Семейде қазандықтарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
01 октября 2023
2436
Абай облысының әкімі жауапты басқарма және бөлім басшыларымен бірге Семей қаласының жылу желілерін тексерді.
Атап айтқанда, тұрғын үйге келетін учаскелерді, магистральдық жылу желісінде, сондай-ақ «Ғаббасов» қазандығында болды.
Нұрлан Ұранхаев барлық қажетті жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, Педагогикалық колледжінің концерт залының құрылысы барысына тексеру жүргізілді. Еске салсақ, биыл оқу орны жанынан екі қабатты ғимарат салынып жатыр.
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter