Иран - Израиль қақтығысы: Қазақстандық бітімгерлерге қауіп бар ма

9057

ҚР Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер туралы айтып берді.

«Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин агенттік тілшісіне.

Бұған дейін Иран Израильге қарай ұшқышсыз ұшақтарын ұшырып, Тегеран үстіндегі әуе кеңістігін жауып тастаған болатын.

Иран 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылына жауап қайтаруға уәде беріп, соның салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде екі генерал қаза тапты.

Израиль әлдеқашан Иран немесе оның жақтастары шабуылына жоғары дайындықты бастап кеткен.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить