ҚТЖ қызметкерлері транзиттік жүкті заңсыз ұстағаны үшін жазаланды

Алматы көлік прокуратурасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшесі тарапынан кәсіпкердің құқығын қасақана бұзу фактісін анықтады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚХА жаңалықтар агенттігі.

Атап айтқанда, вагон депосының басшылығы Қырғызстаннан келген кәсіпкердің кептірілген жемістері салынған транзиттік контейнерлерді заңсыз ұстаған. Вагондарды ажыратуға техникалық жарамсыздығы себеп болған. Қадағалау органы темір жол ұйымы қызметкерлерінің жүкті ұстауға нақты негізі жоқтығын, вагондардың қалыпты жағдайда екенін және барлық жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілгенін анықтады.

Көлік прокуратурасының қадағалау актісімен шетелдік кәсіпкерлік субъектісінің заңсыз ұсталған контейнерлері олардың бағыты бойынша жөнелтіліп, вагондарды тоқтатқаны үшін есептелген соманың күші жойылды. Сонымен қатар, кінәлі шенеунік Алматы жедел вагон депосы директорының орынбасары қызметінен босатылып, бірінші басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте