Қазақстан БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 25 жылдығына арналған көрмеге қатысты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың қатысуымен «Орнықты даму мақсатында өңірлік ынтымақтастық» тақырыбында SPECA-ға қатысушы елдердің қатысуымен БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (SPECA) 25 жылдығына арналған көрме өтті.

Аталған көрмеге еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 62 кәсіпорны қатысып, 200-ге жуық өнім түрін ұсынды.

Өнімдер металлургия өнеркәсібінен, оның ішінде қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, электротехникалық машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен ұсынылған.

Сонымен қатар, қазақстандық стендке Орталық Азия мемлекеттерінің басшылар, оның ішінде Әзірбайжан Президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте