Англияда өз бизнесінің негізін қалаған Асқар Бөлегенов тағы қандай жобаларды қолға алмақ

Бұл туралы жас кәсіпкер Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтады

F: Асқар, сен қай жерде туып өстің, қандай мектепте білім алдың?

 - Мен Алматыда туып өстім, бірақ әкем Оралдан,  анам болса Түркіменстанның астанасы Ашхабадтан болады. Мен 4 сыныпқа дейін  ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №105 гимназияда оқыдым, содан кейін физика мен математикаға басымдық беретін ТАМОС Education мектебіне  ауыстым. 

F: Ал Англияда қайда білім алдың, қандай оқу орны және қандай мамандық бойынша оқыдың?

- Иә, мен 9-шы сыныптан кейін Англияға  аттандым.  Онда «A-levels» бағдарламасына бойынша бардым, оның стипендиясы болды, себебі мен математика бойынша сынақты жақсы тапсырдым.  Ал білім ордасына  келсем, бұл қатардағы ағылшын колледждердің бірі, «Bedstone College» деп аталды. Оқу орнының бекітілген тәртібі бар, онда  ұлдар мен қыздар бөлек тұрады, қалаға бір жарым сағат жерде орналасқан, ал  бір бөлмеде 5-6 адамнан тұрады және кесте бойынша дәл кешкі сағат 22:00 ұйқының уақыты басталады.

F: Сенің онда  бағдарламалауды үйренгеніңді білемізәртүрлі сайттар жасаған екенсіңСенің жобаларың қаншалықты қолдау тапты?

 - Мен қазірде осындай   жобаларды қажет еткен кез келген адамға  көмектесуге әзірмін. Егер, әрине, идея ұнаған жағдайда  тез арада веб-сайттың сызбасын жасап, оны дайындап бере аламын. Бірақ, бастапқыда бұл фриланс сияқты ауқымды жұмыс болды. Себебі, маған Англиядағы тұрғын үй ақысын  төлеу керек еді.   Мен осылайша көптеген үлкен компанияларға сайттар (лендингтер) әзірледім,  кейбіріне арзан, бірақ сапалы және сонымен қатар  жаңа жобаларға қажетті   seo -оңтайландырылған  лендингтер  жасадым. Жалпы, орташа алғанда  бір сайт үшін 300-500 фунт алып отырдым, ал толық жоба жасау үшін бір-екі күн уақыт жеткілікті.  Бірақ, бұл менің негізгі қызметім болған емес,  бұл керісінше learning experience, дәлірек айтсақ мен үшін оқу- тәжірибе болды.

F: Ал тұтынушыларға тауар  түрлерін жеткізу туралы идея қалай пайда болды? Жоба қашан басталды? Компания қалай аталады?

- Компания Grocemania деп аталады. Жоба  толығымен 2017 жылдың соңына қарай  басталды. Бұл кәсіптің ерешелігі, клиент кез келген жергілікті шағын дүкендердің өнімдеріне тапсырыс бере алады және бұл үшін тек 2.5 фунт қана төлейді, ал тұтынушы тауары санаулы минуттарда белгіленген мекен-жайға жеткізіледі.  Сондай-ақ, біз  «business friendly» аталатын сервисті   ұстанамыз және платформаға кіретін дүкендерден, серіктестерден ешқандай комиссиялар мен кіру квоталарын алмаймыз.  Жалпы, жобаның өзі өте қызықты оқиғадан басталды. Мен бір күні кенеттен  науқастанып қалып,   университет пен жұмыстан  кейін жергілікті достарыма   «Теско» сауда үйінен киткат пен құлпынай әкеліп беруін өтіндім. Бірақ, өкінішке орай, олар бәрін ұмытып кетті. Сол кезде мен ашуға салынып, «маған жергілікті  дүкеннен ешкім азық-түлік әкеліп бере алмайды ма, мен ол үшін екі фунт төлейуге дайынмын»-деп айғай салдым. Осы сәтте достарымның барлығы үнсіз қалды, осылай Grocemania  бизнесін бастау туралы идея пайда болды. 

F: Жобаны қаншаға бағаланды? Сенің жеке қаражатың болды ма? Инвестиция салғандар болды ма және қандай көлемде?  

- Қазіргі уақытта бұл жоба ресми түрде £1,050,859   бағаланады. Бұл инвестициялаудың екі раундын (краудфандинг) негізге ала отырып жасалған бағалау. Қазір біз ВиСи қорларына толыққанды негізделген А аталатын кезекті раундқа  дайындалып жатырмыз. Олардың қоятын  талаптары бар, олар нені көргісі келеді және біз сол мақсаттарға қарай қалай бағыт алатыныз айқын болуы тиіс.  Қаражат мәселесіне келсек, жоқ, менде бастапқыда ешқандай ақша болған жоқ.   Менің Англияда қалғаныма қуанған әкем былай деп кеңес берген еді: «сен өз ісіңді бастадың, сонда қалуды шештің, сондықтан сен өзіңді-өзің қаржыландыруың керек». Шынында,  алғашқы жылдың алты айында   қиын болды, мен алдымен сайттар жасадым, сосын өз бөлмемді  Airbnb бойынша жалға бердім, ал өзім көршімен тұрдым.  Кейін  бір SEO компаниядан  консалт ретінде жұмыс тауып, оны Гросманиямен бірге алып жүрдім.  Араға уақыт салып  Tooligram-ның продуктологы және серіктесі болдым. Бұл Instagram желісінде алға басуды қалайтын СММ-шілерге арналған орыстың танымал   тех өнімі. Мен оларға ағылшын нарығына шығуға көмектестім. Жалпы, бәрі  осындай режимде болды.  Бізде 200-ге жуық акционер бар (3.5% жалпы акция), олар краудфандингтен келгендер және Қазақстаннан 1 жеке инвестор (12%) бар.

F: Британдық миллардер Ричард Брэнсэнмен қалай таныстың? Ол сені қаншалықты қолдады?     

- Біз «Virgin Voom» байқауына  екі мәрте қатыстық және  екі рет финалға шықтық. Біріншісінде ол әділқазылардың бірі болды, мен оны сонда кездестірдім.  Көбі жобаға сол инвестиция салды деп ойлайды, бірақ олай емес, жобаны қаржыландырған жоқ. Бірақ, біздің бизнесіміздің өркендеуіне көп  мүмкіндік жасады,  мысалы, түрлі ритейлермен байланыс орнату, заң жағынан қолдау және бір жылға коворкинг ұсынды.  

F: Grocemania  қалай жұмыс істейді? Бизнес жобаға қанша дүкен мен аудан қосылған?

- Клиент кез келген жергілікті дүкеннен азық-түлікке тапсырыс бере алады және бұл үшін тек 2.5 фунт төлейтінін айттым.   Қазіргі уақытта Лондондағы 80 лайв дүкені, Брайтондағы 3 дүкен бар және Бирмингемдегі дүкендермен келіссөздерді бастаймыз. Орта есеппен аптасына 2-3 жаңа серіктес қосамыз.  Жалпы, барлығы толық автоматтандырылған жүйе бойынша істейді және бұл технологияны жолға қойғаныма  өте қуаныштымын. 

F: Табыс қалай белгіленеді? Кіріс қандай? Бұл неге байланысты?

 - Мен жоғарыда айтқандай, біз Delivery Fee үшін аламыз, клиенттен жеткізу үшін 2.50 фунт көлемінде аламыз және платформада әрбір өнімге 20% - 30%  үстеме бағасы бар. Яғни, егер сізде 10 фунттың тапсырысы болса, 3 фунт біздің үстеме және 2.50 жеткізу үшін. Қазіргі күні ең төменгі тапсырыс 10 фунт, яғни ең төменгі тапсырыс бізге орта есеппен 5.50 береді.  Біз  жеткізушіге бекітілген  5 фунтты төлейміз, ал бізге 0.50 қалады. Ең төменгі тапсырыстағы  Net Profit, яғни  ең төменгі таза табыс осындай. Бір қызығы, бізде ең төменгі тапсырыс тек жаңа клиенттерде ғана болады, содан кейін орташа чек 25.70 дейін өседі және бізге қалатыны 3-4 фунт.  

F: Командада қанша адам бар? Қандай активтер бар? Кеңсе, жеткізу үшін көлік және т. б.

- Фулл-тайм командасында 6 адам. Шамамен 6,000 жеткізуші (серіктестер) қызмет етеді және аутсорстағы  әзірлеушілер бар.  Бұдан бөлек кеңсе,  технология, лаптоптар, трейдмарк және әрине, адамдар еңбегі.

F: Күніне қанша тапсырыс болады? Қандай тауарлар үлкен сұранысқа ие? Олар қаншалықты артуда?

- Қазіргі кезде тапсырыстар төмендеді. Өйткені, біз жаңа платформаға көшудеміз. Шамамен 15-20. Бірақ соңғы айда біз арналардың барлық түрін сынап көрдік. Мен қаңтар айынан бастап маркетинг бюджетін барынша ұлғайтуды бастаймын және біздің мақсатымыз күнделікті 100-150 тапсырысқа жеткізу, бұл серпіліс бізге  шамамен 20 мың  фунтқа дейін Net Profit  әкелуі тиіс. Ал бұл жақсы жалақы тағайындауға және бизнесті дамытуды жалғастыру үшін жеткілікті болады.  Тапсырыс саны бойынша ең көп берілетін 5 өнім: алкоголь, балалар тағамы, темекі, кәмпиттер, чипстер мен тағамдар.

F: Жоба қаншалықты танымал болды? Бәсекелестер бар ма? Олар кімдер?

- Негізі 2019 жылдың шілдесіне дейін біз Ұлыбританияда1-ші логистикалық қызмет болдық. Бірақ, жақында нарыққа алыптар кірді, бұл  2 миллиард фунт инвестициясы болған Deliveroo, олар мейрамханалардан тағам  жеткізуге маманданған. Бірақ, біз оларға төтеп бере аламыз, өйткені біздегі қаржы моделінде маңызды айырмашылықтар бар, мысалы, олар трейлерлер мен клиенттерден ақша алады, тиісінше дүкендер олардан қарағанда бізді жақсы көреді. Оның үстіне олардың технологиясы  ағынды бақылауға мүмкіндік бермейді, себебі, бұл жүйе мейрамханалар үшін әзірленген. Ал бұл FMCG секторында өте маңызды. 

F: Лондонда салық пен басқа да міндеттемелерге қатысты жүйе қалай жұмыс істейді? Бизнес үшін қолдау бар ма?     

- Әрине, қолдау бар. Мұнда шағын бизнес үшін керемет жағдай жасалған.   Мемлекеттен бизнеске  5 миллионға дейін өтеусіз гранттар беріледі. Шағын бизнес үшін инвестицялау мен салықтың жеңілдетілген  жүйесі бар.  Қарапайым мысал, бизнестің  жылдық айналымы 83,000 дейінгі деңгейге   жетпейінше салық төлемейді, тіпті онда тіркелмеуі тиіс. Тек осы деңгейден кейін ғана тіркеледі, ал салықты  бизнес табысты болғаннан кейін ғана  төлей бастайды. 

F: Форбс Қазақстанның «30 жасқа дейінгі 30» тізіміне қалай ендің?          

- Шынымды айтсам «30 жасқа дейінгі 30» рейтингіне кенеттен ендім.  Себебі, мен жобаларымды Ұлыбританияда жүзеге асырамын, сондықтан онда өзімді ұсыну орынсыз деп санадым.  Бірақ, менің бір жақын досым және танымал  режиссер Бексұлтан Баекенов бір күні кешкісін хабарласып, өтінім қабылдау басталғанын және маған онда міндетті түрде қатыс деген болатын.  Мен бір-екі күн созып жүрдім, ойландым және тәуекелге бел буып, онда қатысу туралы шешім қабылдадым, себебі одан менің ештеңем кетпейді. Өтінімді жібердім, бірақ артынан  ұмыттым кеттім. Сол кезде, бізде пиардың үлкен толқыны болды, біз бұл кезде Брэнэонмен кездестік және сондықтан да мені қосу туралы шешім қабылдаған болар.  Араға екі ай салып, Татьяна Трубачева байланысып,  тізімге енумен байланысты құттықтауын жолдады. Бұл, әрине, өте керемет. Бірақ қазір менің арманым бар, бұл еуропалық «30u30» тізіміне кіру, бірақ оның өлшемдері мен талаптары әлдеқайда жоғары.

F: Биылғы жылы  ең үздік кәсіпкер ретінде марапатталғаныңды білеміз. Бұл қандай ұйымның жүлдесі? Оған тағы кімдер қатысты?

- Иә, бірнеше марапат болды. Сіз айтқан марпат «Young Entrepreneur of the Year» деп аталады  және оны «Migrant Business Show» ұйымдастырды. Бұл   иммигрант- кәсіпкерлердің жұмысы мен жетістігін қадағалайтын ұйым. Бұл бір ерекше жағдай болды, бізді  Парламенттің өзінде  марапаттады. Екіншісі, өте маңызды марапат екенін айта кету керек. Менің ойымша, бұл  біздің ісіміздің алға басуына ықлап етті. Себебі, біз бір ай бұрын ғана– Top New Talent Award by The Grocer марапатына лайық болдық. Атауының өзі дәрежесінің қандай екенін білдіріп тұр.  Бұл мен үшін  маңызды оқиға болды. The Grocer UK бакалея нарығындағы жетекші жаңалықтар ресурсы және топ 1 медиа  болып табылады. Бұл марапатқа қол жеткізуім, мені кәсіпкер ретінде  қатты күшейтті, көптеген жаңа байланыстар мен мүмкіндіктер берді.  Мысалы, біз платформаға кіргісі келетін жаңа дүкендер желісін жинадық. Сондай-ақ, марапатты маған өте танымал миллиардер, Huel азық-түлік қоспалары топ брендінің негізін қалаушы табыс етті және онда көптеген фуд-кәсіпкерлер болды.

F: Қазақстанмен қаншалықты байланыстасың?

- Әрине, Қазақстан -менің үйім, онда отбасым, достарым тұрады.  Менің жүрегім әрдайым «қазақ» деп соғады. Бірақ, мен екі жыл ішінде тек 5 күнге ғана келіп кеттім. Енді  жиі барамын. Мысалы, жақында мен «Нұр Отан» партиясында  Англиядағы технологиялар мен инновациялар тақырыбында сөз сөйледім.

F: Алдағы жоспарларың қандай? Басқа жобаларың бар ма?

- Менің тағы бір жобам бар, Tokker.ru деп аталады.  Бұл TикТоктағы автоматтандыру және ілгерілету қызметі. Бұл сізге автопилотта толығымен мыңдаған әрекеттерді орындауға және мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл бизнеске пайдалы, ТикТок сатудың жаңа арнасын құруға және абоненттердің клиенттерге айналуын арттыруға көмектеседі.  Ол  үш жылдың ішінде барлық әлеуметтік желілерді басып озды. Бұны үлкен әлеует пен мүмкіндік ретінде көремін. Бізде сонымен қатар iPrize деп аталатын тағы бір жоба бар. Бұл әртүрлі байқаулар өткізілетін және  ақшалай сыйлықтар ұтуға болатын алаң. Байқауға бизнес өкілдері, түрлі  брендтер демеушілік етеді, ал біз өз комиссиямызды аламыз. Әзірге осылай.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3866 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
13 июля родились
Болат Аманкулов
генеральный директор ТОО "Н Оперейтинг Компани"
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить