8 облыстағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

3079

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясынан хабарлады.

Абай облысы– жалпы ұзындығы 2174 км 7 автожол (ауа-райының төмендеуі, -40 градусқа дейін аяз күшеюде)

1. Облыс бойынша барлық бағыт бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі)

2. «Омбы-Майқапшағай» км. 915-1002, уч. Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы. (барлық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268км 7 автожол (ауа райының төмендеуі, -45 градусқа дейін аяз күшейді)

1. Облыс бойынша барлық бағыт (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер)

Жамбыл облысы-жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі)

1. «Алматы - Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады)

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі)

1. «Алматы-Өскемен» км. 557-615, уч. Үшарал қаласы – Абай қаласы аймақ (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер )

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы обл. шек. - Абай обл. шек. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

4. «Екатеринбург-Алматы» км. 1505-1854, ауыл Жаңа құрылыс – Балқаш қаласы. ( қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы– жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы - Арқалық қ. Барлық көлік түрі)

Павлодар облысы– жалпы ұзындығы 160 км 1 автожол (Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Омск-Майқапшағай- Кежекөл к. - Абай обл. шек.» (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Ұлытау облысы– жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл» - Қостанай облысы - Ұлытау ауылы. (барлық көлік түрі) Жезді-б. - Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 419 бірлік техника және 785 адам жұмылдырылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить