Әнуар Ғабдуллин Алматы ӘКК Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

5011

Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына байланысты «Алматы» ӘКК» АҚ (ӘКК) Директорлар кеңесінің шешімі негізінде ӘКК Басқарма төрағасы Арман Шамшиннің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ӘКК Басқарма төрағасының міндетін жаңа басшы сайланғанға дейінгі кезеңде Әнуар Ғабдуллин атқаратын болады.

Әнуар Жомартұлы 2022 жылғы желтоқсаннан бастап ӘКК Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады. Бұған дейін 17 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінде және Almaty Finance ЖШС-де басшылық лауазымдарын атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қаржы және несие (Банк ісі)» мамандығы бойынша оқыған, «Менеджмент» мамандығы бойынша Халықаралық бизнес академиясының МВА дәрежесіне ие.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить