдік болғанның өзінде  көптеген сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушы сақтандыру төлемдерін төлеуге мәжбүр, өйткені заңнамалық актілерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттардың толық тізбесі көзделген, сақтандырушы үшін  сақтандыру төлемдерін қысқа мерзімде төлеуге  міндеттейтін қатаң заң аясы  белгіленген.

Сәйкесінше, нарықтан жасалар ұсыныс –  сақтандырушыны ҚР Әкімшілік және қылмыстық заңнамасына қатысушы ретінде қосу керек. Бұдан басқа, Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңда немесе Сақтандыру қызметі туралы Заңда сақтандырушы үшін  алаяқтық бойынша күдік туындаған жағдайда оны  тергей алатын тетіктер  болуы тиіс.

«Көмекшілердің»  сақтандыру төлемдерін алуы

Сақтандыру нарығына жеке сақтандыру төлемдерін алу мақсатында зардап шегушілермен, әсіресе жәбірленушілердің қайтыс болуы жағдайлары бойынша, қызмет көрсетуге шарттар жасасу жолымен құқықтық қатынастарды белгілейтін белсенді «көмекшілер» де бар. Олар сақтандыру төлемдерінен өз сыйақысын 50% - ға дейінгі мөлшерде ұстап қалады.

Бұл тұлғалар қызмет көрсетуге арналған шарттарға жәбірленушілерді жаңылыстыратын және олардың сақтандыру төлемдерін толық көлемде алу құқығын шектейтін тиісті шектеулі талаптарды қосады. Сақтандырушылардың пікірінше, тұлғалардың өз сақтандыру төлемдерін шын мәнінде толық көлемде алуы үшін делдалдар тарапынан осындай іс-әрекеттерді заңды түрде алып тастау қажет.

Осылайша, сақтандыру институтының әлеуметтік рөлі орындалады.

«Көмекшілермен» күресу үшін бір жолғы ірі сақтандыру төлемдерін төлеу мүмкіндігін алып тастау керек және жалпы сақтандыру бойынша компаниядан (ЖСК) өмірді сақтандыру  компаниясы (ӨСК) арқылы қызметкерді оның еңбек (қызмет) міндеттерін орындау барысында қолданылатын міндетті сақтандыру  сияқты   төлемдерді жүзеге асыруды енгізу ұсынылады.

Клиенттік тәжірибе және сервис

Бәсекелестіктің күшеюіне орай және негізінен стандартты өнімдердің сұранысқа ие болуына байланысты  тұрақты  клиенттерді сақтап қалу және жаңа клиенттерді тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.  Мысалы, «Коммеск-Өмір»-де жуырда онлайн-өтем бойынша сервис іске асырылады, яғни, сайт арқылы сақтандыру жағдайы туралы хабар беруге болады, келтірілген  залалды бағалауға өтінім  беріп, банк картасына сақтандыру төлемін алу мүмкіндігі қарастырылады.

Сондай-ақ, компанияда relog апаттық комиссарларына арналған мобильді қосымша қолданылады, мұның өзі  онлайн режимінде апаттардың  орын алған жерін қадағалауға және ЖКО кезінде клиенттерге уақытында көмек көрсету үшін, уақытты жоғалтпай, олардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. 

Өмірді сақтандырудағы инновациялар

Өмірді сақтандыру саласында өмірді жинақтап сақтандырудың жаңа инновациялық өнімдерін дамыту және көпшілікке тарату үшін жағдай жасау қарастырылады. Бұл ӨСК саласына банктік сату каналына тәуелділікті жеңуге көмектеседі. Әңгіме мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы болып отыр, ата-аналарға ӨСК арқылы мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып, өмірді жинақтап сақтандыру шартын жасай отырып, өз өмірін күтпеген жағдайлардан жинақтап және сақтандыра отырып, балаларды оқытуға қаражат жинақтауға жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Өнім өмірде белгілі бір оқиғаға (ЖОО-ға түсуге) сақтандыру болып табылады және жоғары оқу орнына түсу кезінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды, яғни баланың оқу ақысын төлеу шығындарын өтеуді көздейді.

Тағы бір өнім – бірлескен зейнетақы аннуитеті ерлі-зайыптылардың екеуінің де зейнетақы жинақтарын біріктіруді және табысты әйелдердің пайдасына қайта бөлуді білдіреді, себебі әйелдердің зейнетақы аударымдарының сомасы ерлерден төмен, ал өмір сүру ұзақтығы көп.

ӨСК нарығы үшін unit-linked – перспективалық бағдарлама.

Бұл өмірді инвестициялық сақтандыру. Ол өмірді классикалық жинақтап  сақтандырудың қаржылық құралдардағы үлес түріндегі инвестициялық бағдарымен үйлесім табады, инвестициялық табысты бөлуге сақтанушының өзі қатысады.

«Коммеск-Өмір» СК көрсеткіштері»

2019 жылы «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйақыларының көлемі 10 млрд теңгеден асты. 2019 жылы міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылары 2018 жылдың көрсеткіштеріне ұқсас 6 млрд. теңгені құрады, бұл ретте 2018 жылы міндетті сыныптар бойынша «Сәлем» СК» АҚ сақтандыру портфелі қабылданды. Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының сомасы 6% - ға артып, 1,1 млрд теңгені құрады.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылары 2,9 млрд теңгені құрады. 2019 жылы компанияда нарық конъюнктурасының өзгеруі  байқалды, бұл бір жағынан бәсекелестер санының азаюынан, екінші жағынан халықтың сатып алу қабілетінің азаюынан және корпоративтік сегменттегі сақтандыруға арналған бюджеттердің қысқаруынан көрініс тапты. Мұндай жағдайларда «Коммеск – Өмір» өз қоржынын сақтап қалуға ұмтылды.

2019 жылы компанияның сақтандыру төлемдерінің көлемі 4,6 млрд теңгеден асты, 2018 жылға қарағанда өсім 23% -ды құрады. Міндетті сақтандыру бойынша төлемдер 3,3 млрд теңгеден асты, өсім – 62%, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 693 млн теңге, өсім – 26%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 645 млн теңге.

Өткен жылы компания 58 мыңнан астам сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды, бұл 2018 жылға қарағанда 77% -ға артық.

1 қаңтар 2020 жылға компанияның активтері 21 млрд теңгеден асты, 2018 жылдың деңгейінде сақтандыру резервтері – 8,7 млрд. теңге (14% -ға өсті), меншікті капитал – 9,3 млрд теңге (7% - ға төмендеді).

2019 жылы А.М.Best халықаралық рейтингтік агенттігі «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «B -» қаржылық тұрақтылық рейтингін растады және компания үшін «bb-» эмитентінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін  құптап, «тұрақтылық» болжамын белгіледі.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить