Ескек есу: Емельянов пен Хайдаров жұбы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

6790

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті.

Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды.

Осылайша, қазақстандық экипаж Олимпиада лицензиясының иегері атанды.

Ал каноэде 500 метрге есуден сынға түскен Ульяна Киселева мен байдаркашылар жұбы Ольга Шмелева және Ирина Подойникова Олимпиада жолдамасын ала алған жоқ. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube