Александр Недовесов Мексикадағы ATP 250 турнирінің финалына шықты

5557

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Лос-Кабос (Мексика) ATP 250 турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела – аргентиналық Гвидо Андреоццимен сынға түсті.
Бірінші партияда А.Недовесов – Г.Эскобар 2 брейк жасап, 6:2 есебімен басым түсті.

Есесіне екінші сетте мексикалық-аргентиналық дуэт 3:0 есебімен алға кетті. Дегенмен бұдан кейін Александр мен Гонсало қатарынан алты геймді өз есебіне жазды – 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Рейес-Варела – Андреоцци 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Мексикада жарыстың 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить