Жаңа сойылған және салқындатылған ет өндірісі 39% артты

4654

Ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектестердің жаңа сойылған немесе салқындатылған етінің өндірісі 2023 жылғы қаңтар–желтоқсанда 80,2 мың тоннаға жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,1% артық, деп хабарлайды energyprom.kz. 

Биыл қаңтарда 7,1 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған ет өндірілді, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бірден 39,4% артық.

Қазақстандықтар арасында ең танымал ет — сиыр еті: оны тұтыну 2023 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында жан басына шаққанда орта есеппен 18,33 кило болды — 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% артық.

Одан әрі жылқы еті келеді: жан басына шаққанда орта есеппен 4,88 кило, бір жылда 11,7% көбейген.

Қой етін тұтыну бір жылда 4% төмендеп, былтыр қаңтар–қыркүйекте орта есеппен жан басына шаққанда 4,02 килоны құрады.

Шошқа етін тұтыну 2,5% төмендеді: орта есеппен жан басына 2,46 кило.

2024 жылғы қаңтардың аяғында ет бағасы бір айда қой еті 0,1%-дан жылқы еті 0,6%-ға дейін қымбаттады.

Бір жылда бағаның айтарлықтай өсуі сиыр етінде байқалды: 8,7%. Одан кейін шошқа еті (6,7%), қой еті (6,3%) және жылқы еті (4,8%) келеді. Сонымен қатар, бір жыл бұрын сиыр еті — 10,7%, шошқа еті — 15,1%, қой еті — 12,8%, жылқы еті — 16,6% қымбаттаған.


Өңірлер ішінде сиыр еті ең көп Алматы (16,4%), Атырау (15,7%) және Ұлытау (14%-ға) облыстарында қымбаттады.

Жылқы еті ең көп қымбаттаған өңірлер Маңғыстау (11,4%) және Ұлытау (10,5%) облыстары.

Қой еті ең көп Ұлытау (13,4%), Батыс Қазақстан (12,7%) және Алматы (12%) облыстарында қымбаттады.

Шошқа еті Ақмола (18,2%) және Жамбыл (10,3%) облыстарында ең көп қымбаттады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить