Алматы жұртына сый-тарту…

8635

Алматы ботаникалық бағының негізі 1932 жылы қаланды. Теңіз деңгейінен 856–906 метр биіктікте орналасқан бақ алаңы 100 гектардан асады. Ботаникалық бақ аумағында күрделі жөндеу жұмыстары 1950 жылдардың ортасында жүргізілді. Содан бері оңтүстік астананың осынау көрікті орындарының бірі біртіндеп көмескі тарта бастаған еді

Солтүстік партерді қайта құрып, жасақтау барысында 1932 жылғы түпнұсқа сызбалар қолданылды. Партердің бастапқы стилі сақталды, бірақ жаңа құрылымдар да пайда болды. Мысалға, құрғақ бұрқақ пен су өсімдіктері өсетін су қоймасы. Мұнда қазір аққу жұбы мен бірнеше үйрек жүзіп жүр. Партердің айналасында енді сакура өсетін болады. Ал түпкі жағын раушан гүлімен өрнектелген шатыр – пергола безендіріп тұр
ФОТО: Андрей Лунин
Солтүстік партерді қайта құрып, жасақтау барысында 1932 жылғы түпнұсқа сызбалар қолданылды. Партердің бастапқы стилі сақталды, бірақ жаңа құрылымдар да пайда болды. Мысалға, құрғақ бұрқақ пен су өсімдіктері өсетін су қоймасы. Мұнда қазір аққу жұбы мен бірнеше үйрек жүзіп жүр. Партердің айналасында енді сакура өсетін болады. Ал түпкі жағын раушан гүлімен өрнектелген шатыр – пергола безендіріп тұр

2018 жылы Болат Өтемұратов қоры (рейтингте №4 бизнесмен) ботаникалық бақты жаңартып, түлету мәселесін қолға алды. Сәулетшілер өз жобасында бақтың инфрақұрылымын жаңғырту барысында оның тұтастығына, бірегейлігіне, өсімдік қорына зиян келтірмеуге мұқият мән берді. Бақ аясындағы Ботаника және фитоинтродукция институты ғалымдарымен бірлесе отырып, мамандар бақ ішінде 1300 ағаш, 40 000 бұта, 130 000 дәнді дақыл және өсімдіктер, 3000 тал раушан гүлін отырғызды.

«Біз бұл жобаға бар жанымызды салып, қолдан келгенше бүкіл мүмкіндікті ескердік. Ботаникалық бақ алматылықтардың да, қала қонақтарының да көңілінен шығады деген үміттеміз. Бұл біздің оңтүстік астанаға риясыз көңілмен тарту еткен сыйымыз. Бақ мемлекет меншігінде қалып, ғылыми қызметін әрі қарай жалғастыра береді», – деді Болат Өтемұратов биыл мамыр айында мемлекет басшысына жаңа жөндеуден өтіп, көркейтілген бақты таныстырғанда.

Бүгінде Алматы ботаникалық бағында қауіпсіздік мәселесі толыққанды шешілген. Бақ аумағын 1300 бейне камерасы бақылауға алған. Ғасырлық қарағайлар арасында адасып қалам деп қорықпаңыз: қайда қарасаңыз да навигация көрсеткіштері ілулі тұр. Мәлімет жеткіліксіз десеңіз, iOS және Android үшін мобильді қосымшаны жүктеп, бақ ішіндегі өсімдіктер туралы барлық ақпаратқа қол жеткізе аласыз.

ФОТО: Андрей Лунин

Бақты қалыпқа келтіру барысында әлемдік деңгейдегі ерекше қорғалатын табиғи аймақтар инфрақұрылымын жоспарлау тәжірибесі ескерілген. Жобаны әзірлеушілер жоғары сапалы экологиялық таза материалдарды қолдануға мән берген. Бұл бақтағы жан-жануар, құстар, өсімідіктер үшін де пайдалы, бақта серуендеуді әдет еткен қала жұрты үшін де қолайлы.

ФОТО: Андрей Лунин

Ботаникалық бақтың негізгі проблемасы – су жетіспеушілігі барынша шешілді: жаңадан екі артезиан ұңғымасы бұрғыланып, қолданыстағы ұңғымалардың су тарту қабілеті ұлғайтылды. Бақтың шығыс бүйіріндегі Керенқұлақ өзенінен су тарту жолдары салынды. Енді бақтағы өсімдіктерді тамшылы жүйемен және көліктен суару ескерілген. Сол сияқты, оңтүстік партерде үш жаңа тоған бар, ал бақтың солтүстік бөлігінде екі бірдей су қоймасы қалпына келтірілді.

ФОТО: Андрей Лунин

Бақты қайта жөндеп, қалыпқа келтіруде қала жұртының ұсыныс, пікірі де ескерілді. Жобаны әзірлеушілер БАҚ өкілдерінің, экологтардың, Алматы әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен үш бірдей пресс-тур ұйымдастырды. Құрылыс жұмыстары басталмас бұрын жобаның жекелеген бөлімдерінің қоршаған ортаға ықпалы туралы арнайы бақылау, сынақ шаралары өткізілді.

ФОТО: Андрей Лунин

Бақтың оңтүстік бөлігін үш тоған, пергола және қаулаған шөп алқабы көркейте түскен. Ботаникалық бақтың бүкіл аумағындағы жолдар жаңартылып, жолаушылар соқпағы экологиялық материалмен жабылған. Сол сияқты, мұнда жаңа орындықтар қойылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар, тактильді белгілер толық ескерілген.

ФОТО: Андрей Лунин

1967 жылы Алматы ботаникалық бағына ғылыми-зерттеу мекемесі дәрежесі тағайындалды. Қазір мұндағы ғалымдар Қазақстандағы өсімдіктердің беймділік мәселелерін шешумен қатар, еліміздегі өсімдік қорын зерттеп, бағалы түрлерін анықтап, өсіріп-баптауды қолға алған.

ФОТО: Андрей Лунин

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить