Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде

ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барды. Ол қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады.

«Халықаралық әуежай» АҚ Басқарма төрағасы құрылған арнайы фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын атап өтті.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-министр бірқатар тапсырма жүктеп, министрліктің әуежай қызметтерін одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендігін атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте