Боран, көктайғақ: елордалық ТЖД ескерту жасады

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с дейін жел күшейеді деп күтіліп отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болу керек екенін ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте