Нью-Йорк тұрғындары тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санайтын заңға қолдау білдірді

6190

Нью-Йоркте Қазақстандағы әйел құқығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санайтын заңды қолдауға арналған митинг өтті.

Нью-Йорктегі Таймс-скверге бүкіл ТМД елдерінің мәселесіне айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына бей-жай қарамайтын отандастарымыз, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтарынан 100-ге жуық адам жиналды.

Нью-Йорктегі шараны ұйымдастырушылар – әйелдер құқығын қорғаушы отандастарымыз: Динара Жанпейісова мен Әсел Дарыбаева.

Динара Жанпейісова Нью-Йорктегі митингтің мақсатын айтты. Осылайша, наразылық білдірушілер Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапқа тарту туралы заңның қабылдануын қолдап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан заңға ешқандай өзгеріс енгізбей, қол қоюын сұрайды.

Жиынға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға қатысты соттың әділ шешімін талап етті.

Бұған қоса, наразылық білдірушілер 30-дан астам әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарауды талап етіп отыр.

Дәл қазір Сан-Францискода, Милан, Париж, Барселона және Лондон сияқты Еуропа қалаларында жоғарыда аталған мақсатқа ұқсас митингілер өтуде.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube