Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

8035

Ертең 28 ақпанда еліміздің тоғыз өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде тұман шөгеді.

Қарағанды облысының батысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман шөгеді.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube