Қазақстан мен Кипр СІМ басшылары ауқымды ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі

3199

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Кипр қатынастарының бірқатар маңызды мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты. Атап айтқанда, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Астана мен Никосия арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

К. Комбостың айтуынша, екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру үшін өз елінің үкіметі келесі жылы Астанада Кипр елшілігін ашуға ниетті.

Министрлер ынтымақтастықтың жаңа перспективалы салаларына тоқталып, көлік, логистика және туризм салаларындағы өзара әрекеттесудің іске асырылмаған әлеуетін атап өтті. Олардың қорытындысы бойынша, бірінші кезектегі қадам ретінде екі ел арасында тікелей әуе қатынасын орнату мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар 2024 жылға жоспарланған Кипр СІМ басшысының Қазақстанға сапары барысында Қазақстан-Кипр ынтымақтастығы мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Куралай Нуркадилова: письмо Токаева, политические амбиции Смотреть на Youtube