Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 339-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тың Санрайз қаласында (Флорида штаты) өтіп жатқан ITF турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Kazinform.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 758-ракеткасы, доминикандық Питер Бертранмен кортқа шықты.

Попконың осыған дейінгі екі ойыны үш сағаттан астам уақытқа созылса, бұл жолы онша қиынға түскен жоқ.

Дмитрий бір сағаттан астам уақытта қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 409-ракеткасы, колумбиялық Николас Мехия немесе рейтингіде 538-сатыдағы америкалық Алекс Рыбаковтың біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің финалына шыға алмады.

Жібек оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге жартылай финалда нидерландылық Арианне Хартоно – үндістандық Пратхана Тхомбареге жол берді – 2:6, 1:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әбу-Дабиде чемпиондық атақ үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте