Айбек Салықбаев Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы болды

Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлік басқармасының басшысы қызметіне Айбек Салықбаев тағайындалды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңір басшысының өкімімен Алмас Салықбаев Кәсіпкерлік басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ол 1986 жылы туған. 2007 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономика университетін, 2011 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ Алматы қаласындағы филиалында бастап, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Мұғалжар аудандық филиалының менеджері болып жұмыс істеген.

2009 – 2016 жылдары Мұғалжар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы және сектор меңгерушісі, Мұғалжар ауданының статистика басқармасының жетекші маманы, Мұғалжар ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, Мұғалжар ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.

2016 – 2021 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасы басшысының орынбасары, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2021 жылдың наурыз айынан осы тағайындауға дейін Мәртөк ауданының әкімі болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте