Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы қайта қаралады

6057

Су ресурстары және ирригация министрлігі бұл құжатқа су тасқынының алдын алу және оның шығындарын азайту жөніндегі кешенді іс-шаралар қосады. Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында осындай мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ ол брифинг барысында еліміздегі су қоймаларының жағдайына тоқталып өтті.

«Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр. Екі су қоймасы да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр, бұзылу қаупі жоқ», – деді спикер.

Осы уақытқа Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты. Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 80%.

«Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты табиғат қорғау іс-шаралары аясында су жіберу жұмысы жүргізілуде. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 - сәуірде келеді деп күтілуде», – деді Әбдуалиева.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 93%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастыруда. Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік жалғасуда, сағат сайын су шаруашылығы жағдайына мониторинг жүргізіледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить