Жыл басынан самокат мінген 2 мың адам жауапқа тартылды

5335

Жыл басынан елімізде ереже бұзған самокатшылар саны белгілі болды.

«Елімізде 2024 жыл басынан бастап 1957 самокатшы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылды», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, елімізде былтыр 30 тамыздан жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салына бастады.

Сонымен қатар, электрлі самокат, мопед, скутер жүргізушілеріне арналған жол салу қарастырылып жатыр.

Алматыда самокат пен мопедтердің қозғалысына бақылау күшейтілді. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить