Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

6009

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик 18-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 63-тен 59-ға, Михаил Кукушкин 132-ден 129-ға көтерілді.

Бейбіт Жұқаев 189-дан бірден 182-ге жоғарылады. Осылайша, Бейбіт өзінің бұрынғы үздік көрсеткішін (186) жаңартты.

Денис Евсеев 185-тен 184-ке шықса, Дмитрий Попко 233-тен 234-ке, Тимофей Скатов 267-ден 271-ге төмендеді.

Рейтингте алғашқы үштікте сербиялық Новак Джокович, италиялық Янник Синнер, испаниялық Карлос Алькарас тұр.

Жұптық сында аустралиялық Мэттью Эбден көш бастаса, содан кейін оны үндістандық Рохан Бопанна, испаниялық Марсель Гранольерс өкшелеп келеді.

Қазақстандықтардан Александр Недовесов 40-тан 42-ге, Андрей Голубев 78-ден 88-ге сырғыды.
Қазақстандық теннисшілер Мадрид мастерс турнирінде өнер көрсетеді. Соның ішінде бүгін іріктеу сайыстарында 16 жасар Әмір Омарханов әлемнің 84-ракеткасы, 36 жастағы испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кортқа шығады. Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин әлемнің 83-ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориадан өтуге тырысып көреді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Мадрид мастерс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить