Қызылорда облысында жалақыға қарыз болған жұмыс берушілерге айыппұл салынды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 18 кәсіпорынның жұмысшыларға жалақыға 32,2 млн теңге берешек екені анықталған. Тиісті шаралардың нәтижесінде 205 адамның берешегі өтеліп, жұмыс берушілерге заң аясында айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazinform.

Жыл басынан бері облыстық бақылау жөніндегі басқарма ықпалымен 250 тексеріс жүргізілген. Анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 212 нұсқама берілген.

«Жыл басынан бері облыстың еңбек инспекторлары 18 кәсіпорынның жұмыскерлерге берілетін жалақысы бойынша 32,2 млн теңге берешегін анықтаған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 205 жұмыскердің берешегі өтеліп, жұмыс берушілерге заң аясында айыппұл салынды. Сондай-ақ, биыл басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 968 өтініш келіп түсті. Оның 446-ы лицензиялар мен аттестаттарға берілсе, 238 өтініш тұлғалар біліктілік талабына сәйкес келмеуі және құжаттарын толық ұсынбауы себепті бас тартылды», - деді облыстық бақылау жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков.

Еске салсақ, биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте