Конституциялық соттың төрағасы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Конституциялық Сотында Төраға Эльвира Азимова мен АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюмен кездесуі өтті. Кездесу барысында конституциялық сот төрелігі мен адам құқықтарын қорғаудың негізгі мәселелері талқыланды.

Конституциялық Соттың басшысы конститутциялық бақылау органы тежемелік және тепе-теңдік жүйесіндегі маңызды институт екеніне тоқталып, қонаққа 2022 жылғы конституциялық реформа және қайта құрылған Конституциялық Соттың қызметі туралы ақпарат берді. Ол конституциялық реформа аясында қабылданған негізгі заңнамалық өзгерістерге тоқталып,
мемлекеттік құқықтық саясатты іске асыру мақсатында кәсіби заңгерлік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Даниэль Розенблюм берілген толыққанды ақпарат үшін алғысын білдіріп, конституциялық құқықты дамыту және құқық үстемдігін қамтамасыз ету арқылы адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте