Электр энергиясының 42,5% және көмірдің 60%-ға жуық көлемі Павлодар облысында өндіріледі – аймақ басшысы

Павлодар облысында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Орталық коммуникациялар қызметіне есеп беруге келген аймақ басшысы Асайын Байханов осылай деді. Ол келтірген мәліметке сәйкес, тартылған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,2%-ға өсіп, 730 млрд теңгеден асты.

«Жыл соңына дейін 291 млрд теңгеге тағы 20 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл көрсеткіш бойынша біз 4-орындамыз. Маңыздысы – инвестициялардың 84 пайызы жеке сектордың қаражаты. Жалпы, 10 мың жаңа жұмыс орнын құратын 2 трлн теңгеден асатын 127 инвестициялық жоба іске алынды», – деді өңір басшысы.

Павлодар облысы елдегі электр энергиясының 42,5% және көмірдің 60%-ға жуығын өндіретінін атап көрсеткен Асайын Байханов өңір атмосфераны ластау бойынша елде көшбасшы аймақтар қатарында екеніне өкініш білдірді.

«Кешенді экологиялық шешімдерді қолданып, осы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 2,6%-ға немесе 13,2 мың тоннаға азайды», – деді ол.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте