Досаев: Алматыда келесі жылы электр көліктері үшін 150 қуаттау құрылғысы орнатылады

3792

Алматыда VIII шақырылған Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, онда депутаттардың қарауына 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасы ұсынылды.

Мегаполис әкімі Ерболат Досаев жол инфрақұрылымын жақсарту және қоғамдық көлікті дамыту жоспарына тоқталды.

Ол биыл қаланың 70 көшесінде 25 км жаңа жол салынғанын атап өтті. Келесі жылы Ақжар, Алғабас, Әлмерек, Қайрат, Шаңырақ-1, Шұғыла, Рахат-Мәдениет, Теректі шағын аудандарында барлығы 70 км жол салу жоспарланып отыр. Биыл 200 км жол орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылы қаланың жаңа аудандарында 23 млрд.теңгеге 250 км жолға орташа жөндеу жүргізіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көлікті газға және электр тартқышқа ауыстыру жөніндегі экологияландыру жұмысы басталды. 2023 жылы 750 экологиялық таза автобус сатып алынды, оның 600-і қалалық бюджет есебінен. Соңғы 11 жылда алғаш рет Алматыда троллейбус паркін жаңарту басталып, 100 троллейбус сатып алынды. Бұл ретте, келесі жылдан бастап Алматыда дизельді автобустар сатып алынбайды. 2024 жылы жалпы сомасы 88,3 млрд. теңгеге тағы 600 автобус, 100 троллейбус, сонымен қатар, 100 электробус (2025 жылы тағы 100) сатып алуды жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.

Бұған қоса, электр көлігін дамыту үшін 2024 жылы тротуарлық және алаңдық автотұрақтарда 150 электр қуаттау құрылғысы орнатылады. 10 әлеуетті жеке инвестор тартылды.

Жол инфрақұрылымын дамыту аясында биыл «Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі» жаңа жолайырығы пайдалануға берілді. 2024 жылы Абай даңғылы мен Сайын көшесін ұзарту аяқталады, ҮАААЖ бағытына қарай қалған 3 радиалды жолды қала шекарасына дейін ұзарту жалғасады. Бұған жергілікті бюджеттен 6,4 млрд. теңге және республикалық бюджеттен 9,4 млрд.теңге бөлінеді. 927,3 млн. теңгеге 4 ішкі магистральдық жолды ұзарту жалғасады.

Сейфуллин-Жансүгіров көшелері мен Сайын-Ақын Сара (Мөңке би) көшелерінің қиылысында жолайырық салуды жалғастыруға 5,6 млрд. теңге қарастырылған.

Алатау, Әуезов, Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында 25 реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі салынады.

Жалпы, келесі жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 244,1 млрд. теңге бөлу жоспарланған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана Смотреть на Youtube