Конькимен жүгіруден Әлем Кубогы: Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Коллальбо (Италия) қаласында жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасында өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-ші кезеңінде екі жүлдеге ие болды.

Инесса Шумекова 1000 метр қашықтықта жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты. Ол 1:22:34 нәтижесін көрсетті.

Дәл осы бағдарламада өнер көрсеткен Арина Ильященко 1:22:61 уақыт көрсеткішімен күміс иеленді. Одан кейінгі сатыға Польша өкілі Магдалена Смедзик (1:23:20 секунд) жайғасты.

Байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысуда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте